Шағын
орталық тобының ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу
күні:
08.10.2018 ж
Тәрбиеші:
Сеилова
А.А
Білім
беру саласы: Таным
Пән:
Жаратылыстану
Өтпелі
тақырып: Менің көшем
Топ:
II –кіші топ
Тақырып:«Көшеде
өзін ұстау тәртібі»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:
Балаларды
жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның
атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын
арқылы балаларға жолда жүру ережелерін
үйрету. Көше,жол, жаяу адам жүретін жол
мен көліктер туралы түсініктерін
жетілдіру.
Дамытушылық:
Көшеде
өзін дұрыс ұстау ережелері туралы
білімдерін қалыптастыру.Қоршаған орта
туралы білімдерін кеңейту.
Оқыту:
Көшеде
өзін дұрыс ұстау ережелері туралы
білімдерін қалыптастыру.Қоршаған орта
туралы білімдерін кеңейту. Жолда жүру
ережесі туралы түсінік беру.
Педогогикалық
технологиялар: Әңгімелеу,
түсіндіру, ойын сұрақ - жауап.
Ресурстармен
қамтамасыз ету:
бағдаршам,
жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы
суреттер,
Билингвалдық
компонент:
Бағдаршам
– светофор, жол – дорого.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Шаттық
шеңбер
Орнымыздан
тұрайық
Алақанды
ұрайық
Бір
отырып, бір тұрып
Орнымызды
табайық
Негізгі
бөлім:
Балалар
кәне мен сендерге жұмбақ жасырайыншы?
Жасыл
көзі «жүр» дейді.
Қызыл
көзі «тұр» дейді
Сары
көзі «дайын бол» дейді.
Бұл
не?
Бүгін
«Бағдаршам – біздің досымыз» атты
тақырыпты өтеміз, яғни жолда жаяу жүру
ережесімен танысамыз. (балалардың
назарын слайдқа аудару)
-
Суретте не көріп тұрсыңдар?
-
Үш түсті кім атап береді?
-
Осы үш түсті біріктірсе, не пайда болады?
-
Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен.
Қазір
мен бағдаршамның не үшін керек екенін
айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап
алыңдар. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан
өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді
жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде
өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп
өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі
- үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар
өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның
қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды,
ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен
өтеді. - Ал, ортадағы сары көзі жанса,
көліктер дайындалады. - Ал жасыл көзі
жанса, жол ашылады, көліктер жүреді.
Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге
және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам
өміріне орасан зор. Олай болса, көшеден
өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек.
Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде,
жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап
ойнауға, болмайды балалар.
-Балалар
жарайсыңдар! Мұқият тыңдадыңдар. Енді
орталықтарға бөлінейік ия. Менің қолымнан
қалаған түстеріңді алып таңдаған
орталықтарыңа барып отыра қойыңдар.
- Өнер орталығында
бағдаршам суретін бояймыз
-Құрылыс орталығында
шашыраған түстерден бағдаршамды
құрастырамыз
-Әдебиеторталығында«Тәртіп
керек баршаға.» өлеңін жатқа
айтамыз. «Бұзба көше тәртібін, Ұрынасың
апатқа. Қызықты өтсін әр күнің, Жақын
болма шатаққа»
-
Ал балалар жүріңдер орталықтарға
отырамыз.- Шылдырмақпен балаларды ортаға
шақырып. Аяқталмаған жұмыстарымызды
күннің екінші жартысында аяқтаймыз
балалар.- Балалар, Барлығымыз орнымыздан
тұрып.сергіту сәтін орындайық.- Қане
біздің қолымызЖоқ біздің қолымызМіне
біздің қолымызМіне біздің алақанШаршағанды
білмейді.-Жарайсыңдар, балалар. Орнымызға
отырайық- Балалар, барлықтарың маған
қараңдар. Мен мултисериал көрсетейін
.-Балалар,
дидактикалық ойын ойнайық ия. Кім жылдам
ойыны.Менің жаныма екі бала шықсыншы.-Ойын
шарты. Түрлі – түсті қиынды қағаздардан
бағдаршамды тақтаға жабыстыру
-Жарайсыңдар
балалар. Кім дұрыс жабыстырды екен
тексеріп көрейік. Жеңген балаға сыйлығымды
берейн.
Қорытынды:
Балалар
бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде
не туралы өттік? - Бағдаршамның неше
көзі бар? - Қандай? - Жаяу жүрген
кездегі белгілер қандай белгілер? -
Балалар, ұйымдастырылған оқу қызметіне
өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру
ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар.
Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе
сенімдімін. Сабағымыз
аяқталды.Мақтау. Мадақтау.