«Көшеде қаңғыбас итті кездестіру» қауіпсіздік сабағының қмжсы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көшеде қаңғыбас итті кездестіру» қауіпсіздік сабағының қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көшеде қаңғыбас итті кездестіру»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

«Алғыс – ізгі ниет»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

24-САБАҚ

4- сыныптар: «Көшеде қаңғыбас итті кездестіру»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Алғыс айту күні туралы түсінік беру.

Алғыс айтудың маңыздылығын көрсету, алғыс айту мәдениетін дамыту.

Құрмет пен ризашылық білдіру дағдыларын қалыптастыру.

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: көше ит кездескен жағдайда қалай әрекет жасау керектігін үйрету.

Сабақ барысы

Дәйексөз

Патриотизм – ата-анаңды құрметтей білуің...(Б.Момышұлы)

Құндылық

Тәуелсіздік және отаншылдық айы

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

- Психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру.

- Мұғаліммен амандасады.

- Сабаққа дайындалады.

- Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Компьютер





Сабақ басы (10 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

4 САБАҚ. «КӨШЕДЕ ҚАҢҒЫБАС ИТТІ КЕЗДЕСТІРУ»

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин). Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.

-Жұмбақты шешіп сабақта не туралы айтылатынын анықтайды. Білімді жаңғырту. Өткенді қайталау https://www.youtube.com/watch?v=GggchmwkYFs

Ит – адамның жақын досы. Олар иесіне өте адал қызмет етеді.

Балаларды жақсы көреді. Шаруашылыққа көмектеседі – малды, үйді күзетеді. Өздеріңіз видеодан көргендей, олардың жақсы қасиеттері көп. Алайда, өкінішке қарай, адам өміріне қауіп төндіретін кездері де болады.

Балалар, суретке қараңыздаршы, бұл иттердің біз әңгімелеген иттерден қандай айырмашылығы бар?


Балалардың жауабы. (Көше иттері)

Сабақтың негізгі бөлімі

- Иттер асыранды және тастанды болады. Адамдар итті асырап алады, күтіп баптайды, тамақтандырады, ойнатады. Күндердің бір күнінде одан жалығып, оны бостандыққа, орманға апарып тастайды. Ал ит болса, өздігінен қорек таба алмай, ашығып, ызаланады. Содан өзі сияқты иттерге қосылып, үйірленіп жүреді. Олар аш, әрі ызалы болады. Көше иттері аса қауіпті.

- Есте сақта! Тіпті ең момын жақсы иттің өзі қауіпті.

Ал енді ойлаңыздаршы, көшедегі итті үйдің асыранды итінен қалай ажыратуға болады? (Балалардың жауабы)

Асыранды иттің күтімі бар, тамағы тоқ болады.

Соңғы кезде көше иттер көбейіп кетті. Оған кім кінәлі деп ойлайсыздар?

(Балалардың жауаптары)

Топтық жұмыс. «Пікірлер себеті»

- «Ит шабуыл жасағанда не істеу керек? Ит тістеп алса не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап бер. «ЕСТЕ САҚТА!»

Ит (тістеп) алса не істеу керек?

1. Қауып алған (тістеген) жерді сабындап жуу.

2. Қанап жатса, бинт не таза сүлгімен матап тастау.

3. Ең дұрысы жедел жәрдем шақырту, емханаға бару.

4. Құтыруға қарсы иттің екпе алған-алмағаны туралы білу үшін иттің иесін тауып алу. Егер иесі табылмаған жағдайда құтыруға қарсы екпе курсын алу.






ЕСТЕ САҚТА!


Ызалы иттен қашуға болмайды. Қатты айқайлауға болмайды.

Ызаланған итке арқаңды беруге болмайды. Шұғыл, тез қимылдауға болмайды.

Көшедегі итті тамақтандыруға болмайды.Көшедегі итті үйге әкелуге болмайды.

Көшедегі итке асырап алатын адамды іздеуге болмайды, себебі ол бостандыққа үйреніп кеткен.

Көше итті қолмен ұстауға болмайды.
















Пайдалы сілтеме:


https://www.youtube.com/watch?v=GggchmwkYFs



Ортасы (30 мин)



Алғыс айту дегеніміз не?"

"Кімге алғыс айтуға болады?"

"Сіз соңғы рет кімге алғыс айттыңыз?"


1 наурыз – Алғыс айту күні 2016 жылдан бері Қазақстанда ресми түрде атап өтіледі. Бұл күн – елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың, бір-біріне құрмет пен ризашылық білдірудің символы. Алғыс айту күні адамдар жақындарына, достарына, ұстаздарына, ата-аналарына және туған жеріне шынайы алғыс айтып, ризашылығын білдіреді.


Бұл мереке қазақ халқының қонақжайлығы мен мейірімділігін көрсететін ерекше күн. Ол адамдар арасындағы достықты нығайтып, алғыс айтудың маңызын түсіндіреді.

Алғыс – біреудің жасаған жақсылығына ризашылық білдіру.

Алғыс айтқанда адамдар қуанады, шабыттанады, мейірімді болады. Алғыс ата-анаға, мұғалімдерге, достарға, Отанға, табиғатқа, күнге, суға айтылуы мүмкін.


  • 1 наурыз – Алғыс айту күні – ел бірлігін, достықты нығайтатын мереке.

  • Ізгілік – адамдарға ризашылық білдіру.

  • Құрмет – жақсылық жасаған адамдарға алғыс айту.

  • Патриотизм – туған жерге, Отанға, ата-бабаларға құрмет көрсету.



1-тапсырма

Алғыс білдіретін 3 сөз ойлап жазу (мысалы: "Рақмет!", "Мың алғыс!", "Шексіз ризамын!").

"Менің алғысым" тақырыбында 3-4 сөйлем жазу.


2-тапсырма


"Кімге алғыс айтамын?" шағын әңгіме жазу (5-6 сөйлем).

3-тапсырма

Оқушылар алғыс туралы мақал-мәтелдер тауып, олардың мағынасын түсіндіреді.






Оқушылар тыңдайды




























Шығармашылық тапсырманы орындау











Соңы


(2 мин)




"Менің алғысым" (әр оқушы бір ауыз сөзбен кімге, не үшін алғыс айтатынын айтады).





презентация















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2025
349
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі