400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көшедегі көліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
*ааааааааааапееееекееккккпрро
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы:Көшедегі көліктер.

Мақсаты:Көшедегі көліктер туралы түсінік беру.

Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгімелеу,олардың түрлерін ажыратуға үйрету.

Балалардың қызығушылықтарын арттырып,сөздік қорларын молайту. Жүргізушінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру сұрақ –жауап,ойын.

Көрнекіліктер:түрлі көліктер бейнеленген суреттер.

Балалар шаттық шеңберін қимылмен орындайды.

Ұйымдастыру іздестіру

Қандай көлік түрлерін білесіңдер? Көліктердің адамдарға тигізер пайдасы қандай? Жұмбақтар шешу: Жүйткіген дәу үйіңді. Жүйрік деп ел сүйінді.


Тас жолда жұртты тасып жүр. Жылдамдыққа басып жүр.

Балалар біз бүгін көлік түрлерімен танысамыз ,соның ішінде көшедегі қөлік түрлерімен танысатын боламыз. Балалар мына суреттерге

назар аударайық. Мынау көлік түрлері:автобус,пойыз,ұшақ,

тікұшақ,кеме т.б Көліктер үшке бөлінеді:әуеде ұшатын әуе көліктері. Жерде жүретін көліктер:автобус,жеңіл машиналар т.б,және суда жүретін көліктер кеме,қайық,желкенді қайық т.б. Көліктердің өзі екіге бөлінеді:жеңіл көліктер және ауыр көліктер . Жеңіл көліктердің түрі өте көп олар адамдарды тасыйды. Ал ауыр жүк көліктері тастарды,топырақтарды ауыр жүктерді тасиды. Адамдарға көп қызмет ететін көліктер де бар олар:Жедел жәрдем көлігі,өрт сөндіруші көліктер. Балалар осы көліктерді кімдер жүргізеді? Жүргізушілер түнімен,күнімен қызмет атқарады бұзылған көліктерді жөндеп жүргізеді екен сондықтан ол кісілердің еңбегін бағалауымыз керек. Балалар кім көліктер туралы,көлік жүргізушілері туралы өлең жолдарын біледі: Мейіржан: Үлкен болған кезімде, Көлік алам менде. Бірақ ол үшін әрине, Оқу керек күнде. Айша: Көліктерге мінеміз. Күнде тынбай жүреміз, Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Нұрасыл: Зымырар қара жолда да, Жайлауда қырда жонда да, Бұрылар олар оңға да, Бұрылар олар солға да, Автобус халық көлігі, Көліктің жүрдек бөлігі. Жанар:Бұл пойыздың інісі. Жанға жайлы жүрісі. Реліссіз жүре алмай Ренжиді трамвай. Нұрсат: Бағанаға ілінген . Аспалы сым жолы бар, Көшелерде жүгірген . Траливус жолығар, Сым жолымен зулайды. Басқа жаққа бұрмайды Элназ: Бірде қырға шабады, Бірде тауға барады. Ағам дамыл таппайды. Қашан демін алады ? Асланбек: Біз жолаушы баламыз, Сапар шексек, сіз бен біз. Сан көлікке мінеміз. Траливус,трамвай Автобуспен жүреміз. Шұғыла: Жол көліктің жүйрігі. Машина көп жүреді. Қауіп жоқ деп ойлама Жол шетінде ойна ма. Мейіржан. М . Елге қызмет істеген. Жүргізуші әкемнен. Үлкен болған кезімде, Көлік айдап үйренем. Д/о не артық? Балалар осы көліктер қайда жүреді? Енді осы жол туралы мақал білеміз бе? Жолда жүру ережесіне тоқталу,балалардан сұрау. Сергіту сәті: Тепе теңдік жолменен. Арасында мен келем. Бір,екі,үш,төрт. Келе жатқан жете алмай , Мынау біздің мекен жай. Көлік ішіндегі тәртіп ережелерін білесіндер ме? Олай болса балалар тағы ойын ойнап көрейік. Д\о «болады болмайды» Көшеде доп ойнау. Көшеде арнайы ақ жолақтан

Автобус,мшина,тролейбус т.б.


Балалар көліктер туралы әңгімелейді.


(пойыз)(автобус)

Балалар зейін қойып тыңдайды.


Тақтаға

назар аударады.


Мұқиат тыңдайды.

Жүргізушілер жүргізеді.

Балалар өлең жолдарын айтады.

Балалар ойында не артық екенін табады. Жолда жүреді

Балалар жол туралы

Мақал айтады.

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Балалар жауаптарын айтады.

Рефлексивті коррекциялаушы

өту. Көліктердің алдымен жүру. Жол ережесін сақтаймын. Автовуста үлкендерге жол бермеймін. Бағдаршамның жасыл көзі жанса жүремін. Балалар біз бүгін қандай көлік түрлерімен таныстық ? Көліктердің қызметі қажет пе? Автобустан түскенде нестеу керек? Ақ жолақты жол кім үшін? Неге «жедел жәрдеммен,өрт сөндіргіш» машиналарына жол беру керек? Балалар жарайсындар бәріңде жақсы қатыстыңдар көп-көп рахмет. Балаларды мақтап,мадақтау.

Қимылмен көрсетеді.

Дұрыс жауап болса қол шапалақтайды. Қате болса қол шапалақтамай тыныш отырады.

Көшедегі көлік түрлерімен таныстық. қажет

Артымен жүру керек. Жаяу жүргіншілер үшін.

Балалар жауап береді.

Балалар қуанып қалады.

Күтілетін нәтиже: Біледі:көшеде жүретін көліктердің түрлерін біледі. Игереді:Көліктердің атқаратын қызметтері әр түрлі болатынын игереді. Меңгереді:Көліктер туралы толық мағұлыматты меңгереді.


«Кім қандай көлікті қалайды?» деген ойынды балаларға ойнату. Көлік түрлері әңгімесін жалғастырып, оның пайдалы жағы: адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады.

Зиянды жағы: көліктерден бөлініп шығатын зиянды газдар мен түтіндер қоршаған ортаның ауасын ластайды, адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Осыған орай өсімдіктердің (ағаштар, гүлдер т.б.) ауаны тазартаныны, яғни улы газдарды бойына тартып алатыны туралы естеріне салу. Сондықтан


Ежелгі көлік түрлері туралы мазмұнды суреттерді қолдана отырып, көліктің шығу тарихы туралы қысқаша әңгімелеп беру. Ертеде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланды (ат, өгіз, түйе). Оларға арба жегіп жүк тасыды, адамдарды тасымалдады. Бертін келе адамдар көліктің жаңа түрлері – машиналарды ойлап тапты. Қазіргі уақытта көшелерде, алыс жолдарда көптеген машиналардың түрлері жүреді. Ал көліктермен жүрушілер «жолаушылар» деп аталады. Жолаушылар жол жүрген кезде көліктерде мәдени мінез-құлық ережелерін сақтауға, жол ақысын төлеуге міндетті (үлкенге орын беру, қатты сөйлемеу, жалпыға бірдей тазалық ережесін сақтау, жол ақысын төлеу).

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Балалар көліктердің жүретін ортасы мен (ауада, суда, жерде) атқаратын қызметіне қарай (жүк машинасы, жеңіл машиналар, жолаушылар тасымалдайтын машиналар) топтастырады.

Балалар көліктердің пайдалы және зиян жақтарынынң барын түсінеді. Зияндығын азайту үшін не істеуге болатынын әңгімелейді. Жыл сайын көктемде ауылдар мен қалаларда көгалдандыру жұмысы жүргізіліп, ағаштар мен бұталар, гүлдер т.б. отырғызады. Ал, балалар болса үлкендермен бірге отырғызылған ағаштарға, бұталарға, гүлдерге қамқорлық жасаулары керек.

Ежелгі көліктің түрлерімен танысады.

Жолаушылардың жолда жүру ережесін сақтаулары керектігін ұғады.

Дидактикалық ойын: «Егер де...»

Балалар сабақ соңында мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс.

а) көгалдандыру жұмыстарына қатысып отыру

ә) жасыл әлемге қамқорлықпен қарау

а) ауылдағы көлік түрлерін қаладағымен салыстырып әңгімеле

ә) сен балабақшаға қандай көлік түрімен келетініңді суреттеп көрсет, атын ата.

б) берілген суретте не артық, себебі неде, қалған суреттегі заттарды бір сөзбен қалай атауға болады?Балалардың алған білімдерін бекіту мақсатында «Жолаушылар» деген мазмұнды-ролді ойын ойнатуға болады. Балалар қоғамдық көліктерде жалпыға ортақ мінез-құлық ережелерін сақтап жүруі тиіс.


Өлеңді мұқият тыңдайды.


Тапсырмалар орындайды:

а) шетін сызықпен көрсетіп бояйды

ә) суретте берілген көлік түрлерін үш топқа бөліп, сызық арқылы араларын қосып көрсетеді, аттарын атайды.

- ауылдағы көлік түрлерін қаланікімен салыстырады.

«Жолаушылар» мазмұнды рөлдік ойынын ойнайды. Біреулері жолаушылар, біреуі жүргізуші, біреуі билет беруші болып бөлініп ойнайды.


Болжамды нәтиже: Көлік түрлері жайлы білу. Адам тұрмысындағы көліктердің пайда болуы жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Білуі керек: Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелері туралы білу

Істей біледі: Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен тану




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1204
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі