Сабақтың
тақырыбы: Көшедегі күтпеген жағдайлар
Сабақтың
мақсаты: 1. Оқушыларға көше жайлы,
көшеде қалай жүру керектігі туралы түсінік беру.
2.Өмірге деген
көз –қарасын дамыту.
3.Көшеде дұрыс
жүруге ,мұқият болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Жол белгілер суреттері .
Әдіс-тәсілдері :
түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың
барысы
Ұйымдастыру.
а
) Психологиялық
дайындық.
Балалар шеңбер
құрып отырады.
Күн шуағы
сендердің көздеріңнен беттеріңе қарай жылжиды . Алақандарыңмен
сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа , мұрныңа бетіңнің ұшына
, иегіңе түсті. Алақандарыңмен күн шуағының жолдарын
сипап көріңдер. Одан кейін мойныңнан, ішіңнен, қолыңнан, аяғыңнан,
арқаңды сипап өтіп, желке тұсыңа барды.
Күн шуағы сені
жылытып, аймалайды .Сен оған күліп,қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе
түй.
Жаңа
сабақ.
Оқушыларға
сабақтың тақырыбын айту.
Көше
күтпеген жағдайларға толы.
Оқушыларға
тақтадағы ілулі тұрған суреттер туралы сұрау.
Мынау өздерің
тұратын қала, кент немесе ауыл. Олардың барлығында 3 да үлкенді
–кішілі көшелер бар.
Көше деген не?
Қала ,кент немесе ауыл ішіндегі автокөліктердің ,басқа да көлік
түрлерінң , адамдардың жүруіне арналған жолдарды көше деп
атайды.
Көшеде жүру
үшін , көше тәртібін сақтау керектігін оқушыларға айтып
түсіндіру.
Көшеде жүру
тәртібін сақтамау не себепті қауіпті?
Кейде ерсілі
–қарсылы жүріп жатқан авто көліктердің, мотоциклдердің қақтығысуы
не себепті болады?
Егер автокөлік
жүргізушілері жолда жүру ережелерін бұзбаса , оның талаптарын
орындаса , мұндай жағдайлар болар ма еді?
Көшеде
көліктер жүретін жер жол үсті деп аталады. Көшедегі жолдың екі жақ
қапталына жаяу жүргіншілер үшін жаға жолдар салынады. Көп жағдайда
жаяу жүргіншілердің өтетін жерлеріне жүргіншілердің
қауіпсіздігі үшін арнайы қоршаулар
орнатылады.
Жаяу
жүогіншілер көшенің екі қапталындағы жаға жолмен жүруі
тиіс.
Жаға жолмен
қалай жүреді ?Жолға шыққан соң міндетті түрде оның оң қапталымен ,
қарсы келе жатқан жаяу жүргіншілер –сол жақ қапталымен бір-біріне
кедергі келтірмей жүруі тиіс. Ал жолдың қарсы бетіне тек қана
арнайы « Жаяулар өтетін жер» арқылы өтуге
болады.
Ал
балалар мектепке барарда өздерің ең қауіпсіз жолдарды
таңдауларың керек. Ол үшін көшелерді жақсы білулерің керек,
сонда өздеріңе ыңғайлы бағытты таңдау жеңіл
болады.
Қашанда
көшеден өткенде жан-жағыңа қарап ,өтуің керек.
Сұраққа жауап
алу.
Өздерің
тұратын қаланың, кенттің немесе ауылдың көшелерін
білесіңдер?
Көшелер не
үшін қажет?
Жаға жолда
қалай жүру керек?
Өздерің
мектепке барғанда қандай жолмен жүресіңдер?
«Жаяулар
өтетін жер» бар ма?
Сарамандық
жұмыс
Оқушыларға
нұсқа белгілерін көрсете отырып, жұмыс жасау.
Жолдан қалай
өтетінін көрсету.
Ойын «
Кім жылдам?»
Сабақты
қорыту.
Тақырыбы: Жолда
ойнамау
1) оқушылардың
жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың
топтарын ажырата білуге үйрету;
2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне
байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін
қажеттілігін түсіндіру;
3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер.
Барысы.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада
да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше
кеңейген сайын ерсілі - қарсылы жаяу жүргіншілер мен
жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай
жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып
келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе
мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң
сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата - ана ескертсе,
көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал
сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға
тиіссіңдер.
«Жас инспекторлар ( полицей киімін киген оқушылар шығады) 4 сынып
оқушылары
Армысыздар, асыл достарым
Бүгінгі күн, есте сақталсын
Мектебімізге келіп отырмыз,
Жас инспекторлардан жалынды сәлем!- 3 рет
1 - оқушы: Алға ұмтылма ентелеп,
Машинадан қаш, мына!
Түсіп кетпе асығып,
Дөңгелектің астына!
2 - оқушы: Айнала қауіп бар ойла,
Жан - жағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!
3 - оқушы: Асықпаңдар, балалар,
Үлкен жолға келгенде.
Жан - жағына қарап ал!
Деме: Бізді кім елер,
Машина жоқ па? Жүре бер!
4 - оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жолбелгіге қараңдар!
5 - оқушы: Жарысып - ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
6 - оқушы: Жол көліктің жүрегі,
Машина көп жүреді.
«Қауіп жоқ» − деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!
7 - оқушы: Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!
8 - оқушы: Айнала қауіп бар ойла,
Жан - жағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!
9 - оқушы: Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Бірге: Жол жүру ережесі заңды тәртіп - Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!
Хор:
Ән: (“Атамекен” әуенімен)
Көшеде біз сақ болайық, жас достар
Қаймықпасын ата - анамыз біз үшін
Жол ережесін сақтап жүріп әрдайым
Жас ұландар атына сай болайық