400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көшпелі өркениет»ұғымын, сонымен қатар алғашқы көшпелілерден бастап, орта ғасырда жалғасып, одан әрі дамып отырған көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы өзара байланысын, ықпалын, әсерін ашып көрсету. Картамен және қосымша деректермен жұмыс жасату арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыту, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білуге, салыстыра білуге, өзіндік ой қорытуға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақстан тарихы

Өткізілетін мерзімі:


Сабақтың тақырыбы: §15 Көшпелі және отырықшы

өркениеттер арасындағы байланыс

Сабақтың мақсаты: а/ «Көшпелі өркениет»ұғымын, сонымен

қатар алғашқы көшпелілерден бастап, орта ғасырда жалғасып, одан әрі дамып отырған көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы өзара байланысын, ықпалын, әсерін ашып көрсету.

ә/ картамен және қосымша деректермен жұмыс жасату арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыту, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білуге, салыстыра білуге, өзіндік ой қорытуға дағдыландыру.

б/ өз елінің, жерінің тарихын білумен қатар, оны құрметтеуге, ұлтжандылық пен адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, іздену, ой қозғау

Сабақтың пәнаралық байланысы: География, әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы, тірек сызба плакаттар.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі. __________минут


Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.

Ізгі арманның үмітін,

Бабалардың жалғаймыз!

Білім көкжиегінде.

Жалындаймыз, самғаймыз! – дегендей қазір бізде қай сабақ?

  • Қазақстан тарихы сабағы.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. __________минут


Оқушыларды 3 топқа бөліп (І, ІІ, ІІІ) «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша сұрақтарға жауап беру.

1.Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар? Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?

2.Көшпелілердің әскери қару жарақтарының түрлерін атап айтыңыздар? «Ер қаруаны» яғни 5 қаруға қандай қару жарақтары жатады?

3.Материалдық мәдениет дегеніміз не?

4.Рухани мәдениет дегеніміз қандай мәдениет?

5.Көшпелі тайпалардың қандай наным – сенімдерін білесіңдер?

6.Көшпелілер малдың қай түрін көбірек өсірген, не себептен?

7.Шаруашылықтың қосалқы түрі дегеніміз не?


ІІІ. Венн диаграммасы бойынша үй тапсырмасын қорытындылау. ______________минут


Материалдық мәдениет ерекшелігі

ОРТАҚ БЕЛГІСІ

Рухани мәдениет ерекшелігі

- үй жиһаздары

- тұрмыстық ыдыстар

- ұлттық киімдер

- құрал – саймандар

- қару – жарақтар

- тағам түрлері

- мәдени игіліктердің жасаушысы

- мәдени жетістіктерге жетелеуші

- біріне – бірі тәуелді

- бірін – бірі жетелей дамытушы

- халықтың рухани қазынасы

- әдет – ғұрып

- салт – дәстүр

- ауыз әдебиеті

- қиял – ғажайып әңгімелер, ертегілер

- діни наным – сенімдер

- музыка өнері

- би өнері


ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру : __________минут


1. Ертедегі көшпелілер мен отырықшылар байланыстары.

2. Темір дәуірінің соңғы кезіндегі (б.з.д. ІІІ – б.з. Ү ғғ) көшпелі және отырықшы өркениетті елдер арасындағы байланыстар.

3. Ерте орта (б.з. ҮІ – ІХ ғғ) және орта ғасырлардағы ( Х –ХІҮ ғғ) байланыстар.

4. Қалалардың өсуі, жартылай көшпелілермен қарым – қатынастың дамуы.


Ертедегі көшпелілер мен отырықшылар байланыстары. (Б.з.д. ҮІІ – ІҮ ғғ) Өркениет – немесе дамыған мемлекет деген ұғым. Алайда алғашқы көшпелілер өркениетін дәл бүгінгі өркениеттің тұрғысынан түсінбеу керек. Көшпелілер өркениетін темір дәуірінің алғашқы кезіндегі ру – тайпалардың тіршілік көздерінің дамуы көріністері ретінде түсінген жөн. Көшпелілер сан мыңдаған басы артық төрт түлік мал өсірген. Олар материалдық және рухани игіліктерін өздері ғана пайдаланып қоймай, басқа да өркениетті елдермен байланыс жасаған. Қару – жарақ, құрал – саймандары, әсіресе металл өңдеудің өркендеуі, әйгілі аң стилінде жасалған бұйымдары өнердің дамуында ерекше орын алған. Олар бүгінгі таңдағы мәдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан.

Бұрын отырықшы жер өңдеу кәсібімен айналысқандар ғана өркениетті ел болып саналған. Ал мал өсіріп, жартылай көшпелі өмірмен айналысқандардың мәдениетіне көңіл аударылмай келді. Алайда археологиялық зерттеулер көшпелілер өркениеті бар екендігін дәлелдеді. Шындығында, бұл екі өркениет бір – бірінсіз өмір сүрмеген. Олардың арасындағы байланыс ежелгі дәуірлерден – ақ белгілі.

Б.з.д. ҮІІ – Ү ғасырлардағы жазба және археологиялық деректерге қарағанда, Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген тайпалар Қытай, Ассирия, Мидия, Парсы сияқты елдермен өркениетті қарым – қатынас жасаған. Әрине бұл байланыстар бірде тату, бірде соғыс жағдайында болған. Сақтар мен сармат тайпалары алғашқы мемлекеттік дәржеде өмір сүріп, атақты парсы, грек жаулаушылары Кир мен А.Македонский сияқты жеңімпаз әскерге соққы берген тайпалар.

Жібектен және жүннен жасалған бұйымдар Оңтүстік және Батыс Еуропа жерлерінен б.з.д. ҮІ – Ү ғасырларға жататын қабірлерден де табылған. Бұдан сақтар мен скифтердің Батыс пен Шығыс аралығында байланыстыру ерекше рөл атқарғандығы көрінеді.













Екі өркениет арасындағы байланыстың дамуы



DrawObject1

DrawObject4 DrawObject2 DrawObject3


Көшпелілер

Отырықшылар


DrawObject6 DrawObject5

DrawObject8 DrawObject7



Отырықшылар өмірі

Мал өсіру


DrawObject10 DrawObject9


Ең жақсы, ең пайдалы деген өнерлерін бір – бірінен үйреніп, өз тіршіліктеріне пайдаланып отырған.





Темір дәуірінің соңғы кезіндегі (б.з.д. ІІІ – б.з. Ү ғғ) көшпелі және отырықшы өркениетті елдер арасындағы байланыстар. Дәуірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Егер темір дәуірінің алғашқы кезеңінде көшпелілердің мемлекеттік ұжымы енді ғана құрыла бастаса, оның соңғы кезеңінде мемлекеттік ұжым бір жола құрылып болғандығын көруге болады. Оның басты дәлелі – көрші Қытай сияқты елдердің үйсін, қаңлы, ғұн елдерін мемлекет деп тануы.

Ал б.з.д. 437 жылы үйсіндер Қытай сарайына елшіліктер жіберген. Қытай деректерінде үйсіндердің елбасын гуньмо, қазақша күнби деп атаған. Ал үйсіндер мен қытайлар арасында жібек саудасының болғандығы тек жазба деректерден ғана емес, археологиялық деректерден де белгілі.

Б.з.д. 206 жылы Ғұн мемлекет басқарған Мөде Қытайдың шекаралық аудандарына шабуыл жасап, оларды өздерінің Ордостағы жеріне көшіп – қонып жүргісі келетіндігі туралы ойларынан мүлде бас тартуға мәжбүр еткен. Қаңлылардың қабірлері мен тұрақжайларына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде оларда б.з.д. 1 – мыңжылдықтың соңында басқа елдерден келген бұйымдардың көптен кездесетіні байқалған.

Ғалымдар: «Бұл көріністің басты себебі халықаралық сауданың дамуынан», - деп көрсетеді. Өйткені Қаңлы мемлекеті Ұлы Жібек жолының орталық бөлігінде жатты. Өз жерінен өтетін жолға өздері иелік етті. Бұл жағдай қаңлылардың өркениетті елдермен тікелей байланыста болуына себебін тигізді.

Ерте орта (б.з. ҮІ – ІХ ғғ) және орта ғасырлардағы ( Х –ХІҮ ғғ) байланыстар. Аталған мерзімде жеріміздің оңтүстік – шығыс аудандарында отырықшылық қалалық өмір өркендей бастаған. Ал бұл аймақтағы көшпелілер мен отырықшылар арасында үздіксіз байланыстың кең түрде қанат жаюы көшпелілерді қалалық өмірге біртіндеп бейімдеуге әсер етті. Мұндай байланыс б.з. ҮІ ғасырда түркілер кезінде одан ары дами түсті. Бұл кезеңде түркілер арасында отырықшылыққа көшу басталса, соғдылар арасында, керсінше мал өсірушілер пайда болған. Орта ғасырлар кезінде (Х – ХІІ ғғ) екі өркениеттің арасындағы байланыс бұрынғыдан да тереңдей түсті. Өйткені олар өзара өндірген өнімдеріне зәру болған.

Көшпелілер мен отырықшы халықтар арасындағы байланыс Қарахандар мемлекетінің құрылуына байланысты одан ары дами түскен. Мұның бірнеше өзіндік себебі болды. Біріншіден, мемлекеттің билеушілері және оны құрушы әулеттің түркі тайпаларының өкілдерінен болуы. Екіншіден, бұл кезде бүкіл Орталық Азия мен Қазақстан аймағы толық түркіленіп біткен. Сол себептен де Қарахан мемлекеті халқының басым көпшілігі түркілер болды. Олардың жартысына жуығы отырықшыланып болған. Сондықтан да бұл әулеттің кезінде қалалық отырықшылық мәдениет өркендеген. Екі өркениеттің мәдени байланысы болған.

Тарихи тұрғындар ең жақсы және ең пайдалы деген өнерлерін бір – бірінен үйреніп, өз тіршіліктеріне пайдаланып отырған. Онда көшпелілердің тамаша қару – жарағы, ер – тұрмандары, аң стилінде жасалған сән – салтанат бұйымдары отырықшылардың тұрақжай, сән – салтанаты сарайлар салудағы құрылыс жүйелерін қабылдауға тырысқан. Сонымен екі өркениеттің арасындағы байланыс экономикалық және мәдени жағынан ұзақ жылдар бойы ешбір үзіліссіз ежелгі дәуірлерден кейінгі орта ғасырларға дейін дамып келген.


Байланыстар



DrawObject11

DrawObject13 DrawObject14 DrawObject12

экономикалық

мәдени


DrawObject18 DrawObject17 DrawObject16 DrawObject15

DrawObject19



сауда

қолөнер

сәулет өнері





Қалалардың өсуі, жартылай көшпелілермен қарым – қатынастың дамуы. Отырықшылар мен көшпелілердің арасындағы байланыстың күшеюі қалалық мәдениеттің дамуын тездетті. Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның бойында Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, ал Қаратаудың солтүстігінде Созақ, Баба ата, Құмкент, Шолаққорған, Сайрам сияқты қалалар бой көтерді. Жетісу аймағында Тараз, Талхиз, Мерке, Құлан, Баласұғын сияқты қалаларда қалалық отырықшылық мәдениет өркендеді, қалалар саны өсті. Егер жазба деректерде ерте орта ғасырларда 6 қала белгілі болса, орта ғасырлардың орта кезінде олардың саны 33- ке жеткен. Ал Жетісудың оңтүстік - батыс бөлігі бойынша 26 қала белгілі.

Қала тұрғындарының саны өсе бастаған. Олардың қатарын кедейленген мал өсірушілер толықтырған. Археологиялық зерттеулер қалалар көлемінің кеңеюі, әсіресе рабад бөліктеріндегі үй – жайлардың көбеюі жазба деректердегі мәліметтерді толығымен қуаттайды. Сонымен қатар ірі қалалар аймағында қыстақ, кенттердің саны өсіп, онда жартылай көшпелі мал өсірушілер тұрақты мекен – жай салып, біржолата отырықшыланған. Мысалы, Тараз, Сайрам, Түркістан, Сығанақ, Отырар, т.б. ірі қалалар аймағында аты белгісіз болып, Ақтөбе, Төрткүлтөбе, Алтынтөбе аталып жүрген көптеген төбелер сол кездегі қыстақ – кенттердің орындары.

Бұл түркі тілдес тайпалардың отырықшылануына байланысты Талас, Шу аңғарларында қалалық мәдениеттің дамығандығын көрсетеді.

Қала мәдениетінің өсуін Жетісу аймағының солтүстік – шығыс жағындағы қалалардың бой көтеруінен де байқауға болады. Егер ІХ – Х ғасырларда 10 қала белгілі болса, ХІ –ХІІІ ғасырларда қалалардың саны 70 –ке дейін жеткен.

Ал түркі ақсүйектері ірі қалаларда өздеріне салтанатты сарай салғызған. Оның қабырғаларын безендіру үшін Орталық Азиядан шеберлер жалдаған.

Ал қала тұрғындары жартылай көшпелілерден қару – жарақ, сәндік заттарды, бағалы металдардан жасалған ыдыстарды алған. Сөйтіп, қалалық мәдениеттің өсіп - өркендеуі жартылай көшпелілердің қоныстануы барысындағы қарым – қатынастың нәтижесі екені белгілі. Екі жақтың бір – біріне тигізген әсері қоғамның дамуына да өз үлестерін қосып отырған.










Ү. Жаңа сабақты пысықтау, қорытындылау. ________минут


1 – тапсырма.

Қ

Б.з.д. ҮІІ – Ү ғғ. көшпелілердің байланыс жасаған елдері

ЫТАЙ


АССИРИЯ


МDrawObject20 ЕДИЯ


ПАРСЫ


2 – тапсырма.


Б.з.д. Ү – ІІІ ғғ.мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар


DrawObject21 Сақ, сармат


DrawObject23 DrawObject22 Үйсін


Ғұн



ҮІ. Үйге тапсырма беру. __________минут


§15 тақырыпты оқу, соңындағы сұрақтарға ауызша жауап қайтару.


«Күн» диаграммасын толтырып келу.

мәдени

DrawObject24

сауда

қару жарақ

DrawObject26 DrawObject25 экономикалық


DrawObject27







DrawObject29 DrawObject28


DrawObject30

жекжаттық бейбіт

жағдайда



соғыс


ҮІІ.Бағалау. __________минут


Үй тапсырмасына жауап беріп, сабаққа араласқан оқушыларды білім деңгейіне сай бағалаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
2684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі