жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. (5-сынып Қазақстан тарихы)
Мектеп: «Жусансай» жом |
||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Бекмырза А |
|||||||||
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны: 0 |
Қатыспағандар саны: 0 |
||||||||
Сабақ тақырыбы |
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы |
|||||||||
|
|
|||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.4.1.2.Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру. |
|||||||||
Сабақмақсаттары |
Барлық оқушылар:Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасу ерекшеліктерін біледі,сипаттап айта алады.Басым бөлігі:Көшіп-қонудың қажеттілігі мен кезеңдері, бағыттары туралы біледі және тебіндік жайылым ерекшеліктерін сипаттай алады,картадан көрсетеді.Кейбір оқушылар:Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың аяғы мен І-мыңжылдықтың басында Қазақстан климатында болған өзгерістердің малшылар мен егіншілер арасындағы айырбас саудасының дамуына әсерін түсінеді. |
|||||||||
Бағалау критерийлері |
1.Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын ауызша тұжырымдай алады.2.Көшпеліліктің қажеттілігі мен кезеңдері,көшу бағыттары және тебіндік жайылым ерекшеліктерін сипаттап,қорытынды жасайды. 3.Қазақстан климатында болған өзгерістердің көшпелі малшылар мен егіншілер арасындағы айырбас саудасына ықпалын ұғынады,өмірмен байланыстырады. |
|||||||||
Тілдікмақсаттар |
Оқылым-айтылым дағдысы:Мәтіндегі негізгі ойды бірлесе оқиды ,тапсырмаларды орындау барысында оқушылар топтық талқылаулар арқылы бір-бірімен пікір алмасады,диалогке қатысады. Тыңдалым- жазылым дағдысы:Ойларын ортаға салады,дәлелдейді,зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Пән бойынша сөздер мен терминдер:Темір дәуірі,ат әбзелдері ,ауыздық,үзеңгі,таға,тебіндік жайылым,қуаңшылық,номадизм. |
|||||||||
Құндылықтарғабаулу |
Ұлттық құндылықтар: «Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясына сәйкес оқушыларға туған жеріміздің тарихындағы мыңжылдықтар,ата-бабаларымыздың ұлы істері,қазақ халқының тарихы-бірігу тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.Жалпы адамзаттық құндылықтар:Мәдениеттер алмасуы. |
|||||||||
Пәнаралық байланыстар |
География,технология,қазақ әдебиеті,Бейнелеу. |
|||||||||
|
|
|||||||||
Алдыңғы білім
|
5.4.2.2.Қазақстан территориясында темірдің игерілуі. 50-51 беттер |
|||||||||
Сабақбарысы |
||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы 12 минут
|
Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын қадағалау.Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.Үй тапсырмасын сұрау:«Киелі жеті сан» әдісімен сұрақ-жауап: 1. Пеш-көрік туралы не білесің?
2.Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті? 3.Неліктен б.з.б. VIII ғасырда басталған кезең темір дәуірі деп аталады? 4.Темір дәуірі қандай екі кезеңге бөлінді?
5 6.Полихромды стиль дегеніміз не?
7.Темір дәуірінде қоғамда қандай өзгерістер орын алды? (тайпалық одақтар,алғашқы мемлекеттер) Сұрақтарға берілген жауаптарды оқушылар смайликтер немесе бас бармақ арқылы бірін-бірі бағалайды.
|
Суреттер Карта
Сызбалар
Суреттер
Смайликтер |
||||||||
Сабақтың ортасы (23-мин)
Сабақтың соңы (5-мин)
|
«Қара жәшік» ойыны арқылы оқушыларды топқа бөлу .Оқушылар жәшіктегі жыл мезгілдері-көктем,жаз,күз,қыс суреттерін ала отырып төрт топқа бөлінеді.
I-топ:Көктеу II-топ: Жайлау III-топ: Күздеу IV-топ: Қыстау
(М) INSERT-әдісі бойынша кері байланыс аламын,бұл тек өз жұмысын бағалау ғана емес ,сонымен қатар нені білгісі келетінін анықтау мақсатында жүргіземін. V-бұрыннан білемін. + - жаңа ақпарат. − - менің ойлағаныма қайшы,кереғар. ? - білгім келеді.
(Т) «Джигсо» әдісі бойынша әр топқа жеке тапсырма беріледі.Оқушылар мәтінді оқи отырып өз жауаптарын топта талқылайды және басқа топтардың алдында танысуға ұсынады. I-топқа:»Ерте темір дәуірінде көшпелі мал шаруашылығының одан әрі дами түсуі» II-топқа:»Тебіндік жайылымның ерекшеліктері» III- топқа:Малшылар мен егіншілер арасындағы айырбас саудасы» IV-топқа:»Төрт түлік және оның өнімдері» (Жж) Картамен жұмыс.
Тапсырма:Картадан көшіп-қону бағыттарын,көктеу,жайлау,күздеу және қыстау орындарын тауып көрсету,себептерін түсіндіру. (C)«Бұрыштар» тәсілі арқылы кері байланыс. Көшіп-қону мезгілдеріне байланысты төрт сұрақтың жауабын төрт бұрышқа орналастырамын.Оқушылар өз болжаулары бойынша дұрыс деген жауаптың тұсына барып тұрады және таңдаған жауаптарын қысқаша дәлелдейді.
2-Бұрыш:Жайлауда малшылардың негізгі міндеті малды семірту. 3-Бұрыш:Күзгі көштің жүгі ауыр болады. 4-Бұрыш:Малшылар үшін ең қауіптісі-жұт. (Ж) Оқушыларға»Бағалау парағы» таратылады.Бағалау парағы әр оқушыға беріледі,ол дескрипторға қарап өзін-өзі бағалап белгі соғады,өзінің үйден не оқып келетінін өзі анықтап,жазып кетеді.Сыныпта игерген материалына қосу белгісін соқса,ал игермеген,үйден дайындалатын мәселесінің тұсына құс белгісін қояды,яғни өзі үшін үй тапсырмасының көлемін анықтайды. Дескриптор. 1
Ж Сабақты пысықтау мақсатында сызбалармен жұмыс жүргізу. 1-сызба Т
Көшіп-қону
кезеңдері мен аймақтары
2
Төрт-түліктен
алынатын өнімдер
Кері байланыс:
Үйге тапсырма: Оқулықтағы мәтінді оқу, «Бағалау парағындағы» игерілмегенін қайталау. |
Суреттер
Кесте
Оқулық
Карта
Белгі + , ⱱ
Сызбалар
|
||||||||
|
|
|
||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||
Барлық оқушыға оқулықтағы суреттермен жұмыс беруге,жеке тапсырма,бағыт беруге болады. Қабілеті жоғары оқушыларға жеке ақпарат көздері арқылы қосымша мәліметтермен танысып келуді ұсыну,ғылыми жобаға бағыт беру. |
Оқушылар бірін-бірі смайликтер және басбармақ арқылы ал «Бағалау парақшасы» арқылы өзін-өзі бағалайды және сол арқылы қалыптастырушы баға шығады. Құндылықтарды бағалаудағы салыстырмалы талдау жасай алулары бағаланады. |
Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру; Сабақ алдында бөлмені желдетіп алу |
||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||
|
||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)? 1.
2. Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.
2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерімен қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда нен нәрсеге назар аудару қажет?
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген