Материалдар / "Көшпелілер тарихы" авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көшпелілер тарихы" авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған авторлық бағдарламада жалпы білім беретін мектептерде көшпелілер тарихы туралы терең білім беруді мақсат етеді. Көшпелілер тарихы арқылы халықтың тарихы мен өткені туралы білім берудің, ұлттық құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің жаһандану жағдайында қажеттілігі артып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қырқүйек 2024
284
5 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛЫ

ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

«НАУРЫЗБАЙ БАТЫР ҚҰТПАНБЕТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ

ОРТА МЕКТЕБІ» КММ





















КӨШПЕЛІЛЕР ТАРИХЫ

(мектеп оқушыларына арналған)















2023ж









КӨШПЕЛІЛЕР ТАРИХЫ

(Қазақстан тарихы)

(Жамбыл ауданы «Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі Хамыткожаева Лаура Жұмановнаның таңдау курсына жасаған авторлық бағдарламасы)

















Алматы, 2023





ТҮСІНІК ХАТ


Көшпелілер тарихы адамзат баласын әрқашанда қызықтырған. Жылдар өткен сайын бұл мәселе өз ортасында қызықты пікірлер, кейде қарама-қайшы анықтамаларды қалыптастырды. Көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз-негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөріс көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті. Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін антикалық тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Олардің бірі "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы"деп көрсетсе, ал енді біріне табиғаттың төл баласы сияқты өмірі таза, қулық - сұмдықтан, отырықшы - қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.

Көшпелілер тарихы, Қазақстан территориясындағы көшпелілік тарихы, мектеп тарихының ең қызықты, білім алушылардың танымдық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттыратын бөлімі. Көшпенділік- қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің діңгегі, ұлттың тарихи өзіндік санасының өзегі болып саналады. Бүгінгі күнде көшпенділік құбылысы- философия мен ғылыми әдіснамадағы басы ашылмаған «ақтаңдақтардың» бірі.

Ұсынылып отырған авторлық бағдарламада жалпы білім беретін мектептерде көшпелілер тарихы туралы терең білім беруді мақсат етеді. Көшпелілер тарихы арқылы халықтың тарихы мен өткені туралы білім берудің, патриотизмге тәрбиелеудің жаһандану жағдайында қажеттілігі артып отыр.

Сонымен қатар білім алушылар бұл курста көшпелілер тарихына байланысты контекст тапсырмалар, интелектуалды ойындар, шығармашылық тапсырмалар орындайды, функционалдық сауаттылығы артады. Жер бетіндегі көшпелілірдің тарихын Ұлы Жібек жолымен байланыстыра отырып, картаға түсіреді. Жоба қорғайды. Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан тарихы пәнінің оқу бағдарламасына бейімделіп, 34 сағатқа негізделіп жасалған.














Таңдау курсының мақсаты:


Көшпелілер тарихы туралы терең білім бере отырып, ерте кезеңдегі көшпелі тайпалардың мәдениетінің, қалыптаса бастаған әлеуметтік институтары мен рухани өмір-тіршілігінің өзара жақындығын, Ұлы дала мәдениетінің ішкі бірлігінің беріктігі және көшпелілермен бүгінгі қазақ халқының арасындағы сабақтастық туралы білімдерін тереңдету.


Таңдау курсының міндеттері:

- білім алушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу;

- білім алушылардың танымдық, зерттеушілік және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;

- білім алушылардың коммуникативтік, ұйымдастырушылық, дүниетанымдық, адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру;

- оқу үрдісінде сыни тұрғыдан ойлауды, пікірталас, кейс-стади, стандартты емес тапсырмаларды орындай білу дағдысын қалыптастыру;

- ғылыми-практикалық сипаттағы оқу әрекетін ұйымдастыру;

- тарихты түсінуге деген жаңаша көзқарас қалыптастыру;

- білім алушыларға қоғамның тарихи және мәдени аспектілерін және олардың қазіргі заманға әсерін түсінуге көмектесу;

- білім алушыларда тарихи оқиғалар, құбылыстар мен процестерін талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және бағалауға негізделген тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру;

- білім алушылардың өткен және қазіргі әлеуметтік құбылыстарды және олардың өзара байланысын зерделеу, өз Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру;

-ұлттық мұра мен мәдениетке құрметпен қарауды дәріптеу;

- «Мәңгілік Ел» Қазақстан халқының қамтамасыз ету мақсатындағы құндылықтар «Мәңгілік ел» идеясы негізінде жалпы ұлттық идеясының жүзеге асуын қамтамасыз ете отырып, «өмір бойы білім алуға» дағдыландыру;


Оқыту формасы:

Ізденіс-зерттеу, практикалық, әңгімелесу-сұхбаттасу, түсіндіру-баяндау, лекция, топтық ізденістер, бақылау-тексеру, пікірталас, сайыстар, жобалау.


Қолданатын құрал-жабдықтар:

Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы, дидактикалық материалдар, бейнежазбалар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер, суреттер топтамалары.

Бұл ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы негізгі тақырыптар негізінде құрастырылған. Бағдарламада көшпелілер тарихы, оларды зерттеудің кейбір мәселелері, даму эволюциясы, Қазақстандағы көшпелілік және Қ.Р тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан деректер жинастырылған. Оқушыны қызықтыратын иллюстративті суреттермен және карта – сызбалар берілген.

Әрбір тақырыптардан кейін оқушылардың білімін тексеретін сұрақтар мен білімдерін жинақтайтын тапсырмалар енгізілген.





































НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БӨЛІМ


«КӨШПЕЛІЛЕР ТАРИХЫ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫҢ

ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

ЖЫЛДЫҚ САҒАТЫ-34 САҒАТ.



Сабақтың мазмұны мен тақырыптары

Сағат саны

Кіріспе

1

Көшпелілер өркениетінің зерттеу мәселелері

1

Көшпелілер туралы антикалық ғалымдар мен ойшылдардың көзқарастары мен пікірлері

1

Көшпелілер туралы кеңес дәуірі кезіндегі көзқарастар мен пікірлер

1

Көшпелілер туралы қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері, көзқарастар мен пікірлер

1

Еуропалық ғалымдардың көшпелілер туралы көзқарастары мен пікірлері

1

Көшпеліліктің шығу тегі

1

Көшпеліліктің даму эволюциясы

1

Жабайы жануарларды қолға үйрету

1

Алғашқы арбалар тарихы

1

Қазақстан жеріндегі көшпеліліктің қалыптасуы

1

Көшпелілердің төл кәсібі

1

Көшпелілердің баспанасының ерекшеліктері

1

Көшпелілердің дәстүрлі тағамдары

1

Көшпелілердің дәстүрлі киім кию мәдениеті

1

Білімді бекіту, қайталау сабағы

1

Көшпелілердің дәстүрлі мерекелері, ойын-сауықтары

1

Көшпелілердің діни наным-сенімдері

1

Көшпелілердің жазуы

1

Көшпелілердің археологиялық ескерткіштері

1

Көшпелілердің салт-дәстүрлері

1

Көшпелілердегі қоғамдық және туыстық қатынастар. Заңдар.

1

Көшпелілер тұрмысы-көш


Көшпелілердің басқару жүйесі. Көшпелі қоғамдағы түрлі топ қызметтері

1

Көшпелілердің ұлы шайқастары

1

Көшпелі және отырықшы мәдениеттер арасындағы өзара байланыс

1

Ұлы Жібек жолы –ынтымақтастық жолы

1

Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері

1

Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің тал бесігі

1

Көшпелі халықтардың әлемнің материалдық мәдениетіне қосқан үлесі

1

Көшпелі халықтардың әлемдік рухани мәдениетке қосқан үлесі

1

Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

1

Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»мақаласы

1

Қорытынды сабақ. Жоба қорғау.

1































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!