400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көшпелілер туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілді емес мектептерде жұмыс жасайтын қазақ тілі пәні мұғалімдері ашық сабақ немесе сабақ жоспарын жасағанда алуға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақ:қазақ тілі Т2


ШҚО, Семей қаласы

Мектеп: «№28 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 07.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Айдарқызы Мәдина

Сабақтың тақырыбы:

Көшпелілер туралы түсінік

Сынып:5 «В»

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны:0


Сабаққа негізделген оқу мақсаты

5.Т2.Т2

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

Сабақ мақсаттары






Барлық оқушылар:

Тыңдалған мәтіннің не туралы екенін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

Кейбір оқушылар:

Нақты ақпараттарды анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:Мәтіннің не туралы екенін біледі. Мазмұнын түсінеді. Мәтіннен нақты ақпараттарды анықтайды.


Пәнге қатысты негізгі сөздер мен тіркестер:

Көшпелі, өркениет, сарай, шаруашылық ,соғыс, ескерткіш, көшіп-қонып, далалы жер, шөлейт, жабайы, ылғалды.


Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:көшпелілер мәдениеті, жартылай шөлейт, тіршілік етеді, жазбалар сақталған.


Талқылауға арналған сұрақтар: бейнероликті көре отырып, негізгі мазмұнын түсіну арқылы,нақты ақпараттарды тауып айту


Көшпелілер деген кімдер?Олар қандай шаруашылықтармен айналысады? Қай жерлерді мекен еткен?


Жазылым бойынша ұсыныстар:

Құндылықтар:

Халықтың тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуы- мемлекетіміздің болашағының басты мәні.

Жоспар

Жоспарланған уақыт



Басталуы


5 мин



















Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Сәлеметсіздерме оқушылар!

Бүгін сыныпта кім кезекші?

Кезекші оқушы орнынан тұрып басқа оқушыларға сұрақ қояды.

Бүгін сыныпта кім жоқ?

Мұғалім:Қай жыл мезгілі? Қай ай? Апта күнін ата? Бүгін нешесі? Оқу құралдарың барлықтарыңда түгел ме?

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа назарын аударту. Өткізілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау, экранда көрсетілген «Көшпелелір »суретіне байланысты бірнеше сұрақтар қою арқылы баланың бүгінгі сабаққа деген қызығушылығын ояту.

1 сұрақ. Экранда көрсетілген сурет не деп ойлайсыз?

2 сұрақ. Суретте не бейнеленген? Қандай оқиға? Қай жерде болған?













Слайд











Ортасы



2 минут













10 минут



























15 минут










































Жаңа сөздермен жұмыс. Жаңа сөздерге байланысты суреттер көрсетіліп, сол суреттер арқылы жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі



1 тапсырма.Көшпелілер бойынша видео көрсетіледі.

Мақсаты: Тыңдалған материалдың не туралы екенін түсіне білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың тақырыбын ашатын сұрақтар:

  • Бұл видео да не көрсетілген?

  • Оқиға не жайлы?

  • Осы оқиға туралы тағы не білесіңдер?

Әр оқушы көрсетілеген видеодағы оқиға туралы өз ойларын айтады.Мұғалімнің «Кім жүйрік ?» (видео да не көрсетілгенін айту , оқиға не жайлы екеніне жауап беру,оқиғаға қосатын өз ойы ) әдісін қолдану арқылы тапсырманы әр деңгейдегі әр оқушының жауабын алады.


Дескрипторлар:

1.Ақпаратты дұрыс айтады.

2. Көрсетілген видео не жайлы екеніне дұрыс жауап береді.

3. Оқиғаға қосымша мәлімет айтады.


Бағалау (мұғалім): түсті стикер арқылы бағалайды. Жауап дұрыс болса сары; толық болмаса жасыл; қанағаттанбаса қызыл стикер беріледі.




2 тапсырма.Жұптық жұмыс.

Ойлан-жұптас-бөліс

Оқушылар боялған түрлі-түсті асықтар арқылы жұптасады. Жұптардың алдарына тақырыпқа байланысты мәтін таратылады.

Тапсырма:

  • Мәтінге байланысты 3 сұрақ құрастыр.

  • Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой

  • Негізгі деректерді 3 сөйлеммен белгілеп көрсет.

(тапсырма ауызша түрде орындалады.)


Қазақ тарихында 1464-1466 жылдары қазақ хандарының билік құру кезеңі басталды. Керей мен Жәнібек хандардың қол астына екі жүз мыңға жуық адам жиналды. Бұл тайпаларды тіл мен дін, салт-дәстүр ұқсастығы «қазақ» деген ортақ атауға біріктірді. Ежелгі Алтай мен Сібір халықтарының тілдерінде «қазақ» деген сөз «берік, мықты, алып» дегенді білдіреді екен. Керей мен Жәнібек хандық құрған кезеңде «қазақ» термині ұлттың атауына айналды. Моғолстан хандығының билеушісі Есен бұға қайтыс болғаннан кейін, хандық бұрынғы күш-қуатынан айырылып, оның көптеген тайпалары Қазақ хандығына қосылады. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, шекарасы кеңейді. Керей мен Жәнібектен соң хандыққа Мұрындық хан болып сайланды. Жәнібектің ұлы Қасым әрі сұлтан, әрі кеңесші болды. Билікке тартыста Қасым жеңіп шығып, Мұрындықты елден қуып жібереді. Дана билеуші, батыл қолбасшы ретінде Қасым хан Орта Азиямен, Астраханьмен, Сібір хандығымен және Ресей мемлекетімен жақсы қарым-қатынас орнатады. Қасым хан билік құрған уақытта қазақ мемлекеті гүлденіп, өркендеді. Оның реформалары тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі деген атпен белгілі болды.


Дескрипторлар:

1. Сұрақ құрылымын дұрыс құрастырады.

2. Мәтін не туралы екеніне жауап береді, мәтінге ат қояды.

3. Нақты ақпаратты 3 сөйлеммен көрсетеді.


Бағалау(өзара): Оқушылар бір-бірінің жауабын тыңдап, «Екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағалайды. (ауызша)



Суретті пазл


















https://www.youtube.com/watch?v=usNPed6t3zE


Стикер





























Асық

Үлестірме қағаз



























Аяқталуы


6 минут














2 минут


3 тапсырма.Жеке жұмыс «Карта сызбасы» әдісі.

Тапсырма: Алдында жатқан мәтінді пайдалана отырып,жер атауларын оқиға желісімен картаға дұрыс түсіру.(жазбаша)

Дескрипторлар:

1. Жер атауларын картаға түсірудебіраз қателіктер жібереді.

2. Жер атауларын дұрыс картаға дұрыс түсіреді.

3.Қосымша жер атауларын белгілейді.

Бағалау(мұғалім): Оқушының жауабын дескрипторға сүйене отырып бағалайды. (ауызша)

Кері байланыс.

«Бағдаршам»- әдісі

Жасыл-түсіндім

Қызыл-түсінбедім

Сары-сұрақтарым бар

Түсінбедім

Сұрақтарым бар

Түсіндім

Shape3 Shape2 Shape1

(Мұғалім мен оқушы арасындағы кері

байланыс)






Түрлі-түсті қарындаш

Географиялық кескін карта

Қосымша ақпарат:

Саралау:


С тобы: Тыңдалған мәтінді біледі



В тобы: Ақпаратты түсінеді



А тобы: Нақты ақпаратты анықтайды

Бағалау-оқушы әрекеті дескриптор арқылы

  • 1 -тапсырма бойынша мұғалім түсті стикер арқылы бағалайды. Жауап дұрыс дұрыс болса сары; толық болмаса жасыл; қанағаттанбаса қызыл стикер беріледі.

  • 2-тапсырма бойынша оқушылардың өз келісімі бойынша өзара бағалау формасында ұйымдастырылады«Екі жұлдыз бір ұсыныс» (ауызша).

  • 3-тапсырма мұғалімоқушының жауабын дескрипторға сүйене отырып бағалайды. (ауызша)

Әр тапсырмаға дескриптор беріледі.

Пәнаралық байланыс:тарих, география

Денсаулық пен қауіпсіздік:сынып ішіндегі техникалық қауіпсіздік, құрал – жабдықтарды талапқа сай қолдану туралы ескерту жасалады, сабақ үдерісінде мұғалім тарапынан қадағаланады.

АКТ – мен байланысоқу материалдары интернет көздерінен алынған

www.You Tube.com

Құндылықтармен байланыс :қарым-қатынас жасау қабілеті/жауапкершілік/ еңбекқорлыққа үйрету.

Рефлексия



Қорытынды бағалау

Сәтті өткен екі нәрсе /оқыту мен оқуға қатысты/

1:


2:


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді /оқыту мен оқуға қатысты/

1:

2:


Осы сабақ барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:


2:








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі