Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Көшпенділер мәдениеті" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Сабақ : 7

Мектеп: «Балқаш қаласы Абай атындағы

2 лицей» КММ

Күні:


Мұғалім:

Амирбаева Газима Мажитовна

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Көшпенділер мәдениеті

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қосымша ақпаратты анықтайды.

Оқушылардың көбісі: мәтіннен факті мен көзқарасты ажырата біледі.

Оқушылардың кейбірі: өз көзқарасын тиісті мысалдармен тұжырымдап, берілген сурет бойынша жинақы мәтін жазады.

Құндылықтарды игерту:

  • «Мәңгілік ел» идеялары мен азаматтық жауапкершілік;

  • өзіне және өзгелерге құрмет;

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • қарым-қатынас жасау қабілеті

Пәнаралық байланыс:

Сабақта АКТ пайдалану арқылы өзін- өзі тану, тарих, қазақ әдебиеті пәндерімен байланыс

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, бейнематериалдар

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

тарих , география пәндеріне қатысты термин сөздер.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

деген ойдамын, ойымызды жинақтайтын болсақ, біріншіден, екіншіден, сондықтан, өйткені

ӘТН3.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану


Осыған дейін меңгерілген білім

Ауа және тіршілік

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


5 минут






































8 минут






























2 минут













15 минут















































5 минут























Қызығушылықты ояту

Оқушылар берілген қиық суреттерді жинастыру арқылы «Пазл» әдісімен 4 топқа бөлінеді


«Миға шабуыл» әдісі

1. Суреттерге қарай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайында деп ойлайсыздар?

2. Неге олай ойлайсыздар?


Оқушылар сурет арқылы жаңа лексикалық тақырыпты болжайды.

Оқушылар оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.

Оқушылар жаңа сөздер және сөздікпен танысады.

Жаңа сөздер:

тиграхауд, парадарайя, хаомаварга, синкреттік өнер, шекелік, Авеста.

Сөздік:

Авеста - ежелгі Орталық Азияда, Иранда, Әзірбайжан, Ауғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалары жинағы

Тиграхауда-сақтар (парс. – сүйір төбелі бас киімді) – сақтардың негізгі үш тобының бірі.

Парадарайя сақтары дегеніміз — теңіздің арғы жағындағы сақтар. 

Хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер

Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салу.

Шекелік – сәукеле, тақия, тағы басқа бас киімге  тағылатын бұйым.

Ауыздық – жүгеннің  темірден  істеліп,  екі  сулық  аралығына салынатын темір бөлігі. Жылқы малы көлікке айналған қола дәуірінің аяғында шыққан.

Үзеңгі  ер-тұрман әбзелдерінің бірі.Ердің екі қапталына

қайыс бау арқылы тағылады.


Тыңдалым алды тапсырма. ЖЖ.

Тыңдалым кезінде сөйлемдегі бос орынды қажетті сөздермен толықтырып отырыңыз.


1. Сақ тайпалары байтақ даламызды біздің дәуірімізден ............. жыл бұрын мекендеді.


2.Сақ тайпалары туралы бірінші дерек көне парсы жазбасы ........ кездеседі.


3.Сырдария мен Әмударияның сағасын мекен еткен сақ тайпалаын тиграхауд ,яғни ............. деп атаған.


4.Қазақтың Сарыарқасын мекен еткен сақ тайпасы хаомварга қазіргі тілімізде ....... деп аталады.


5. Ғалымдарымыз сақтарда ............өңдеудің жоғары технологиясы болғанын анықтады.


6.Сақтар зергерлік өнерінде ........ стиль қолданған.


7. Атқа мінуге арналған........., ......... темір бұйымдарды әлемде алғаш рет сақтар жасады.


8. Сақтарда ғылымның жақсы дамығанын ............ көрсетті.


Тыңдалым.

Оқушылар https://ok.ru/video/232491585940 сайтынан көшпенділер мәдениеті жайлы «Ұлы дала дүбірі» атты бейнебаян көреді және тыңдалым алды тапсырмасын орындайды және дұрыс жауабын слайд арқылы тексереді.


Оқушыларға факт мен көзқарас туралы теориялық материал таратылады.

Факт

Көзқарас

Әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым,шынымен болған оқиға.

Пікір,ой,ұғым.Адамның айналада болып жатқан процестерге,құбылыстарға қатысын айқындайтын дүниетанымдық категория.


Оқушыларға теориялық материалмен танысып болған соң, 4 түрлі тапсырма ұсынылады. Қай тапсырманы орындағысы келетінін оқушының өзі таңдайды және сол топқа барып отырады.


Тыңдалым тапсырмасы


А тапсырмасы

Т ыңдалым материалынан алған ақпараттарыңызды

«Балық қаңқасы» әдісі арқылы түсіндіріңіздер.

Басы – тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері – тақырыптың негізгі түсініктері, астыңғы сүйектері – себептері, құйрығы – мәселенің шешімі.



В тапсырмасы «Бір тезис, 3 дәлел» стратегиясы

Тыңдалым материалы бойынша сақтар жайлы ең маңызды 2 ақпаратты таңдап, оның неліктен өзге ақпараттардан маңызды екенін түсіндіріп, 3 аргументпен дәлелдеңіздер.



Тезист

Дәлелдер

1-дәлел

2 -дәлел

3 -дәлел






С тапсырмасы

Автор қолданған көркемдегіш сөздер

Білдіретін мәні мен автор ойын

жеткізудегі орны

Оқырман әсерін арттырудағы рөлін дәлелдеңіздер






Д тапсырмасы

Төмендегі мақал, нақыл, тұрақты тіркестерді қолдана отырып, берілген сурет реті бойынша жинақы мәтін құрастырыңыздар.


Тұрақты тіркестер:

Жаны сіріден жаратылған, жүрегінің түгі бар, ер қаруы – бес қару, сегіз қырлы бір сырлы, ат тұяғы талатын, желмен жарысқан, ұшан-теңіз, қолынан мөрі төгілген, он саусағынан мөрі төгілген, көзінің қарашығындай.


Мақал -мәтелдер, нақыл сөздер:

  • Бабаның сөзі – ақылдың көзі.

  • Өткенді ұмытпау – болашаққа аманат.

  • Өткенін білген ел өшпейді,

Өткенін ұмытқан ел өспейді.

Бағалау. Топтар өз жұмыстарын аяқтаған соң бірін-бірі

(1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, 3-топ 4-топты, 4-топ

1-топты) бағалайды.


1-топ. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Оқушылар қолына 3 түсті бағдаршам алып, түстерді көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс – бәрі түсінікті.

Сары түс – сұрағым бар

Қызыл түс – түсініксіз, тақырыптан ауытқыды.


2-топ. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.


3-топ. «3-2-1» оқушылар топтың айтқан 3 үздік идеясын анықтайды, 2 сұрақ қояды, 1 ұсыныс айтады.


4-топ

Смайликтер көтеру арқылы бағалайды.


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Әр топтың спикері «Автор орындығына» отырып, көшпенділер мәдениеті туралы түйінді ой айтады.









https://ok.ru/video/232491585940

Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия.

«Ойлаудың бес гүлі» арқылы жүргізіледі.

  1. Бүгін мен жаңадан не үйрендім?

  2. Қандай қиындық болды?

  3. Бүгін кімге көмегім тиді?

  4. Сабақтан алған әсерім

  5. Менің көңіл күйім

гүл сұлбасы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
5079
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12