Көшпенділер мәдениеті - өркениеттің бастауы 7-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көшпенділер мәдениеті - өркениеттің бастауы 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Интонация адамдардың түрлі көңіл күйін білдіреді. Сөйлеу мәнеріне қарай сөйлемнің реңі ғана өзгеріп қоймай, оның негізгі мағынасы да өзгеріп кетуі әбден мүмкін. Мысалы, Мен сені жақсы танимын деген сөйлем әртүрлі мағынаға ие болуы мүмкін.  Бұл сөйлем жағымды, көтеріңкі әуенмен, қуаныш сезімді интонациямен айтылса, ол дұрыс жай-күйді білдіреді.  Ал жағымсыз, төмен, созылыңқы интонациямен айтылса, ол кекесін Кідіріс — сөйлеу үстінде болатын кідіріс, үзіліс. Сөйлемдер, ондағы сөздер мен сөз тіркестері әр уақытта бірсыдырғы ұласқан әуенмен айтылмай, әредік олардың арасы үзіліп айтылады. Кідірістің негізгі міндеттері — мәтінді бөліп мүшелеу және сол бөлшектенген мүшелердің арақатынастарын айқындау, мағынаны түсіндіріп, жазылған мәтінді ажыратып оқу, түсіну үшін белгілі дәнекерлік қызмет атқару. Мысалы: Балапан/тоpғай ұясында отыp. Балапан тоpғай/ұясында отыp. Бipiншi сөйлем (балапан деген жалғыз сө
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ

Пәні : Қазақ тілі

2-бөлім

Көшпелілер мәдениеті

1-2-сағат

Бейнеу ауданы Бейнеу селосы

Мектеп:Бейнеу аудандық әкімдігінің

« Үстірт орта мектебі » КММ


Күні: 27-29.09 2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жаксыбаева Шолпан


СЫНЫП: 7 « Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Көшпенділер мәдениеті-өркениеттің бастауы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

7.ӘТН4.2.1. Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді,берілген ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Қолданған тілдік құралдар арқылы стиль ерекшеліктерін таниды

Кейбір оқушылар орындай алады:

. Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.



Бағалау критерийлері:

*Мәтін мазмұнын түсінеді,

*Фактілерді тауып, көзқарастарын білдіре алады;

*Интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.


Ойлау дағдылары

Білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау


Тілдік мақсаттар:




















Оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Көшпелі өмір салты,сақтар мәдениеті,әлемге танымал


Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:


Талқылауға арналған сұрақтар:

Көшпелілер дегеніміз кімдер?


Ишара:

Сабақ барысында оқушыларға қолдау көрсетіліп, шапалақ соғу арқылы қошемет көрсетіледі.


Құндылықтарға баулу



Пәнаралық байланыс

Тарих,қазақ тілі,өзін-өзі тану


Тақырып бойынша алдыңғы білім

Тілдік қарым-қатынас талаптары


Сабақтың барысы


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Басы

5 мин

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі айтылады.

Миға шабуыл

Көшпелілер дегеніміз кімдер?



Сабақ ортасы ортасы

3минут





































15 минут





15 минут







5 мин

Сабақ айдары:

Көшпелі ел тоғанақсыз, бұраусыз болмайды

Той мен ас айтыссыз, жыраусыз болмайды.

Мақал



Тілдік бағдар:

Интонация,Кідіріс,логикалық екпін

Сөйлеу интонациясының құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын,логикалық екпін т.б. кіреді.

Интонация адамдардың түрлі көңіл күйін білдіреді. Сөйлеу мәнеріне қарай сөйлемнің реңі ғана өзгеріп қоймай, оның негізгі мағынасы да өзгеріп кетуі әбден мүмкін. Мысалы, Мен сені жақсы танимын деген сөйлем әртүрлі мағынаға

ие болуы мүмкін.

Бұл сөйлем жағымды, көтеріңкі әуенмен, қуаныш сезімді интонациямен айтылса, ол дұрыс жай-күйді білдіреді.

Ал жағымсыз, төмен, созылыңқы интонациямен

айтылса, ол кекесін

Кідіріс — сөйлеу үстінде болатын кідіріс, үзіліс. Сөйлемдер, ондағы сөздер мен сөз тіркестері әр уақытта бірсыдырғы ұласқан әуенмен айтылмай, әредік олардың арасы үзіліп айтылады. Кідірістің негізгі міндеттері — мәтінді бөліп

мүшелеу және сол бөлшектенген мүшелердің арақатынастарын айқындау, мағынаны түсіндіріп, жазылған мәтінді ажыратып оқу, түсіну үшін белгілі дәнекерлік қызмет атқару. Мысалы:

Балапан/тоpғай ұясында отыp. Балапан тоpғай/ұясында отыp.

Бipiншi сөйлем (балапан деген жалғыз сөздiң кідіріспен бөлiнуiнiң аpқасында)

балапан тоpғайдың ұясында отыp деген мағына беpсе, екiншi сөйлем кідіріс аpқылы екi ырғақты топқа бөлiнген (Балапан тоpғай және ұясында отыp.). Бұл сөйлем тоpғайдың балапаны өз ұясында отыp деген мағына беpiп тұp


Логикалық екпін — сөйлемдегі айрықша көңіл аударуға керекті нақты бір сөзді оқшаулап, ерекше әуенмен бөліп айтуға байланысты екпін. Ол ой екпіні деп те аталады. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Таңеpтең оқушылаp мектепке кеттi деген сөйлемнің кез келген сөзі ой екпіні арқылы ерекшеленіп тұруы мүмкін. Бұл жайт сөйлемнің мақсатына және қарым- қатынас жағдаятына байланысты. Орын тәртібін өзгертіп, ой екпіні түсетін сөзді сөйлемнің соңына қою арқылы маңызды сөзге назар аудартуға болады


1-тапсырма.Тыңдалым тапсырмасы. Мәтінді тыңдап,нақты деректер мен авторлық көзқарасты анықта

Көшпелілер деген кімдер?Олар-біздің ата-бабаларымыз.Ұлы дала көшпелілері өздерінің мыңдаған жылдар бойы сақтаған салт-дәстүрлерін,киім кию мәдениетін,ғажайып өркениетін мұраға қалдырды. Кейінгі ұрпағы қазақ халқының көшпенді өмір салтының ыңғайлы құндылықтарын өз бойына сақтап қалды.Қазақ тұрмысы мен мәдениетінде ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген сақтар,ғұндар,түркілер мәдениеті көрініс тапты.

Біздің бабаларымыз –сақтар ежелгі заманда өздерінің салт-дәстүрлерімен,жауынгерлік өнерінің жақсы меңгергендігімен танымал болған.Сақтар-төзімді жауынгер.Олар бірнеше тәулік бойы аттың жалына бастарын салып ұйықтай алған.Сақтардың киіну мәдениеті археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде ашылған.Пазырық ,Шелекті,Бесшатыр қорғандарынан табылған металдан,ағаштан,матадан жасалған көркемөнер туындылары ғылым саласын байытты.

Әлемге әйгілі болған «Алтын Адам» қорғаны 1969-1970 жылдары табылған Есіктегі жас көсемнің зираты-сақтардан қалған ескерткіш.Б.з.д ІV-ІІІ ғғ.Жетісу жерінде олардың мемлекеті құылған.Осы қорғаннан аң стиліндегі алтын,қоладан жасалған құнды нәрселер табылған.Кейінірек табылған алтын заттардың көшірмелері мен теңдесі жоқ әсем киімдер ,баскиімдер және аяқкиімдер үлгісі қалпына келтірілді.


Дескрипторлар:

*Мәтін мазмұнын түсінеді,

* Мәтінді интонациямен оқығанын анықтайды.

анықтайды.

ҚБ « Бас бармақ »әдісі


4-тапсырма Оқылым тапсырмасы

Мәтінді оқып ,тақырыбын қояды, парталасыңыздың мәтінді қандай интонациямен оқығанын анықта.

Дескрипторлар:

*Мәтінді оқып тақырыбын қояды.

* Мәтінді интонациямен оқығанын анықтайды.

анықтайды.

ҚБ « Бас бармақ »әдісі

5 -тапсырма.Жұптық жұмыс Көшпелілер өркениеті туралы диалог құрады.

  • Өркениетдегеніміз не? 

  • Көшпелі өркениет қай кезден басталады?

  • Мал шаруашылығы дамуының қандай кезеңдерін білесіңдер?

  • Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар?

  • Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?

  • Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?


Дескрипторлар:

1..Негізгі және жетекші сұрақтарға жауап береді.

2.Қазіргі өмірмен байланыстырады

ҚБ « Қол шапалақтау »әдісі


2 слайд

























Сабақ соңы

2 мин

Рефлексия«Бес саусақ» әдісі арқылы жүзеге асады. (Парақшада оқушының не жазуы тиіс екені толығымен көрсетілген). Парақшаны жеке оқушы толтырады.




Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау

көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

Қауіпсіздік техникасын сақтау


Спиральділік қағидатын сақтай отырып, оқушыларға тапсырманы жеңілден күрделіге қарай түрлендіріп беру.



Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізілді. Критерийлерге сай бағалау нақты, шынайы жүзеге асырылды.




«Тарих»,«Өзін-өзі тану», «Қазақ тілі »

пәндерімен байланыс болды.

АКТ қолданылады

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
17019
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі