400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көшпенділердің киіну мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне көмегі тиеді. Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ : №5

Мектеп: Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалім: Саменова А.М.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 23

Қатыспағандар:-


Сабақтың тақырыбы:

Көшпенділердің киіну мәдениеті

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

О5.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

ӘТН3.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

Мәтін бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастыру

Суреттерді пайдаланып, киімнің даму тарихын жазу

Фразеологизм мен мақал -мәтелдерді білу

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыру

Суреттерді пайдаланып, киімнің даму тарихын баяндап жазу

Фразеологизм мен мақал –мәтелдердің эмоционалдық мәнін ашу

Оқушылардың кейбірі:

Мәтін бойынша 7 сұрақ құрастыру

Суреттерді пайдаланып, киімнің даму тарихын сипаттап жазу

Фразеологизм мен мақал –мәтелдердің эмоционалдық мәнін ашады, көркемдік ерекшелігін түсініп қолдану.


Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» идеялары мен азаматтық жауапкершілік

оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беру

Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтау

Қарым –қатынас жасау қабілеті

Өзгелерің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау

Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету

Өмір бойы оқуға дайын болу

Пәнаралық байланыс:

Тарих пәні

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы қолданылады, материал ғаламтордан алынған .

Тілдік мақсаттар:

Грамматика: сөз тіркесі

Пән лексикасы және терминология:

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен терминология.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

деген ойдамын, ойымызды жинақтайтын болсақ, біріншіден, екіншіден, сондықтан, өйткені



Осыған дейін меңгерілген білім

Көшпенділердің жазу мәдениеті

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5мин














5мин





Қызығушылықты ояту және ширату

«Сиқырлы дөңгелектер»

Әрқайсыларыңның алдыларыңда сиқырлы дөңгелектер жатыр, оларды алып, артын аударып қарасаңдар сиқырлы суреттер табасыңдар, онда бір – біріңмен қалай сәлемдесу керектігінің сиқырлы жолы көрсетілген. Егер алақан суреті болса, қолымызды қысып амандасайық, жүрек бейнеленген болса – құшақтасайық, күн бейнеленген болса – жақсы сөз айтып сәлемдесейік.

Берілген суреттер бойынша 3 топқа бөлінеді.

Оқылым алды тапсырмасы:

«Миға шабуыл» әдісі


  1. Суреттегі киім үлгісі кімдердікі?
    2. Көшпенділердің киім кию үлгісі туралы не айтасыздар?
    3. Ежелгі көшпенділердің киімдерінің ерекшеліктерін атаңыздар

Оқушылар оқу мақсатымен танысады да, бағалау критерийлерін болжайды. Сондай кейін нақты бағалау критерийлерімен танысады.


Грамматика

Тұрақты тіркес Тіркес құрамындағы сөздер тұрақты

бір - біріне сұрақ қоюға болмайды

Бір ұғымды ғана білдіріп

бір сөздің орнына қолданылады



Суреттер таратылады
























Сабақ ортасы


5мин




10мин










































5мин










10мин






Оқылым барысы

1 тапсырма:

Сөздік жұмысы

Оқушылар мәтіндегі түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті пайдалана отырып біле алады.

«Жұпта талқылау», Топта талқылау» әдісі

2-тапсырма:

Мәтін бойынша проблемалық ашық сұрақтар құрастыр

Алдымен мәтінді жұпта оқып сұрақтар дайындайды. Кейін топта сұрақтарды талқылап ең үздік жеті сұрақты анықтайды.

Мәтін:

Сақтар мен ғұндардың бастарына киген киізден жасалған шошақ бөрік, теріден немесе мауытыдан тігілген қауырмалы бешпент, металл қаңылтырлардан тағылған былғары белдік, тері шалбар және киіз етік сақ киімдерінің үнемі ат үстінде жүретін киелі көшпелі өмір салтына ыңғайлы болғанын көрсетеді.Сақ көсемі өңіріне алтын жапсырмалар қадалған және елтірімен әдіптелген қызыл түсті жарғақ камзол киген. Ал жеңі түгел сұр былғарымен оюланып кестеленген. Шекпелі өрнектермен әшекейленген, басына қоңыр киіз қалпақ киген. Әйел үстіне жүннен тоқылған шұбар түсті матадан ұзын етек көйлек киіп, омырау тұсына дөңгелек алтын қапсырмалар қадаған. Көйлектің үстінен иығына қызыл түстермен қиюластыра кестеленген жүн тоқымалы жамылғы жамылған. Бас киімі де өзгеше бөркімен және түтікшелі бұйым қабымен ерекшеленеді.

Ғұндар өз ата-бабалары сақтардың киім кию мәдениетін сақтап қалған. Шошақ бас киімдер, асқан шеберлікпен сәнделген сырт киімдер сырылып тігілген жейделер, лақтың, құлынның терілерінен тігілген шалбарлар, былғары етіктер сапасы жоғары материалдардан тігілген.

Түркі қағанаты Иран, Византия мемлекеттерімен сауда–саттық байланыстарын жүргізді. Жетісу, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саудаға еркін араласа бастады. Сол кезде қағанат жеріндегі адамдар жібектен тігілген киім киген.

Орта ғасырда Қазақстан территориясында өмір сүрген түркі тайпаларының бас және сырт киім үлгілері Орхон-Енисей ескерткіштері мен тас мүсіндерде сақталып қалған.


Оқылымнан кейін:

«Топтастыру»

3-тапсырма: Мәтінде айтылған киім атауларынан кластер құрыңыздар. Олардың қазіргі киім үлгісінен ерекшелігін айтыңыздар



Киім атаулары







Жазылым:

4-тапсырма:

Көшпенділерден бастап қазіргі киім үлгілеріне дейінгі киімнің даму барысын салыстырып, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді қатыстырып, өз ойларыңызды ой толғау ретінде жазыңыз. Көлемі 60 сөз.









Бағалау критерилері

Критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі


1

2

3

Сұрақтар құрастыруы

Мәтін бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастырады

Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырады

Мәтін бойынша 7 сұрақ құрастырады

процесті сипаттап жазуы

Суреттерді пайдаланып, киімнің даму тарихын жазды.

Суреттерді пайдаланып, киімнің даму тарихын баяндап жазды.

Суреттерді пайдаланып, киімнің даму тарихын сипаттап жазды.

Грамматикалық ережені қолдануы

Фразеологизм мен мақал -мәтелдерді біледі.

Фразеологизм мен мақал –мәтелдердің эмоционалдық мәнін ашады.

Фразеологизм мен мақал –мәтелдердің эмоционалдық мәнін ашады, көркемдік ерекшелігін түсініп қолданады.


Интернеттен алынған


http://expert.atamura.kz/kz/books/171














































Интербелсенді тақтада үлгі ұсынылады












Суреттер оқушылар алдына таратылады және интербелсенді тақтадан көрсетіледі.





























Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия.

«Ойлаудың бес гүлі» әдісі

  1. Бүгін мен жаңадан не үйрендім?

  1. Қандай қиындық болды?

  1. Бүгін кімге көмегім тиді?

  1. Сабақтан алған әсерім?

  1. Менің көңіл- күйім


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

  1. Тапсырмалардың біртіндеп күрделеніп, оқушылар өз деңгейіне дейін ғана орындауға мүмкіндік алады;

  2. Қолдау: Түсіндірме сөздік ұсынылды. Жұптық жұмыста оқушылардың бір-біріне көмегі; Мұғалімнің кері байланыс;

  3. Деңгей бойынша бағалау критерийлері;


Оқушылар дескрипторлар арқылы өздерін тексереді.«Ойлаудың бес гүлі» кері байланысы қолданылады.

Тақырып көшпенділердің киімі туралы болғандықтан тарих пәнімен байланыстырамын. Ғаламтор көзін пайдалануда қауіпсіздік ережелері сақталады.

Ойлану




Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?


Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?



Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?


Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ оқу мақсатына жетті. Оқушылар оқылым мәтіндегі ақпаратты қолданып, ашық сұрақтар жаза алды. Нәтижеге қол жеткізгенін білу үшін дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалайды.


Оқушылар ашық сұрақ құрастыруды, өз көзқарасын мысал арқылы дәлелдеуді үйренді, сөздік қоры молайды.

Сабақ басында ынтымақтастық орта орын алды.



Қолымнан келді. Дифференциация оқушыларға қолдау көрсету арқылы іске асты.



Тапсырмалар уақытында орындалды. Жоспарланған уақытты дұрыс пайдалана алдым.


  • Сыныпты топқа бөлдім.

  • Оқушылардың сұрақ құрастырғанда сұрақ түрлерін және киім үлгісін этностиль үлгісіне өзгерттім.

  • Тілдік мақсатты жүзеге асу мақсатында тапсырма құрастырдым.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Оқушылардың қызығушылығын ояту мен «Топтастыру» тапсырмасы

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Кері байланыс арқылы менің келесі сабағымды жоспарлауда тапсырмаларға көңіл аударуым қажеттігіне


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1978
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі