400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көшпенділердің материалдық мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге керек ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰМЖ тарауы.

5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)

Мектеп: «Темір» жом

Күні :29/11/18ж

Мұғалімнің аты-жөні: Көккөзова А

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті(3-сабақ)

Оқыту мақсаты

5.2.2.3 – Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;

5.2.2.6 – Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну

Сабақ мақсаты

Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау

Бағалау критерийлері

Ежелгі көшпелілердің қолданбалы өнерінің кем дегенде үш ерекшелігін сипаттайды ,

Көшпелілердің қолөнер туындыларын кем дегенде үшеуін атай алады,

Киіз үйдің негізгі бөлігін түсіндіре алады,

Киіз үйдің ерекшелігін анықтай алады

Тілдік мақсаттар

Киіз үй туралы қысқаша бейне ролик тамашалайды (тыңдалым дағдысы)


Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Киіз үйдің артықшылығы

келесіде көрінеді...

Біздің анықтағанымыз...

Біздің тобымыздың ойынша....

Құндылықтарды дарыту




- Құндылықтар:

- туған жер тарихын мақтан тұту

- патриотизм

- өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану мен Әдебиеттік оқу пәні

АКТ қолдану дағдылары

Қажетті ақпаратты алу және өңдеу дағдысы дамытылады.

Бастапқы білім


5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі: Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті,

Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу,сынып тазалығын тексеру.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.Өз есімдеріне байланысты кластер құру.Мысалы, Ақмарал мұғалім ақылды,үйдің кенжесі т.б.

Топ құру. Жұмбақ шешу арқылы топ құру. Жұмбақ киіз үйдің негізгі төрт негізгі сүйегіне арналады. Қима парақтарға жұмбақтар жазылған оқушылар жұмбақ шешіміне байланысты топқа бірігеді.

1-топ «Шаңырақ» 2-топ «Кереге»,

3-топ «Уық», 4-топ «Сықырлауық»

Жұмбақтар.

1.Жетпіс екі найзаны,

Біріктіріп ұстап тұр.

Ата-бабаның қай жаны,

Ие болса оған-ұшпақ бір. (Шаңырақ)

2.Көрсең,

Алып тор жолды парақтай.

Жайсаң,

Қатарлап сызған жолақтай. (Кереге)

3.Бір басы имек,

Бір басы үшкір сырық,

Қатар-қатар тұрып,

Күмбез сынды шеңберді,

Көкке тіктеп көтереді. (Уық)

4.Үстін жапқан шап-шағын,

Ашсаң тақтай қақпағын,

Жол береді кісіге,

Кіресің үй ішіне. (Сықырлауық,есік)


Сабаққа дайындалған таныстырылым.






(1-слайд)


2-слайд











Сабақтың ортасы










1-тапсырма «Маған ұнайтын жеміс» Жеке жұмыс.Себеттегі өздеріңе ұнаған жемісті алып, сұраққа жауап береді.

1. Неліктен көшпелі мал шаруашылығы тиімдірек болды?

2. Маусымдық жайылым түрі.

3. Төрт түлік деп қазақтар малдың қай түрін атайды?

4.Мәдениет дегеніміз не?

5.Қазақтар мүйізден не жасады?

6.Материалдық мәдениет дегеніміз не?

7.Рухани мәдениет дегеніміз не?

8.Алғашқы қолдан жасалған кепе үйлер Қазақстанның қай өңірлерінен табылды?

9.Күрке үйді кімдер қолданған?

10.Киіз үйдің қандай түрін білесің?

11. «Қанат » дегеніміз не?

12.Киіз үйдің бөліктерін ата?

13.Киіз үйдің қасиетті орны?

14.Киіз үйдің іші неше бөлікке бөлінеді және атап бер?

15.Шаңырақты кім көтереді? т.б

Қалыптастырушы бағалау:смайликтер арқылы жүргізледі.

Дескриптор:

-Көшпелі мал шаруашылығының тиімді тұстарын атайды(мысалы ауа-райы, жер ерекшелігі)

- Қыстау,көктеу,жайлау,күзеуді атайды,

-Төрт түлік мал(жылқы,түйе,ірі қара,қой,ешкіні атайды)

2-тапсырма. «Мен суретші боламын»Топтық жұмыс. Оқушыларға өздері білетін ерте замандардағы баспана түрлерін салуды ұсынады.

Оқушыларға алғашқы адамдар мекендеген үнгір, андрондықтардың жартылай жертөлесі, күрке, киіз үй, қазіргі замандағы үй және көп қабатты үй суреттерін ұсына отырып, оқушыларды жетелеуші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашуға бағыттайды.

Оқушылармен диалог орнатады.

Мысалы:

  • Баспана дегеніміз не?

  • Тас, қола ғасырының адамдары қандай баспаналарда тұрған?

  • Көшпелілер киіз үйді жабдықтауда қандай материалдарды пайдаланған?

Қалыптастырушы бағалау:фигуралар арқылы жүргізіледі.

Дескриптор:

  1. Баспана

  2. Қолданатын еңбек құралдары,бұйымдары

  3. Тұрмыстық заттары, ыдыстары және олардың өрнектері

Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт-бағдар бере отырып, қолданбалы өнердің ерекшеліктеріне назар аударуы тиіс

Оқушы әрекеті

Оқушылар топта сурет салады және таныстырылымға дайындалады. Әр топтың таныстырылымын қорғауға 3-4 минут жеткілікті.

Топтық жұмыстарды қорғап болған соң оқушылардан көшпелілердің баспанасының және қолданбалы өнерінің ерекшеліктері туралы бұрынғы білімдерін 5 минуттық видео арқылы бекітуге болады.

Киіз үйдің тарихы туралы видео

  1. https://www.youtube.com/watch?v=dm7TkFUX6-E&t=5s 4 минут


  1. https://www.youtube.com/watch?v=XjsYPFmSshI 1,5 минут


Сергіту сәті.Оқушыларды ортаға шығарып,дөңгелек етіп тұрғызып мына өлең шумақтарын айтқызамын.

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.

Мұғалім : «Қол шапалақтау»Балалар мен қазір сендерге киіз үй жабдықтарына қатысты сөздер айтамын. Сол кезде сендер қолдарыңды екі рет шапалақтайсыңдар,ал оған қатысты сөз болмаса бір рет қол шапалақтайсыңдар.Мысалы,туырлық,кереге, дәптер,түндік,киіз,тақта,есік,үзік,терезе т. б.

3-тапсырма «Хат қоржын» Топтық жұмыс.

1253-1255 жылдары Қазақ жерін басып өткен француз елшісі Рубруктың айтуы бойынша ...«Олар тұратын үйлер ағаш кеспектерінен құрастырылып,  бұтақтармен шабақталған, төбесінде жоғары қарай мойнын созып, ықшамдана түсетін оттықтікі сияқты дөңгелек түтігі бар арба үстіне орналастырылып, киізбен қапталады екен».


Ата-бабамыздан жеткен асыл мұрамыз туралы саяхатшы

С. Руденко: «Қазақтың киіз үйі құрылымдық жағынан осы уақытқа дейін көшпелі халықтардың бірде-біреуі асып түсе алмаған, жылжымалы баспананың ең жетілдірілген түрі болып табылады»


ғалым А.Сейдімбек: «Киіз үй көшпелі өмір салттың негізгі алғышарттарының бірі болғандықтан ұдайы жетіліп, ұдайы шыңдалып, ұдайы сәулеттеніп отырды. Бұл ретте, киіз үйді көшпелілердің ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесінің, ой өрісінің, талғам-танымының және шеберлік-шалымының  ең жарқын айғағы деуге болады»


Сол өлкені (қазіргі қазақ жерін) мекен ететін елдің үстіне үй тігілген арбасын Ибн Батутта былай суреттеген: “Дөңгелекті құрылғыны олар “арба” деп атайды. Кеп дөңгелекті арбаның үстіне тұрғызғаны – бір-біріне қайыспен байластырылған ағаштардан құрастырылған күмбез сияқты қаңқа”

Оқушыларға ортағасырлық саяхатшылардың (Г.Рубрук, Ибн Батута, А. Сейдімбек, С. Руденко т.б.) көшпелілердің баспанасы туралы жазған деректерін карточка ретінде ұсынамын.

Дескриптор: Оқушылар деректерді оқып бір сөйлеммен тұжырым жасайды.

Қалыптастырушы бағалау.Мақтау,мадақтау сөздер арқылы «Керемет», «Тамаша», «Ғажап», «Өте жарқын»т б.

4-тапсырма. «Тарихи бас қатырғы» Топтық жұмыс.Төрт сөз беріледі.Сөздер шатасып жазылған және онда бір әріп артық болады.Сол әріптен тігінен бір сөз шығады.

ЙІКӨЗИҮ Ө Киіз үй

ЕНРЕГЕК Н Кереге

РАЕТҚУЫ Е Уықтар

АҢРЫҚРАШ Р Шаңырақ

Дескриптор: Киіз үйдің сүйектерін атайды.

Қалыптастырушы бағалау.Смайликтер арқылы жүргізіледі.

Киіз үйдің тарихы туралы видео

https://www.youtube.com/watch?v=dm7TkFUX6-E&t=5s


Өзбекәлі Жәнібектің «Жолайрықта»








Сабақтың соңы

Киіз үйдің әлемдік өркениетке қосқан үлесін видео арқылы көріп қорытынды жасау.

Үйге тапсырма : «Киіз үй –көшпелілердің қолданбалы өнерінің көрінісі» 50 сөзден тұратын эссе жазу.


Рефлексия Кері байланыс кемесі


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыға қосымша деректермен жұмыс.

Жеке және топтық тапсырмалар беру арқылы

Көзге жаттығу және үзіліс кезіндегі қауіпсіздік

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1417
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі