жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Костюм композициясы туралы түсінік Сабақтың мақсаты:
Сабақтың
тақырыбы: Костюм композициясы туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:
Костюм композициясының негіздерімен таныстыру,
жаңа модельді ойлап шығаруда
маңыздылығын, ерекшеліктерін түсіндіру
б) Дамытушылық:
Оқушылардың белгілі бір кәсіпке деген
бейімділігін дамыту, білім қорларын молайту,
жоғарғы талғамының қалыптасуына ықпал ету
в) Тәрбиелік:
Киімнің көркем жобасын жасай білуге, еңбектегі
тәртіптілікке, әсемдіктті түсіне білуге
тәрбиелеу
Сабақтың
түрі: аралас
Сабақтың
типі: жаңа білім беру
Сабақтың
әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті, сурақ-жауап,
ойын, ой қозғау, сарамандық
Пәнаралық
байланыс: бейнелеу, математика,
әдеп
Көрнекілігі: Костюм
композициясына байланысты слайд түрлері
Тест тапсырмалары, Мәтін құрастыр – топтамалар
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушылардың назарларын сабаққа аудару, кезекшілер
арқылы түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
2.
Үй тапсырмасын сұрау:
Шалбарды өңдеу технологиясын сурет бойынша
сұрау:
-
Бүкпелердің түрлері, өңдеу ерекшеліктері
-
Қалталар түрлері, қажетті бөліктер
-
Адым, бедер, жан тігістерін өңдеу ерекшеліктері.
-
Бел қиығын өңдеу әдістері
-
Шалбар балағын өңдеу технологиясы
-
Фурнитуралар
Қайталау тақырыбына байланысты тест тапсырмаларын үлестіру
Тест.
1. Жылтқыш материалдарды көрсет.
а) дублирин, флизилин, синтепон
б) ватин, синтепон, мақта
в) ФНМ, флизилин, дублирин
2. Тігін өндірісіндегі цехтар нешеге бөлінеді ?
а)
4
б)
3
в)5
3. Өнім шығарумен айналысатын цехтарды қалай атайды?
а) тігін цехтары б) көмекші
цехтар в) негізгі цехтар
4.Ылғалды-жылулық өңдеу жабдықтары
а) ПГУ-2 б)
РЛ-6 в)
ЭЗМ-3
5. Бөліктердің қиығын торлауға арналған машина
а)
25-кл.
б) 1595
кл. в) 51-А
кл.
6. Таспалы пішу машинасы:
а)
РЛ-6
б) ЭЗМ-3 в)
ПВГ – 8
7. Түйме тігуге арналған жартылай автоматты машина
а) 25-А кл.
б) 827-А кл. в) 220-М кл
8. Жалпы тігін өндірісінің жабдықтары нешеге бөлінеді?
а)
2
б)
5
в) 4
9. Сырып тігу және торлау тігісін қатар орындайтын арнайы
машина
а) 85
кл.
б) 27
кл.
в) 508-М кл.
10. Түймеліктерді торлауға арналған жартылай автоматты тігін
машинасын көрсет.
а)
25-А
б) 27
кл.
в) 51 –А кл.
3:
Үй тапсырмасын қорыту:
Шалбарды өңдеу технологиясы бөлімі бойынша өтілген материалдарды
пысықтау.
4. Жаңа сабаққа
кіріспе:
«Костюм» ұғымын қалай түсінеміз?
Костюм- адамның сыртқы
келбетін толықтыратын киім, бас киім, аяқ киім, әшекейлердің т.б.
жиынтығы. Негізгі рөлі киімге байланысты.
Костюм композициясы ұғымымен және оның негізгі сипаттарымен
танысамыз.
5.
Жаңа сабақ:
Костюм
композициясы – киім элементтерінің тұтас үйлесі.
Жаңа модельді жасап шығаруда суретші –модельер мынадай
талаптарды ескеру керек.
-
адамның жас ерекшелігін
-
қызметін
-
киімнің берілу сипатын
-
пропорциясын
-
дене бітімін
-
материалдардың қасиетін
-
түсін
-
киімдерге қойылатын талаптарды
-
сәннің бағытын
Костюм композициясыныңнегізгі көрсеткіштері:
-
силуэт
-
сызықтар
-
пропорция
-
ырғақ
-
түстер
-
оптикалық әсерлер
Силуэт – заттың кескіні,
көлеңкесі, пішіні ұғымын білдіреді. Силуэтке сипаттама беру үшін
оны геометриялық фигуралармен немесе әртүрлі заттармен салыстырады.
Силуэтті модель, фасон пішім ұғымдарымен шатастыруға болмайды.
«Қынама силуэт» немесе «еркін силуэт» деп айту дұрыс
емес, өйткені бұйымның қаншалықты қыналуы оның формасына пішіміне
байланысты болады. (Слайд бойынша көрсету) Костюм
формасы мен оның силуэті силуэт сызықтарымен шектеледі.
Сызықтар. Киімдегі
сызықтар құрастыру сызықтары және сәндік сызықтары болып
бөлінеді.
Құрастыру
сызықтары модель композициясының негізін құрайды,
оның тұлғаға дәл келуін қамтамасыз етеді. Бұл иық, бүйір
тігістерінің, жеңді қондыру тігістерінің т.б. сызықтары болып
табылады.
Сәндік сызықтар
–
модельді жасап шығаруда қолданылатын сызықтар. Сәндік сызықтар
горизонталь, вертикаль, қисық, сынық, аралас, параллель болып
бөлінеді. Бұл сызықтар костюмнің маңызды бөлігін баса көрсетуге
бағытталады.
Пропорция – костюм бөліктерінің өзара және адам
тұлғасымен салыстырғандағы ара қатынасы. Киімдегі пропорцияны
анықтауда киімнің ұзындығымен бел сызығының орналасуы негізгі
бастапқы нүктелер болып табылады. Адам тұлғасының пропорционалдығы
таңдаған киімнің пропорциясына ғана байланысты емес, сондай-ақ шаш
үлгісіне, бас киімнің көлеміне, аяқ киімнің биіктігіне де қатысты
екендігін суретші модельер киімнің моделін жасауда ескеру
керек.(Слайд бойынша көрсету )
Ырғақ – шамалас киім элементтерінің кезектесіп,
қайталанып келуін айтады айтады. Ырғақ қарапайым метрикалық,
пропорционалды – реттілік, радиал – сәулелік болып бөлінеді. Бір
элементтің бірдей қашықтық сайын қайталанып келуі қарапайым
метрикалық деп аталады. Элементтің барған сайын үлкеюі немесе
жойылуы пропорционалдық – реттілік ырғақтылығымен сипатталады.
Радиал – сәулелік ырғақта элементтер жиынттығы сәуле сияқты болуы
мүмкін.
Түстер – костюмнің негізгі сапасына әсер етеді.
Табиғатта төрт негізгі түстер бар: қызыл, жасыл, сары, көк, ал
қалған түстер осы түстерді араластыру арқылы және оларға қара және
ақ түстерді біріктіру арқылы алынады. Барлық түстер жылы және
салқын болып бөлінеді. Жылы түстер затты үлкейтіп көрсетсе, салқын
түстер кішірейтіп көрсетеді. Түстер хроматикалық және
ахроматикалық болып бөлінеді.Түстердің үйлесімділігін түстер
гармониясы деп атайды. Модельді ойлап шығаруда суретші – модельер
түстердің үйлесімділік заңдылықтарын ескеріп қана қоймай, сонымен
қатар матадағы суреттерді қолданып, оптикалық әсерлер арқылы
тұлғаның кейбір кемшіліктерін жасыру мүмкіндіктерін
ойластырады.
Оптикалық
әсерлер заңдылықтарын біле отырып адам
тұлғасын үлкейтіп, кішірейтіп немесе кеңейтіп өзгертуге
болады.(Слайд арқылы көрсету)
-
Сарамандық жұмыс:
Үйрету
ойыны «Суретші - модельер»
І.топ тапсырмасы: Көктем. Сымбатты қыз, бірақ тұлғаның
жоғарғы жағы ұзын.
Кемшіліктерді түс силуэт, стилін таңдау арқылы
жасыру.
ІІ.топ тапсырмасы: Қыс. Толық қыз, оның
кемшіліктерін түс, силуэт, стилін таңдау
арқылы жасыру.
ІІІ.топ тапсырмасы: Жаз. Сымбатты қыз, бірақ
тұлғаның төменгі жағы ұзын. Түс,
силуэт,
стиль арқылы кемшіліктерін
жасыру.
7. Жаңа сабақты
қорыту:
«Мәтінді құрастыр» Сөздер жиынтығы беріледі, оқушылар ойша мәтін
құрастырады.
Костюм композициясы және оның негізгі көрсеткіштері жайлы
оқушылардың білімдерін пысықтау.
Бағалау.
8.Үйге тапсырма
беру: Костюм композициясы
Қайталау тақырыбы: Классикалық шалбарға өлшем алу, алдыңғы
бөлігінің сызбасы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген