жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Котлет қоспасы
Сабақтың тақырыбы: Котлет қоспасын және одан жартылай өнімдер әзірлеу.
Сабақтың мақсаты:
Үйретушілік: теориядан алған білімдерін практикада қолдана білуге, котлет қоспасынан әзірленген тағамдар даярлауды үйрету.
Дамытушылық: ой-өрісін, шеберлігін, білімділігін дамыту.
Тәрбиелілік: өз мамандығына құрметтеуге, іскерлікке тәрбиелеу.
Оқыту әдісі: күрделі комплексті жұмыстарды орындау.
Сабақтың типі: әңгімелесу, зерттеу, көрнекі-демонстрациялау, практикалық.
Сабақты материалдық-техникалық жарақтандыру:
Жабдықтар: электр плитасы, электрлі қуыру шкафы, ыдыстар мен құралдар.
Шикізат: рецептер жинағы бойынша алынған азықтар.
Дидактикалық материалдар:
Пәнаралық байланысы:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сабаққа қатысушылар санын, олардың сырт кейпін тексеру.
Жұмыс орнын ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе нұсқау.
1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
2. Білімгерлердің назарын жаңа сабақтың мазмұнына көкейтестілендіру.
3. Білімді және практикалық ой біліктерін көкейтестілендіру
Сұрақ-жауап:
Еттің тағамдық маңызы
Егер ет майсыз болса, не істеу керек?
Котлет қоспасына сүт немесе су не үшін қосылады?
Котлет қоспасына нанды не үшін қосады?
Пияз, сарымсақ қосылған котлет қоспасының жартылай өнімін не үшін бірден жылу өңдеуден өткізу керек?
Котлет қоспасын не үшін ұрғылайды?
Колет қоспасының өнімдерін не үшін жартылай аунатпада аунатады?
Котлет қоспасы өнімдерін қуыру температурасы?
Котлет қоспасы өнімдерін сақтау мерзімі?
Егер котлет қоспасының тұзы көп болса, ол қатені жөндеуге бола ма? Болса қалай жөнделеді?
Котлет қоспасы өнімдері қуыру кезінде шашырап және табаға жабыспау үшін не істеу керек?
Қуырылған котлетке өте қуырылған қабық болды. Жағдайды қалай жөндеуге болады?
4. Өндірістік оқыту шеберінің өз түсіндіруі
Таблица 1.
Котлет
қоспасын әзірлеуге қолданады:
Таблица 2. Котлет қоспасы компоненттерінің сандық қатынасы
1000
г етке алады (грамм есебімен): су
немесе сүт-300 г нан-250
г тұз-20
г бұрыш
үгітілген
Котлет
қоспасынан әзірленген өнімдердің
жылулық өңдеу кезіндегі шығымы 19%
құрайды.
Таблица 3. Котлет қоспасы және одан жартылай өнімдер әзірлеу
Етті ұсақ кесектерге кеседі және еттартқыштан өткізеді.
Таблица 4
Су немесе сүтте жібітілген нан, тұз, бұрыш қосып араластырады және тағы да
5. «Алгоритм» байқауы.
Котлет қоспасының әзірлену технологиялық процестерінің рет-ретімен белгілей отырып, таблицаны толтыру.
|
Тұз, бұрыш қосып араластырады және ауамен қанықтыру үшін ұрғылайды. |
|
Дайын жартылай өнімді ыдысқа қояды және жылу өңдеуге жібереді. |
|
Дайын котлет қоспасынан жартылай өнімдейді пішіндейді, аунатады. Аунатпа үшін ұн немесе кепкен нан ұнтағын қолданады. |
|
Суда немесе сүтте қабықсыз бидай нанын жібітеді. |
|
Етті еттартқыштан өткізеді. Егер еттартқыш 2 тор көзді болса 1 рет, 1 тор көзді болса, 2 рет өткізеді. Сосын жібітілген нанды қосып, еттартқыштан тағы да өткізеді. |
|
Етті еттартқыштан өтуге ыңгайлы етіп, еттартқыштан тағы да өткізеді. |
6. Тағамды таңдау.
Конвертке әріптерді қиып салу, соны алып сөзді құрау, сол топ сол тамақты әзірлейді.
№658. Котлет, биточки, шницель.
Шикізат аталуы |
І сыбаға |
|
бр |
нт |
|
Сиыр еті Бидай наны Сүт немесе су Кепкен нан ұнтағы Жартылай өнім салмағы Ерітілген мал майы Қуырылған котлет, биточки, шницель салмағы Гарнир №744, 750,753,757,759-761,765,773,793. Тұздық №824,827,828,829,863-865 Немесе асхана маргарині Шығымы: Тұздықпен Маймен |
101 18 24 10 - 6 -
-
- 8 - |
74 18 24 10 123 6 100
150
50 8 300
258 |
Дайын котлет қоспасынан котлет (сопақша-жапырылған, бір ұшы үшкір), биточки (домалақ-жапырылған, қалыңдығы 2,0-2,5 см) , шницель (жапырылған-сопақша, қалыңдығы 1 см) пішіндейді. Оларға пияз және сарымсақ қосуға болады. Үлестірерде гарнир мен тұздықпен жіберіледі. Қуырылған тағамды ыстық күйінде 2-3 сағат сақтайды.
Сапалық талап:
1.Котлет тағамына:
Пішіні: сопақша-жапырылған, бір ұшы үшкір, бір ұшы доғал.
2. Биточка
Пішіні: домалақ-жапырылған
3. Шницель
Пішіні: жапырылған сопақша
Жанына тұздық құйылып, гарнир қойылған.
Консистенциясы: сөлді, көтеріңкі, бірыңғай.
Түсі: қабығы-қоңыр, кесілген жері-ашық, сұр.
Дәмі: тағамдағы азықтарға тән.
Иісі: дәмі, иісі өзіне тән бөтен иіссіз болу керек.
7. «Қара жәшік» байқауы.
Біздің міндетіміз-қара жәшікте не бар екенін табу. Ол үшін 4 еске түсіру беріледі.
Оның отаны – Чили. Оны Европада алғашқы кезде гүлді жабайы өсімдік ретінде қабылдаған.
Жоғары қоғам сәнгерлері оның гүлін шаштарына қадаған.
Ресейге Петр І кезінде әкелінген.
1800 жылдары оны мейрам кездерінде сирек кездесетін ас ретінде ұсынған.
8. Венн диаграмасы
Айырмашылығы |
Ұқсастығы |
Айырмашылығы |
|
|
|
І-ІІ топ: котлет, биточки.
ІІ-ІІІ топ: биточки, шницель.
ІІІ-І топ: шницель, котлет.
9. Кіріспе нұсқау материалдарын бекіту
«Есте сақтау түйіні» байқауы.
Техника қауіпсіздік ережелерінің ішінен 6 қатені табу
1. Электр жабдықтарының жерге қосылуын тексеру
2. Резина кілемшелер болуы тиіс
3. Күйген проводтар ақауларын тексеру
4. «Қосу», «Тоқта» кнопкаларын сулы қолмен қосып-ажырату
5. Еттартқыштың дұрыс жинақталғанын тексеру
6. Еттартқышты бос жүріске тексеру
7. Еттартқышпен жұмыс істеу кезінде шанышқыны немесе пышақты қолдану
8. Еттартқышпен жұмыс істеп болған соң, тоқтан ажыратып, тазалау және санитарлық өңдеу жүргізу
9. Электрлі плитамен жұмыс істегенде, жиегіне сүйенбеу керек
10. Плитаның үстіне тегіс емес, лас және ылғал түпті ыдыс қойылады.
11. Прихватканы қолдану
12. Плитаның үстіне май төгілсе, қант себу керек.
13. Жұмыс соңында плитаны тоқтан ажыратып, салқындатып тазалау керек
14. Қуыру шкафымен жұмыс жасағанда рубильникті өшіру керек.
15. Қуыру шкафының есігін тіреуіш ретінде қолдану керек.
16. Қуыру шкафын сөндіріп, толық салқындағанда тазалау керек.
17. Электр жабдықтарын қараусыз қалдыруға болмайды.
18. Жұмыс алдында қолды тазалап жуу керек.
19. Әжетханаға аспаздық арнайы киіммен бару керек.
20. Әжетханадан келген соң қолды 2 рет жуып, арнайы ерітіндімен өңдейді.
ІІІ. Ағымдық нұсқау:
Білімгерлер іс-әрекеті |
Өндірістік оқыту шеберінің іс-әрекеті |
1.Жұмыс орнын ұйымдастыру, ыдыстар мен құралдарды іріктеу.
2.Азықтарды өлшеу.
3.Етті еттартқыштан өткізуге әзірлеу, өлшеу.
4.Шабылған қоспа әзірлеу.
5.Жартылай өнім әзірлеу.
6.Жартылай өнімді өлшеу, әзірлеу.
7.Өнімдерді қуыру.
8.Гарнирлерді әсемдеу.
9.Тағамды үлестіру. |
1.Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау.
2.Білімгерлердің іс-әрекетін бақылау.
3.Жұмыс тәсілдері мен әдістерінің орындалу мақсатын бақылау керек жағдайда көмектесу. Бағалау парағына жазу.
4.Технологиялық процестің рет-ретімен орындалуын қадағалау.
5.Жеке оқушыларға көмектесу.
6.Білімгерлердің іс-әрекетін бақылау.
7.Техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.
8.Әсемдеу түрлерін көрсету.
9.Жұмысты қабылдау. Дайын тағамды бағалау. |
IV. Қорытынды нұсқау
1. Сабақ барысындағым жетістіктерді хабарлау
2. Технологиялық картамен жұмыс жасау мүмкіндіктерін талдау
3. Сабақ барысында кеткен кейбір кемшіліктерге тоқталу
4. Ең жақсы жұмысты жарнамалау
5. Білімгерлерді бағалау
V. Үй тапсырмасы.
Қуырылған ет тағамдары тақырыбын қайталау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген