Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыс қасиеттері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыс қасиеттері
Бөлім: |
10.1 C Химиялық байланыс |
Педагогтің аты-жөні: |
Серғали Шынар Серғалиқызы |
Күні: |
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Ковалентті байланыс.Ковалентті байланыс қасиеттері |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру; 10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру; |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Ковалентті байланыстың түзілуін анықтайды. Көпшілік оқушылар үшін: Донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша сипаттайды. Кейбір оқушылар үшін: Қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіреді |
Құндылықтарға баулу: |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады. 3. Оқушыларды топтарға біріктіру. |
Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді. 1 топ: Кітап 2 топ: Дәптер 3 топ: Қаламсап |
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы (Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
||
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
1. Коваленттік байланыс деген не? 2.Алмасу механизмі дегеніміз? 3.Донорлы-акцепторлы механизм? |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу 31 мин. |
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді |
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1. Ковалентті байланыстың түзілуін анықтайды |
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру. |
||
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
1-Тапсырма Алмасу механизмі атомдардағы дара электрондардың ортақ жұбы түзілген жүзеге асатын
2-Тапсырма Донорлы-акцепторлы қызмет атқарады |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1.Тапсырманы орындайды |
ДК экраны 10-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
||
Жеке жұмыс
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
3-Тапсырма 1.Cl2, H2, HCl, NH3молекулаларындағы байланыстың түзілуін ескере келе О2, N2 молекулаларындабайланыстың түзілуін салу: 2.Сигма – және пи- байланыстардың түзілу механизмін түсіну:
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1.Байланыстарды анықтайды |
ДК экраны 10-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. |
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
«Мадақтау сөзі» әдісі |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек? 1: 2: |