400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Коваленттік байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 31 мектеп-гимназия











АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Коваленттік байланыс





Химия магистрі: Бисенова Элеонора Сагитжановна















2019 – 2020 оқу жылы











Бекітемін: ____________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №18

Күні: 30.01.20ж

Мұғалімніңаты-жөні: Тайланова Б.Е.

Сынып: 8 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Коваленттік байланыс

Сабақтың түрі

Ашық сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.4.6 ковалентті полюсті және полюссіз байланыстарының түзілу механизмін электртерістілік және валенттілік ұғымына сүйене отырып түсіну

8.1.4.7 ковалентті байланыс үшін"нүктелер мен айқыштар" диаграммасын салу

Оқу мақсаты

Барлық оқушылар

Химиялық байланыстар және олардың түрлері туралы білімдерін толықтырады, топпен жұмыс жүргізіп ортақ шешімге келеді

Басым бөлігі

Оқушылардың басым бөлігі, Химиялық байланыстар және олардың түрлері туралы түсінік алып, олардың маңызына байланысты мәліметтерді тауып, хабарлайды

Кейбір оқушылар

Тақырып мазмұнына байланысты мәліметтерді талдайды, сипаттайды, өмірмен байланыстырып, дәлел келтіреді

Жетістік

критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

Коваленттік байланыс, электрондық бұлттың бүркесуі, тығыз электрондық аймақ, энергия ұтымы ұғымдарын қалыптастырады

Коваленттік байланыстың маңызды сипаттамасы байланыс ұзындығы мен байланыс энергиясының мәнін түсінеді

Тілдік мақсаттар


  • Ковалентті полюссіз байланыс – Ковалентная неполярная связь – Nonpolar covalent bond

  • Ковалентті полюсті байланыс – Ковалентная полярная связь – Polar covalent bond

  • Құрылымдық формуласы – Структурная формула– Structural formula

  • Молекулалық формула – Молекулярная формула – Molecular formula

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс жасау барысында оқушыларды өзара көмек көрсетуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға және өзара ақпарат алмасу барысында бір-біріне құрмет көрсетуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Биология, өзін – өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында PowerPoint презентациясын және бейнебаян көрсету үшін интерактивті тақтаны қолдану, зерттеу жүргізу барысында Интернет желісін қолдану

Бастапқы білім


Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.

Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Сабақты ұйымдастыру

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Сынып топқа бөлінген.

Мен өзімнің төзімсіз қасиетімді беріп жіберіп, Гаухардың ақкөңіл қасиетін өзіме қосып алсам деймін. Ары қарай балалар бір – біріне топ бойынша айтып шығады.

Оқушылар бір – біріне жақсы қасиеттерін айтады.

  • Instagramm парақшасына лайк жинайды сұрақтарға жауап беру арқылы (Жүрек тәрізді стикерлермен).

Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақтар: «Кім жылдам»

  1. Элемент атомдарының электрондарды беру қасиеті қандай заттарға тән?металдық

  2. Элемент атомдарының электрондарды қосып алу қасиеті қандай заттарға тән?бейметалдық

  3. Период бойынша солдан оңға қарай металдық қасиеті...?кемиді

  4. Период бойынша солдан оңға қарай бейметалдық қасиеті ...?артады

  5. Топ бойынша жоғарыдан төмен металдық қасиеті ...?артады

  6. Топ бойынша жоғарыдан төмен бейметалдық қасиеті...?кемиді

  7. Электртерістілік дегенміз не? Элемент атомдарының сыртқы қабатына электрондарды тарту арқылы аяқталған электрондық қабат түзу мүмкіндігін сипаттайтын шама.

  8. Электртерістілігі ең жоғары элемент?фтор

  9. Электртерістілігі ең төмен элемент?цезий

  10. Электртерістілік деген ұғымды кім енгізді?Л.Полинг 1932

Терминдер

Ковалентті полюссіз байланыс

Ковалентная неполярная связь

Ковалентті полюсті байланыс

Ковалентная полярная связь

Молекулалық формула

Молекулярная формула


Power Point презентациясы

Сабақтың ортасы

30 минут

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін сурет ұсынылады.

Оқушыларға Bilimlend сайтынан Коваленттік байланыс туралы бейнебаян көрсетіліп, талқыланады:

Ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын химиялық байланыты коваленттік байланыс деп атайды.

Коваленттік байланыстың екі түрі бар: полюссіз және полюсті. Коваленттік полюссіз байланыста электрондардың жалпы жұбынан түзілген электрон бұлт – байланыс бұлты (тығыз электрондық аймақ деп аталады) екі атомның ядроларына қатысты кеңістікте симметриялы таралады. Мысалы, бір элементтің атомдарынан тұратын молекулалар: Н2, Cl2, N2, O2, F2 және т.б. Коваленттік полюсті байланыстарда бүркесу зонасы электртерістігі үлкен атомға ығысқан. Мысал ретінде газтектес хлорсутектің түзілуін қарастырайық:

Н ® + ®Cl: g Н (:) Cl: немесе Н - Сl

Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмдері бар. Донор- бұл бос электрондық бұлты бар атом, ал акцептор- бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек.

І.Жеке жұмыс

Сәйкестендіру


Коваленттік полюссіз

NН3

Н2

НF

N2


Коваленттік полюсті

O2

НСІ

Н2О

Cl2

Дескриптор:

  • коваленттік полюссіз байланысты ажыратады.

  • коваленттік полюсті байланысты ажыратады.

ІІ. Топтық жұмыс.

Икс нолик ойыны.

І топ

Cl2


H2O

НСІ

NO2


N 2

Н2S

O2


N O


Br2

ІІ топ

F2


N O


I2

HF


HI


Н Cl

N2


O2


NH3

ІІІ топ

Cl2


N O


I2

HF


F2

Н Cl

N2


H2O


N O


III. Топтық жұмыс

1-топ: Металдар

N2, НF молекулаларының молекулаларының түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып көрсетіңіз

2-топ: Бейметалдар

Br2, НСІ молекулаларының түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып көрсетіңіз

3- топ: Электртерістілік

О2, Н2S молекулаларының түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып көрсетіңіз


Дескриптор:

  • ортақ электрон жұбы түзілуі арқылы ковалентті байланыстың түзілуін көрсетеді;

  • ковалентті байланыс түрлері электртерістігі қандай атомдар арасында түзілетінін ажыратады.

  • молекулаларының түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып көрсетеді;




IY. Жұптық жұмыс

BILIM Lend жұмыс парағы

АКТ

БЕЙНЕТАСПА















ПЛАКАТ

МАРКЕР









Кеспе қағаздар











Сабақтың соңы

3 минут

Жұптық жұмыс

Тест

1.Химиялық байланыстардың негізгі неше түрі бар?

А) 2

Ә) 3+

Б) 4

2.Химиялық байланыстардың негізгі түрлерін ата?

А) Коваленттік, иондық, металдық, сутектік.+

Ә) Коваленттік, полюсті, полюссіз.

Б) Қосылу,айырылу,орынбасу,алмасу.

 3.Коваленттік байланыстың қандай түрлері бар?

А) полюсті, полюссіз.+

Ә) коваленттік, иондық-

Б) металдық, сутектік

4.Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз?

А) Na2SO4 -

Ә) HF

Б)O2+

5.Полюсті коваленттік байланысты қандай элемент атомдары түзеді?

А) электртерістігінде айқын айырмашылық бар элемент

атомдары.

Ә) электртерістігі бірдей элемент атомдары.

Б) электртерістігінде айырмашылық аз. +

6. Химиялық байланыс атомның сыртқы қабатындағы... арқылы түзіледі

А) протон

Ә) нейтрон

Б) электрон+

7. Басқа атомдардың электрондарын тарту қабілеті

А) электртерістілік+

Ә) электрөткізгіштік

Б) бейтараптану

8. Период бойынша атомдардың электртерістілігінің мәні

А) кемиді+

Ә) артады

Б) өзгермейді

9. Сыртқы қабатындағы электрондарын беру үрдісі бар атомдар

А) металдар +

Ә) бейметалдар

Б) инертті газдар

Кері байланыс. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:


Instagramm парақшасындағы лүпіл санайды, бір – бірін бағалайды.

Үйге тапсырма: §35 2-тапсырма



Кеспе қағаздар



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар:қарапайым қауіпсіздік техникасын атайды

Көпшілік оқушылар: тәжірибелер жасау барысында сақталуы тиіс қауіпсіздік техникасын сипаттайды

Кей оқушылар: қауіпсіздік техникасын әр түрлі тәжірибелер негізінде түсіндіреді

  • Ауызша сұрақ-жауап

  • Рөлдік ойын


  • Тәжірибелер жүргізу уақытында бет пен көзді қолмен ұстауға болмайды;

  • Заттардың дәмін татып көруге тыйым салынады;

  • Заттардың иісімен танысқанда сақ болу;

  • Тек таза ыдысты қолдану және оның тұтастығын тексеру;

  • Қолданылатын заттардың саны жөніндегі ұсынымдарды сақтау;

  • Заттарды қыздыру және зертханалық ыдыс сынықтарын жинау кезінде жұмыс ережелерін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


















Сәйкестендіру


Коваленттік полюссіз

NН3

Н2

НF

N2


Коваленттік полюсті

O2

НСІ

Н2О

Cl2







3 топ

Cl2


N O


I2

HF


F2

Н Cl

N2


H2O


N O






І топ

Cl2


H2O

НСІ

NO2


N 2

Н2S

O2


N O


Br2







ІІ топ


F2


N O


I2

HF


HI


Н Cl

N2


O2


NH3




1-топ: Металдар

N2,НF молекулаларының молекулаларының түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып көрсетіңіз



2-топ: Бейметалдар

Br2,НСІ молекулаларының түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып көрсетіңіз






3-топ: Электртерістілік

Н2,Н2S молекулаларының түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып көрсетіңіз




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
1380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі