Еңбекшіқазақ
ауданы «Әл-Фараби атындағы орта мектеп»КММ
Әлеуметтік
педагог Саткенова Ляйла Еренжановна
Елімізде
орын алған төтенше жағдай білім саласына
жаңаша леп әкелгендей. Бүгінде төртінші
тоқсанды барлық қазақстандық мектептер
қашықтан оқытуда. Қашықтан оқыту қиыны
мен қызығы мол ұстаздар жұмысына еңбек
жолының жаңа парақтарын ашқандай болды.
Бәріміз үшін бұл - үлкен сын, бірінші
рет осындай форматта білім беріп
жатырмыз.
Бастапқыда бұған біздегі мектептер мен
оқушылар дайын ба? Облыс, қала орталықтарында
мүмкіндік бар шығар, ал шалғайдағы
елдімекен мектептері қайтпек? Қашықтан
білім беруге сақадай-саймыз ба, жоқ па
? – деген тәрізді сансыз сұрақтардың
туындағаны, ата-аналар тарапынан да
алаңдаушылық болғаны рас. Өйткені
олар білім сапасы төмендеп кетеді деп
қорыққаны жасырын емес.. Ал біз тап қазір
осы жолды таңдауға мәжбүрміз. Иә, бүгінгі
тың форматтарды кейбір балалар қиын
қабылдауы мүмкін еді. Бұл ретте ұстаздар
қауымы мен ата-аналар тарабы да
қашықтан оқытудың маңыздылығын түсініп,
шыдамдылық таныта білді. Дегенмен де
бұл еліміздегі білім саласы үшін тың
формат, жаңа тәжірибе, жаңа дағды
әрі тың мүмкіндік болды.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді
жүзеге асыруда, мектебіміздің директоры
Туаршиева Гулнар Борангазиевнаның
атқарар рөлі орасан зор. Мектебіміздің
директорының ұйымдастыруымен мектеп
мұғалімдерінің тарапыннан қашықтықтан
оқытуға байланысты азқамтылған,көпбалалы
отбасында тәрбиеленіп жатқан отбасыларға
көмек көрсетті. 12
оқушыға
22000
мыңға телефонына бірлік салып берілді.
Мектеп тарапыннан 5
оқушыға
уақытша компьютер ,аудандық білім
бөлімінің тарапыннан үш ноутбук берілді.
Білім және ғылым министрлігі қолға
алған нақты шаралардың нәтижесінде
еліміздегі 3 миллионнан астам оқушының
тиісті білім алуы қамтамасыз етілді.
Бұл- оңай шаруа емес. Бұған дейін ұстаздың
қарсы алдында отырып сабақ алған бала
алғаш рет компьютер мен смартфонға
үңілді. Ал қашықтан оқытуға “Balapan”
(қазақ тілінде) мен “Еларна” (орыс
тілінде) телеарналарының атсалысуы,
«Bilimland», «Күнделік», «Дарын онлайн»
секілді оқыту платформалары тегін түрде
жұмыс жасауы оқушылардың қашықтан
білім алу мүмкіндіктерін кеңейте
түсті.
Әрине, оқушының алдында тұрып сабақ
берген мен қашықтан оқытқан екі бөлек
дүние. Адамда эмоция болады. Методика
деген бар. Онлайн сабақ бергенде оны
қалай қолдана аламыз? Мұғалімнің
қас-қабағына қарап түсінетін оқушылар
бар. Неше түрлі сабақ беру әдісі арқылы
жақсы білім беретін ұстаздар көп. Тіпті,
кей балалар сабақты тәптіштеп түсіндірген
соң ғана әзер қабылдап жатады. Балалардың
қабылдау деңгейі әртүрлі ғой. Дегенмен,
мынандай ауыр шақта бала білімсіз
қалмауы керек, оқуы тиіс. Баланы
босаңсытпау қажет. Бастысы – оқушылар
білім алудан қол үзбеуі шарт.
Қорыта келгенде, қашықтан оқыту жағдайы
еліміздің білім саласына білім
берудің жаңаша оқыту жүйесін құру
мүмкіндігін береді. Бұл - өткен
ұрпақтан жинақталған ғылыми және мәдени
мұраларды кейінгі буындарға жеткізу
ғана емес, сонымен қатар, қазіргі
ұрпақты өзгеріп отыратын заманға
тез бейімделіп, оның сана –сезімі мен
дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ету
болды.