|
І.Қызығушылықты
ояту.Сергіту
сәті. «Сағат»
ІІ.Сергіту сәтін талқылау
шеңбері:
ІІІ.Мағынаны тану. 1.1.
Топқа бөліну:


1.2. Психологиялық ахуал
тудыру
ІV. Мағынаны
ажырату
|
Қатысушылар өздеріне берілген
сағаттың суретіне қарап, оның әр цифрының қасына өзге
қатысушылардың, коучтің де есімдерін , яғни он екі цифрдің қасына
он екі адамның атын жазып шығады. Барлығы жазып болған соң, коуч
төмендегіше тапсырмалар береді:
-
Бұл цифрдің қасына кімнің атын
жазған болсаңыз, сол кісіге қол бұлғаңыз
-
Бұл цифрдің қасына кімнің атын
жазған болсаңыз, сол кісімен құшақтасып,
амандасыңыз
-
Бұл цифрдің қасына кімнің атын
жазған болсаңыз, сол кісімен қол ұстасып,
секіріңіз
-
Бұл цифрдің қасына кімнің атын
жазған болсаңыз, сол кісіге комплимент
айтыңыз
-
«воздушный поцелуй»
жолдаңыз
-
Арқасынан қағып,
мақтаңыз
-
Массаж
жасаңыз
-
Басыңызды иіп, тағзым
етіңіз
-
Басынан сипап
еркелетіңіз
-
Оның қасына барып, ең керемет
жан екенін айтыңыз
-
Бетіне қарап жымиыңыз, яғни
оған күлкіңізді сыйлаңыз
-
Көз қысып, бас бармағыңызды
көрсетіңіз
Шығатын
қорытынды:
Біз әр цифрдің қасына
жазған адамымызға қандай әрекет ету керек екенін берілген нұсқау
бойынша бұлжытпай орындадық,өйткені әр нұсқау да көңілімізді
көтеріп, қуаныш сыйларына сенімді болдық. Олай болса, біздер,
мұғалімдер, жаңа реформаны жүзеге асыру барысында да осылай батыл,
бұлжымас әрекетке барар болсақ, тиімді нәтижеге қол жеткізерімізге
сенімді болуымыз керек, солай ма?Ол үшін не істеуіміз керек
екендігін біз бүгінгі коучингімізде талқылайтын
боламыз.
Қатысушылар суырған суреттері
бойынша топтарға бөлінеді: Тыңдалым, Айтылым, Оқылым,
Жазылым
-
Қатысушылар өз тобының
мүшелерімен ақылдасып, өз топтарының атауына қатысты мәлімет
береді. Сол дағдының сабақ үстінде қалай дамытылатыны, сол дағдыны
дамыту үшін қандай тапсырма беретінін рөлде ойнап көрсете ме, әлде
диалог түрінде (блиц-интервью) ме, әлде постер түрінде ме,
телерепортаж түрінде ме, оны өздері шешеді.(ақылдасып, дайындалуға
15 минут)
-
Әр топ өз атауларына қатысты
дағдыны көрсеткен соң оларға сұрақтар
беріледі:
-
Аталған
дағдыны(Тыңдалым, Айтылым, Оқылым,
Жазылым) қалыптастыру, сабақ үстінде
жүзеге асыру барысында қандай кедергілер кездесуі
мүмкін?
-
Бұл кедергілерді шешудің
қандай жолдарын ұсынасыз?
-
Аталған дағдының тағы қандай
тиімді әдістерін ұсынасыздар?
-
І оқу тоқсаны аяқталуға қалды.
Осы уақыт аралығында 1- сыныптағы оқушыларыңыз қалыптастырушы
бағалауға, кері байланыс беруге, тыңдалым, айтылым дағдыларына
қаншалықты бейімделді?
-
Қалыптастырушы бағалауды қалай
жүзеге асырып жатырсыздар?
-
Оқушы портфолиосына нелер
жинақтап жүрсіздер?
-
Жаңаша оқыту реформасының
болашағын қалай етіп елестетесіздер?
3.Кинозал. Рита Пирсонның нағыз ұстаз
туралы өз тәжірибесімен ой бөлісуі.
Ой
толғаныс Рита Пирсонның сөзінен не
түйдіңіз? Бізбен не ортақ, ұқсастығы неде? Қандай пікірімен
келісіп, қандай пікірімен келіспейсіздер?
3.1. Жерге түсірме ойыны Мұғалімдер талқылаған материалдан өздеріне
қандай пайда алғандары туралы пікір алысады. Шеңберге тұрып
бір-біріне доп лақтырып осы коучингтен өзіне қандай жаңалық ашқаны
туралы айтады
Қорытындылау.
Толғаныс: Бүгін не үйрендік? Не
түсіндіңіздер? Не ұнады? Не ұнамады? Қандай қорытындыға
келдік?
Кері
байланыс: Кері байланыс парағына өз
стикерлерін орналастыру.
|