400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Коучинг " Оқу үрдісіндегі критериалды бағалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг критериалды бағалау жүйесімен таныстыру мақсатында мұғалімдерге арналған. Коучинг қатысушылары бағалудың түрлерімен және олардың оқу үрдісінің нәтижелілігіне тигізетін әсері туралы танысады. Дәстүрлі бағалау жүйесі мен критериалды бағалау жүйесін салыстыра отырып, өз тәжірибесінде критериалды бағалау жүйесін енгізу қажеттілігі заман талабы екенін тұжырымдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сағашилі орта мектебі

Гаипова А.У 3-ші деңгейлі мұғалім

Коучинг тақырыбы: Оқу үрдісіндегі критерийлік бағалау.

Коучинг мақсаты: Коуч сессия тыңдаушыларына критерийлік бағалау,формативті және сумативті бағалау туралы терең мағұлмат алуға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: Коуч сессия қатысушылары бағалудың түрлерімен және олардың оқу үрдісінің нәтижелілігіне тигізетін әсері туралы танысады.

Көрнекілік құралдар: компьютер,проектор,экран,пластилин,маркерлер,презентация,А3,А4 қағаздары.

Коучинг барысы:

1. Сәлемдесу 3 мин.

Коуч сессияга қатысушыларымен танысып сесияның тақырыбымен мақсатымен танысады.

2. Жеке жұмыс 7мин.

Коуч сесияға қатысушыларға мынадай тапсырмалар береді:

Пластилиннен әр түрлі фигуралар жасайды және оны коуч бағалайды,бағалау кезінде коуч оларға өз деңгейлерінен төмен баға беріп, қойылған бағаға қанағаттанғандары туралы сұрайды.

3. Видеоматериал көрсету 10 мин.

Коуч 5-11 класс оқушыларының бақылау жұмысына қойылған бағаларына реакцисы туралы видеоматериал көрсетіп, сұрақтарды қояды:

Сіздер қалай ойлайсыздар неге оқушылар бағаларын білгеннен кейін осындай реакциясы көрсетті?

Дәл осындай жағдай сізде жиі болып тұра ма?

Және сіз осындай жағдайлардан қалай шығасыз?

Сіздің ойыңызша қойылған бағаларды оқушымен талқылау дұрыс па?

Және сіз оны қалай жүзеге асырасыз?

4 . Жұппен жұмыс 10мин.

Коуч сессия қатысушыларына А3 беттерін таратып оған аюдың сүретін салып,оны бағалап,бір-бірімен алмастырып,бағалауларын сұрайды.Сонан соң аюды келесі критерий бойынша бағалау сұралады:

Суреттің көлемі

Беттің толық көлемі-3 балл

Беттің жарты көлемі-2 балл

Беттің 1/3 бөлігі-1 балл

Түстерді пайдалану

2)4 түстен артық пайдалану-3 балл

2-3 түсті пайдалану-2 балл

1 түсті пайдалану-1 балл

Дене мүшелерінің саны

Дене мүшесі 5 тен артық болса-3 балл

Дене мүшесі 3-4 болса-2 балл

Дене мүшесі 1-2 болса-1 балл

5. Коучтың коуч қатысушыларына қоятын сұрақтары:

Бағалаудың қандай түрлері пайдаланылды?

Олар бір-бірінен айырмашылығы және неліктен?

Сіздерге қандай баға қою оңайырақ болды және неліктен?

Қай бағаға көңілдеріңіз толды және неліктен?

Сергіту жаттығулары 5мин

Коуч коуч қатысушыларынан орындарынан тұрып, «Cute Froggy Dance» бейнебаянынан жаттығуларды қайталауын сұрайды.

Топқа бөліну 3мин

Коуч коуч қатысушыларынан С витаминіне бай жеміс-жидектерді атап, мысалы лимон мен апельсин ,және лимон апельсин болып 2 топқа бөлінуін сұрайды.

Топпен жұмыс 15мин

Коуч коуч қатысушыларынан А3 беттерін алып және топпен жұмыс барысында Наф-Наф,Ниф-Ниф,Нуф-Нуф атты үйшіктерге бағалау критерийлерін атап,сол бойынша бағалауларын сүрайды.

Тапсырманы орындап болған соң коуч коуч қатысушыларына сұрақтар қояды:

Сіздерге бағалау критерий лерін құрастыру оңай болды ма?

Аталған критериийлерді құрастыру барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Олар оқушыны өзі армандаған бағаға қол жеткізуге жетелей ме? Қалайша?

Теориялық материал 10 мин

Критерийлік бағалау туралы презентацияның әр слайдын көрсете отырып, талқылау.

Қорытынды рефлексия 10 мин

Коуч сессия қатысушыларын бүгінгі жұмысты қорытындылау үшін үш нәрсені айтуларын сұрайды:

  • Біздің бүгінгі білгеніміз.....

  • Біз жақсы орындадық.....

  • Топ жақсы жұмыс жасады.....

  • Біз көп нәрсе білгіміз келеді....

  • Қазір біз 2 сағат бұрын білмегенімізді білеміз....

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі