жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коучинг: « Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында білімдегі дәстүрлер мен инновациялар»
Мазмұны
Кіріспе _____________________________________________________ 1 бет
Негізгі бөлім _______________________________________________ 2- 5 бет
Қорытынды _________________________________________________ 6 бет
Тақырыбы: « Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында білімдегі дәстүрлер мен инновациялар»
Сейткеменова Бакшагуль Кусаиновна
Алматы облысы Райымбек ауданы « Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасында орта білім беру маөмұнының жаңаруы оның сапасын
арттырудың басты жағдайы.Соған байланысты жаңарған білім мазмұнын жүзеге
асыруды басқару бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қазақстан Президентінің жолдауында: «Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз», - деген. Осыған орай нәтижелі білім беру – басты мақсат болып табылады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» - деп құрметпен сенім білдірген еді. Осы жолда білім беріп жүрген ұстаздардың атқарар ісі аумақты. Сондықтан алға қойылатын мақсат – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы жеке тұлғаның, көпмәдениетті тұлғаның дамуына жол ашу. Ол жолды ашатын- мектеп. Мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығының біртұтастығы проблемалық семинарлар мен практикумдар барысында көрінеді. Олар мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетін ынталандырып, оны педагогикалық инновацияға ұмтылдырады. Проблемалық семинар жұмыстарының мазмұны қазіргі заманғы педагогикалық теорияны қамтиды. Мектепте әдістемелік жұмыстар жүйесінде практикалық сабақтардың белсенді түрлері кеңінен қолданылуда. Олар: іскерлік, рөлдік ойындар, коучинг , менторинг, тренингтер. Бұл жұмыс түрлерінің даусыз жетістігі - орындалған әрекеттің көп нұсқалылығы, нақты практикаға барынша жақындығы ұжым болып талқылауға қолайлылығы және т.б. Әйтседе практикумдарды ұйымдастырушылар мұғалімдердің бұндай шараларға қатысуға ықылассыздығы, оларды жүргізуге әдістемелік дайындықтың аздығы сияқты кедергілерге тап болуда. Бұның бәріде проблемалық семинарлар мен практикумдарды ұйымдастыруға білікті басшылықтың керектігін танытады. Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогика-лық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірбиесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірбиемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Республикада білім беру мазмұнының жаңаруына сәйкес оның парагдимасы да өзгерді.Білім беру парагдимасының өзгеруіне сәйкес білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде дайындалатын білім беру бағдарламаларында да талаптар қойылған.Білімді тәжірибеде қолдану,эерттеу және жобалық жұмыстарды жүргізуге ықпал жасайтын нақты күтілетін нәтижелері бойынша пән бағдарламалары бойынша әр пән мұғалімінің оқушының өздігінен дамуы және функционалдық сауаттылығының қалыптасуы үшін қажетті сұранысқа сай білім алуы- әр баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде тиімді оқыту технололгияларын пайдалану арқылы оқушылардың тар білім беру салалары шеңберінен тысқары шығуға, проблемалық ситуацияларды (оқу, өмірлік, тұрмыстық және т.с.с) шешу үшін өзінің потенционалды мүмкіндіктерін жүзеге асыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын мұғалімдердің сабақ үдерісінде қолдануы тиімді нәтижелігін көрсетуде.
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір — түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Сабақтарға қатысу барысында байқағаным, оқушылар өз ойларын толық жеткізуде қиналатындықтары. Тіл пәндері мұғалімдері тіл дамыту жұмысына көп көңіл бөлуде өздеріне көмекке сын тұрғысынан ойлау (СТО) тезнологиясының тиімділігіне жүгінгенін әріптестеріне дөңгелек стөлде ортаға салды.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады [24].
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технологияны мектеп тәжірибелеріне енді .
«Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
— сенімділікпен жұмыс жасау;
— бар ынтасымен оқуға берілу;
— пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
— өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
— мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
— осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
— осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
— маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау- өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа деген де көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды.
Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:
I.Қызығушылығын ояту( «көпір жасау», ой қозғау) – Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі.
1. Мағынаны таныту ( мағынаны ажырату) — Реализация– оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
III. Ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)- Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;
оқушы мұғалім білім
сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.
мұғалім оқушы білім
СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:
СТО сабақтарда Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады. Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым. Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым. Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.
СТО — дамыту сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты. Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты, СТО -ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады. Сабақ кезеңдері байланысты қолданылатын стратегияларға тоқталып өтейік:
№ Cабақ кезеңдері Қолданылатын стратегиялар
1 Қызығушылығын ояту Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т кестесі, Бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру
2 Мағынаны тану кезеңі Т кестесі, Пікір — талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру
3 Ой толғаныс кезеңі Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат [65]
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз — философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:
РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.
Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:
— Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.
— Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).
– Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы.
– Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
ДЖИК СО стратегиясы — ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 — бөлігін екілер, 3 — бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін — бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.
INSERT немесе түртіп алу стратегиясы — түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» — білмеймін, «-» — мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды — деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.
Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.
• Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.
Кім?- Ана
Қандай? -Мейірімді, ақылды
Не істеді? -Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін -Ағайын — алтау, ана –біреу.
Синоним- Адам
RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады.
Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады.
Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар мағынаны анықтау үшін сналы түрде стратегияларды қолданады, сұрақ қойып дәлелдерді талдайды,олар жазбаша, көзбен шолу, ауызша дәлелдеріне сенімсіздікпен қараай отырып, сенбеуі де мүмкін, мұндай адамдар жаңашыл идеялар иесі және келешекте ашық болады. Қазіргі мектеп – үлкен және күрделі құрылым, оқың табысты қызметі сапалы білім беру үдерісі және педагогикалық ұжымның жоғары кәсіби еңбегі нәтижесінде жүзеге асырылады. Табысты қызмет мектептің инновациялық бағытта дамуына мүмкіндіктер тудырады.
Пайдаланған әдебиеттер
Оқу –әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі.- Астан; 2007.29.10. № 583 Қазқстан Республикасы Білім жіне ғылым министрлігінің бұйрығы
Қазіргі мектепті басқару. ТәуірбековаС.Ж Алматы -2016 ж
Мектептегі әдістемлік жұмыс. – М : 2006.-.79 Лизинский В.М

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген