400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Абай - табиғат жыршысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәні мұғалімдеріне, жаратылыстану пәні апталығына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы

«Сары-Арқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Химия пәні мұғалімі Мукаева Айгерим Бахытовна


Коучинг тақырыбы

«Абай – табиғат жыршысы»

Коучинг мақсаты

- Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ақынның табиғат лирикасының әсемдігін түсінуге, шығармаларын сүйіп оқуға, қасиеттерін өздеріне үлгі ете отырып, білім мен ғылымға құштарлығын арттыру.

- Оқушылардың жаратылыстану әлеміне деген танымдарын қалыптастырып, Абай шығармаларының жаратылыстану пәндерімен байланысын көрсету.

Күтілетін нәтижесі

Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, жаратылыс, табиғат философиясына шолуларының маңызын түсінеді.


Оқу нәтижелері

Абай шығармалары мен келер ұрпағына қалдырған асыл мұрасын тани отырып, өз тәжірибелерінде қолдануға бағыт алады.

Түйінді идеялар


Оқыту әдістері

«СТО», «Топтастыру», «Толықтыру сынамасы», «Миға шабуыл» ,«Топтық жұмыс», «Сергіту сәті», «Екі жұлдыз, бір тілек» т.б.


Уақыты

Коучердің іс-әрекеті


Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру

Кіріспе

Сәлемдесу, коучинг мақсатымен таныстыру.

Жағымды көңіл күй қалыптастыру мақсатында "Таныс, бірік, қолда" әдісін қолданамын. Оқушылар шеңбер жасап тұрып, өздерін кезекпен таныстырады, көрші оқушының есіміне сын есім жалғап, көршісіне қолдау көрсетеді.

Топтаудың үлгілері бойынша топқа бөлінеді. Жағымдық көңіл-күйді қалыптасады, бір-бірімен танысады

Іс-қимыл.

«Топтастыру»

Оқушылар «Мозайка» әдісі арқылы төрт топқа топтасуын айтамын.


Оқушылар Абай өлеңдері жазылған кеспе қағаздарды біріктірулері арқылы 4 топқа топтасады.

Кеспе қағаздар.

«Миға шабуыл»

1-топ Жұмбақ

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі екен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен?

2-топ Жұмбақ

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,

Таба алмасам ақылды болар неміз?

Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

Жақсылық пен жамандық – болды сегіз.

3-топ «Әзімнің әңгімесі» үзінді

Мыс бақырды сындырады талқан қылып

Көмірге салды мысты дүкен құрып.

Мыс былқылдап еріген кезінде шал

Шөншікпен ұсақ қара алды қырып.

Алды да ол дәрісін, мысқа салды

Былқылдаған, бұрқылдаған мыс шайқалды.

Бір нәрсемен ақырын бұлғалақтап,

Алтын деп суынған соң қолына алды...

4-топ:

38 – қара сөзінен үзінді.

Адам баласынан махшарда сұрау алынатұғын қылып жаратқандығында һәм ғадалат һәм махаббат бар.-деп басталып адам баласының сипатын ашып көрсеткен. Осының мәнін ашу.



Оқушылар топ болып өздеріне берілген тапсырмаларды талдайды.

1 топ:

1.Бұл қай элемент? Басқа металдардан қандай ерекше қасиеті бар? Периодтық жүйеде қайда орналасқан?

2.Жер астындағы қазба байлықтың ең артығы, асылы қайсы?

3.Оның адам тіршілігіндегі пайдасы қандай?

2 топ:

..Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

Жақсылық пен жамандық... осындағы Абайдың айтайын деген ойы не?

3 топ:

1.Көмір мен көрік не үшін қажет болды?

2.Осында қандай реакция қолданылады?




Ақ парақшалар

смайликтер





Негізгі бөлім

«Таныстырылым»

Абай Құнанбайұлының он жетінші қара сөзі мен қырық үшінші қара сөзін тыңдауды ұйымдастырамын.

Әр топ тыңдай отырып талдау жасайды. Постер қорғайды.



Оқушылар осы қара сөздерін тыңдап, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы, қара сөздің мәнін ашады.

АКТ

А3 формат

"Толықтыру сынамасы"

Топтарға Абай Құнанбаевтың аяқталмаған өлеңдері таратылады. Топтар бір-бірімен ақылдаса отырып толықтырады.

Топтар аяқталмаған өлеңдерді өз топ мүшелерімен ақылдаса отырып аяқтайды.

Бір-бірін бағалайды



Шапалақ үдерісі

"Сергіту сәті"

Қызықты химиялық тәжірибелер көрсету.


Оқушылар дайындап келген тәжірибелерін көрсетеді.

Химиялық құралдар


Қорытынды


«Рефлексия»

"Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі бүгінгі коучингке кері байланыс беруін сұраймын.


Оқушылар бүгінгі коучингке әр қайсысы өздерінің «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы кері байланыс береді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.10.2020
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі