Шәкәрімнің рухымен
сырласу.
Мен
сіздің шығармашылығыңызбен ең алғаш мектеп қабырғасында жүргенде
таныстым. Ұлы жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын
талдаған кезде сіздің Абайдың немере інісі екеніңізді мұғалім
айтқаннан кейін оқушылардың арасында үлкен пікірталас туған еді.
Біріміз - Шұбар десек, екіншіміз - Дәрмен деп таласатын едік. Кейін
келе, ақын ретінде ғана емес, мықты философ деп таныдық. Сіздің
өлеңдеріңіздің әрбір сөзінің мән-мағынасы өте тереңде жатқанын
ұқтық. Әсіресе, маған «Насихат» өлеңі педагог ретінде
іс-тәжірибемде көп пайдасын тигізді.
Сен
ғылымға болсаң ынтық, бұл сезімді әбден ұқ,
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер,
–
деп басталатын өлеңіңіздің
тақырыбы дәл қойылған.
Өлең
ғылым-білімді үйренуге, надандықпен күресуге, пайдакүнемдіктен
аулақ болуға, мейірімділікке үндейді. Мысалы:
Білген
ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма
кер.
Осында
білгеннің шәкірті бол да, білмегенді өзіңе шәкірт ет, үйренуге
намыстанба, үйретуден аянба дейсіз.
Өлеңіңіздегі тізбектелген теңеулер тіпті
қызық.
Шын
наданға білгеніңді ұқтырам деп ойлама,
Қанша
бидай шашсаң-дағы болмас егін тасты жер,
Менің
түсінгенім, «тасты
жер» деп отырғаныңыз – надан.
Наданды келесіде сіз тоты құсқа теңейсіз:
Тотыға
тіл үйретілсе, сөзі – адам, өзі құс,
Сол
сықылды ол наданды ермек үшін сөйлетер.
Ғылымды «жұрттың бәрін сусындатар шалқар көл, халықты
бақытқа, байлыққа бөлер таусылмас кен, рухани дерт атаулының бәрін
аластайтын, елге қуат, күш беретін дәру» деп, ал ғылымды залымға
үйретсең, ол оны оқ қылып, қару етіп, ғылымды өзінің зұлымдық
әрекетіне пайдаланады деп үйретесіз:
Қарғысына сен қаларсың, елді алдап ол
алар,
Ақылы
жоқ, малы көптің бір талайын еңіретер.
Дүниені түзетуші һәм бұзушы бір
ғылым,
Әрі
залым, әрі ғалым – ел түбіне сол жетер.
Осы
туындыңыз бір сәтте жалт еткен нұрлы ойыңызды, сол бойда жарқ етіп
тұтас көрінген ішкі сырыңыз іспеттес шығарма.
Менің бұл туындыңыз туралы
сұрақтарым өте көп. Насихатқа толы, білім-ғылымға үндейтін бір
керемет шығарма ретінде үнемі оқушыларға айтып беремін. Абайдан
кейінгі ғұлама деп танитын Сіздің дәл осы жырыңыз дәл бүгінгі
жалқау ұрпақ, білімсіз шәкірттерге арнап айтылған сияқты болады да
тұрады. Мені осы тақырып әрқашан толғандырады. Қазіргі жахандану
заманда жас ұрпақ ойлаудан қалама деп отырмын, міне осы тақырыпта
біз ұстазадар бар жауапкершілікті мойнымызға аламыз деп ойлаймын.
Мен сіздің шығармаларыңызды негізге ала отырып жас ұрпақтың бойына
өмір құндылықтарын терең әрі құнды меңгертеміз деп сенемін.сіздің
жүріп өткен ұлы жолдарыңызбен, артыңызда қалдырған қазыналы мол
ілімді мұралрыңыз осы өзін-өзі тану пәні болары
сөзсіз.
«Достық» жалпы орта мектебі
Өзін-өзі тану пән мұғалімі: Байрова Акжан
Бактыбаевна