Мектеп:"Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі"
КММ
Өткен
күні:17.10.2018
жыл
Өткізген: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кулетаева Альмира
Абильқызы
Өткен
орны: мектептің акт
залы
Ата-аналар
жиналысы
Тақырыбы:«Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің
негізі»
Мақсаты: Ата-аналарға адамзат бойындағы жалпы адамзаттық
құндылықтарды сезіне білулерін, отбасындағы балаларды тәрбиелеудегі
ата-ананың рөлін жете
түсіндіру.
Міндеттері:
1.Отбасындағы бала
тәрбиесіндегі ата-ананың
рөлі.
2.Ата-ананың бойындағы
адамгершілік қасиеттер.
3.Ата-ана және бала
қарым-қатынасы.
Барысы:
1. «Сәлемдесу»
жаттығуы.
Әр түрлі –түстісаусақтар
таратылып, шеңберге тұрады. «Көк түстер» – африалықтар (конго
тайпасының өкілері) олар алақандарын үрлеп амандасады. «Қоңыр түс»-
Қытай халқы -қол соғу арқылы амандасады. «Тоқ сары түс»-
япондықтар, олар иіліп амандасады. Үндістер «жасыл» түстегілер,
олар отырып амандасады.
2. «Кеме»
жаттығуы: Қатысушылар шеңбер
бойымен тұрады «Капитан» дегенде қолдарын шекелеріне қойып,
ары-бері жүреді. «Палуба» -екі-екіден еден жуады. «Қайық» -4-тен
тұрып ескек есу. «Обед» -4-5 адамнан бірігіп тамақ ішеді. Осы
тәртіппен топқа бөлініп
отырады.
3.Тыныштық сәті «Нұрға
бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды
айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға
болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн
нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады,
кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі
нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр
ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -қалауыңызды
шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын
тарай бастағанын еслестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе тусуде,оймен осы
нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле
шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға
көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін
шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің
ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі
сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек
жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де
жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана
көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек
ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынмен шұғылана
бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан -жағыңызға сәуле шашады.Осы
нұрды туысқандарыңызға,балаларыңызғыа,достарыңызға,таныстарыңызға
бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп журген адамдарға да
бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл
әлемге:барлық адамдарға, жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі
жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр
бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: “Мен Нұр ішіндемін...Нұр менің
ішімде...Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр,махаббат және
тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай
әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет (алған әсерлерімен
бөліседі).
2. Слайд арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы
айту.
3. Сөйлемді
аяқтау.
І топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).
ІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).
ІІІ топ.
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен
махаббат табуға үйретеді).
ІІІ. топ «Отбасылық
құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін
салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала
дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып
беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру
керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып
есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына
отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл
аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-10
минут.
Берілетін отбасылық
құндылықтар:
1. Мықты
денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа
ашық есік
3.
Ауызбіршілік
4. Ортақ
қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына
араласпау
6.
Қамқорлық
7.
Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге
өткізу
9.
Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі
заң
11. Ата-ана отбасының
үлгісі
12. Әлеуметтік
жағдай
13. Отбасылық сыйласымды
қарым-қатынас
14.
Махаббат
15.
Мейірімділік
16.
Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі
болу
18.
Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге –
құрмет
20. Көп
бала
Рефлексия «Бес саусақ»
әдісі
Әр саусақ сіздің
көзқарасыңызды көрсетеді, сол бойынша өз ой-пікіріңізді төмендегі
нұсқауға сәйкес салынған саусақтың ішіне толтыру (пікірлер,
ұсыныстар)
-Бас бармақ - мен үшін бүгінгі
коучинг маңызды және қызықты
болды.
-Сұқ саусақ- осы сұрақ бойынша
мен өзіме қажетті мәлімет
алдым.
-Ортаңғы саусақ- бұл маған
қиынға соқты...(маған
ұнамады)...
-Шылдырлы саусақ- менің
психологиялық ортаны
бағалауым.
-Кішкене саусақ- мен үшін
жеткіліксіз болды...
Топтан 1 -2 ата-ана өз ойын
жеткізіп, құттықтау тілегін
білдіру
Мұғалімнің қорытынды
сөзі:
Ата - ананың бақыты баланың
дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт
сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата–аналар сіздерге байланысты
дей отырып
«Қатты тәртіп көрсе бала
күнінде,
Өнері мен қуантады
түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан
-
Өле - өлгенше соны
танырқиядан
Өнер - білім берем
десеңбасынан,
Бер оқуға балаларды
жасынан.
Ата – анада нөсіп ұрпақ
тараған
Жақсы – жаман болса бала
солардан», - деген
Жүсіп Баласағұнның сөзімен
коучингті аяқтаймын.
Уақыт бөліп
келгендеріңізге рахмет, сау
болыңыздар!