жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коучинг: "«Бала жанының сұлулығын түсін, ата-ана!»
Күні: 20.01.2016ж. |
Ата- аналарға арналған коучинг |
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Бала жанының сұлулығын түсін, ата-ана!»
|
|
Сілтеме: |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
|
|
Жалпы мақсаты: |
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынастарын жақсарту, баланың жан дүниесін түсінуге көмектесу. Ата-аналардың міндеттерін ұстануды қалыптастыру. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету. Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін ұғындыру. |
|
Оқу нәтижелері: |
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесетін ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіреді, ата-аналардың мектеппен, мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнатылады, ата-аналар балаларының жан-дүниесін ұғады. Ата-ана жасөспірім бала бойындағы болып жатқан физиологиялық, психологиялық өзгерістерді түсінеді, баламен үнемі ашық сөйлесіп отыру қажеттігін ұғады. |
|
Негізгі идеялар: |
Бала жанының сұлулығын түсіну ата-ананың міндеті. |
|
Қызығушылықты ояту: Бейнежазба:
Жадынама:
«Ротация» әдісі:
Сергіту сәті:
Шар
Бейнежазба:
Кері байланыс: «Қазақстан шекарасы»
Сергіту сәті:
Плакат: «Ата-ананың міндеті»
Кері байланыс: 2жұлдыз,1тілек қалдырады.
|
І.«Танысу» тренингі: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есімінің бас әрпіне басталатын құнды бір қасиеттерін айтып,сағат тілінің бағыты бойынша қолдарындағы нұсқауға қарап, өздерін таныстырады,балдарының аттарын айтады. ІІ.Топқа бөлу: Ата-аналар сол тұрған күйлерінде берілген нұсқауларының түстері бойынша 3-топқа бөлініп, үстелдерге жайғасып отырады.1-топ қызыл,2-топ көк, 3-топ сары.
Ата - анаға жадынама : (таратылады) -Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. - Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады. - Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады. - Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады. - Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді. - Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады. - Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүреді.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар? II-топ. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба? III-топ. Бала үшінмұғалім мен ата-анаарасындақандайбайланыс болу керек? (Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілінің бағыты бойынша постерлерді алмастырып отырады).
«Қызыл өрік».
V. «Ауадағы сұрақтар» әдісі: (ата-аналар қойылған сұрақтарға жауап береді.) 1.Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? 2.Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?3.Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп барады. Қалай жөнге келтіресіз? 4.Сіздің балаңыз қандай пәнді сүйіп оқиды? 5.Сіздің балаңыз қандай үйірмеге қатысады? 6.Балаңыздың парта бойынша көршілесінбілесіз бе? 7.Балаңызға жиі ұрысасыз ба? VІ.Аңыз: «Бақытсыз бай» (Ата-аналар тындайды, ой бөліседі) VІІ. Притча: «Все в твоих руках» (қорытынды шығару)
4.Рефлексия:
Бала
– кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл
жан. Оның ойының тазалығы, арының
тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты
болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап,
танып білсе, оның алдынан кең әлемнің
есігі де солай ашылмақ. |
|
Өткізгендер: І(ілгері) деңгей түлегі: А.О.Хасенова
ІІІ(базалық) деңгей түлегі:Г.Х.Байбулова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген