15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
коучинг "Баланың өміріндегі ата-зана рөлі
Жайшылыкова Ф.Ж. |
Күні: |
Ата- аналарға арналған коучинг |
Сабақтың тақырыбы: |
Баланың өміріндегі ата-ана рөлі |
|
|
||
7 класс ата-аналары |
Қатысқаны: Қатыспағаны: |
|
Жалпы мақсаты: |
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету. |
|
|
||
Оқу нәтижелері: |
- Ата - ана жасөспірім бала бойындағы болып жатқан физиологиялық, психологиялық өзгерістерді түсінеді, баламен үнемі ашық сөйлесіп отыру қажеттігін ұғады. |
|
Негізгі идеялар: |
Тәрбиелі бала - бақытты кәрілік |
|
Кіріспе
Психологиялық ахуал
Қызығушылығын ояту
Бейне-ролик тамашалау
Топтық жұмыс. Постер
Ситуциялық сұрақтар
«Ротация» әдісі
Кеңес беру
Кері байланыс: «Ашық айтсам...»
Рефлексия
|
Құрметті қонақтар,ата-аналар!Бүгінгі «Үштік одақ»байланысын нығайту мақсатында өтілгелі отырған «Баланың өміріндегі ата-ана рөлі» тақырыбындағы коучингке қош келіпсіздер! Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынстық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан-жақты меңгеруі қажет. Сондықтан да өмірдің өтпелі кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбиелі мен сапалы білім алуына күш салайық.Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап ,оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындап ,бірлесе ынтымақтаса әрекет етуіміз керек.Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып ,өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!
І. «Баламның бойындағы жақсы қасиеті» тренингі ( Жиналған ата-аналар үлкен шеңбер жасайды. Сұрақ қою арқылы бір-біріне тор жіпті лақтырады. Кері қарай өз балаларының бойындағы жақсы қасиеттерін, жетістіктерін мақтай отырып айтады. ІІ. «10+5+1» әдісі. Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті құндылықтарды жазыңыздар. Саны - 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім... Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Ол көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала - ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді. III«Бала тәрбиесі» атты бейне-ролик тамашалау. Осы бейне-роликтен қандай ой түйдіңіздер? Оның негізгі идеясы не?
IV.Топтық жұмыс.(постер қорғау). Әр топқа тапсырма беріледі: мінсіз оқушы,мінсіз ата-ана , мінсіз мұғалімнің бойында қандай қасиеттер болу керек? 1-топ: Мінсіз оқушы. 2-топ: Мінсіз мұғалім. 3-топ: Мінсіз ата-ана V Ситуациялық сұрақтар: Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді. 1 Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? 2 Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5 Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз? 6 Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз 7 Сіздің балаңызға қарауға тіптен уақытыңыз жоқ. Ол сізге қуанып келіп салған суретін немесе, орындаған тапсырмасын көрсетіп турса не істейсіз? 8 Балаңыз тентек болып, айтқаныңызға көнбей жүрсе, қандай шара қолданасыз? 9 Балаңыздың бойында жағымсыз қылықтар көрініс тапса, сіздің әрекетіңіз қандай болмақ? 10 Балаңыздың мінезі өзгеріп, ашуланшақ болса, не істейсіз? 11 Балаңыз қымбат заттарға қызығып, алып беруін сұраса, сол тілегін орындайсызба? 12 Балаңыздың сабағы нашарлап кетсе, оған қандай көмек көрсетесіз? VI.«Ротация» әдісі -Топтық жұмыс Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар. II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері. III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек (Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілі бойынша постерлерді алмастырып отырады). «Бала тәрбиесі» отбасылық жағдай бейнеленген бейнебаян тамашалайды. Ата-аналар осындай әрекеттерімізбен балаларымызды өзімізден алшақтатып, ренжітпейік. Балаға көбірек уақытымызды бөліп, олардың қуанышын бірге бөлісейік. Сонда ғана бала алға қарай ұмтылады, жақсы нәтижелерге жетуге тырысады. VII
Ата-аналарға арналған кеңестер: Ғаламторда кімдермен, және не туралы сөйлесетіндегінде қабардар болыңыз. Жаман
қылықтарын байқасаңыз ұрысып
түсіндірмей, ақылыңызды айтып, мысалдар
келтіре отырып, оның әрекеті дұрыс
еместігіне көзін жеткізіңіз. •
Өзіңіздің
жеке үлгіңізбен баланы иландырыңыз. «Критериалды бағалау» бейнеролик. 1 Бағалау туралы түсіндіру. 2 Жаңа бағдарлама мазмұнымен білім беру туралы таныстырылым. 3 Балалардың жиынтық бағалауларының қорытындысымен таныстыру.Тоқсандық бағасын көрсету. 4 Балалардың біліміне өзгеріс енгізу үшін не істей керектігін талқылау.
VIII «Ашық айтсам...» жаттығуы Коучингтің жүргізілген күні___________________________________________ Менің есімім_____________________________________________ Менің коучинг барысында түйгенім____________________________________ __________________________________________________________________ Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?_______________________________________________________________________________ Бәрінен де маған ұнады_________________________________ Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді? ______________________________________________________________________________ ұсыныс_________________________________________________ Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?_______________________________ _________________________________________________________________ Қолы__________________
IX Рефлексия: «Чемодан, қоқыс шелегі, еттартқыш» «Чемодан» бүгінгі тренингтен өзіңізге не құнды нәрсе ала алдыңыз, нені алып кетесіз,жасыл стикерге жазып,ілесіз. «Қоқыс шелегі» сізге мүлдем ұнамады, қажеті жоқ нәрсе,қызыл стикерге жазып,ілу керек. «Еттартқыш» бүгінгі тренингтен ұнаған нәрсе,бірақ әлі толықтырғыңыз келеді,білгіңіз келеді,сары стикерге жазып,іліңіз.
Қорытынды: Бала
– кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл
жан. Оның ойының тазалығы, арының
тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты
болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап,
танып білсе, оның алдынан кең әлемнің
есігі де солай ашылмақ. |
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген