ҚАЗАҚСТАН
РЕСПБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖІНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
«БАТЫС
ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
«КЕЛІСІЛДІ»
|
«БЕКІТЕМІН»
|
Методист
|
Директордың
ОІ жөніндегі орынбасары
|
_________А.Т.Халиуллина
|
__________
М.Т.Сисенгалиева
|
|
|
«Өзін-өзі
тану» пәні бойынша облыстық семинар
«Сүйіспеншілік
пен шығармашылық педагогикасы»
КОУЧИНГ
Коуч:
Б.Ж.Ерғалиева,
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің
оқытушысы, магистр;
Орал,
2018-2019 оқу жылы
Коучингтің
жоспары
Тақырыбы:
СТО
технологиясын сабақта қолданудың
тиімділігі
Мақсаты: 1.
Қатысушылардың «Бақыт құндылығы»
туралы түсініктерін кеңейтіп, әрбір
адам бақытқа лайықты жан екенін ұғындыру.
2.
Өзара тәжірибе алмасу
Міндеттері:-Бақытты
болудың мәніне түсінік беру.
-Бақытқа
ұмтылудың мәні өз қолында екенін
ұғындыру.
-Бақытты
болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге,
адал болуға тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер:
СТО стратегиясы, «Зерттеу шеберханасы»,
«Екі
жұлдыз, бір тілек», «Өзара оқыту»
Тапсырмалар:
постер
қорғау, танысту, мақала жазу, көрініс
дайындау, сұхбат ұйымдастыру, топпен,
жұппен, жеке жұмыстану, мәнерлеп оқу,
сұрақ қою, жауап беру, дәлелдеу
Көрнекілігі:
А4 қағаздары, қалам, тақта, постер,
интербелсенді тақта.
САБАҚ
БАРЫСЫ
|
Сабақ
кезеңдері
|
Коуч
әрекеті
|
Ұйымдастыру
бөлімі:
|
Аудиториямен
амандасу
Шаттық
шеңберіне ортаға шақыру
«Әліпби
шеңбері»
(Есімдеріңіз
бойынша әліпби ретімен шеңбер құру)
Тренинг
«Мен
бақытты жанмын» (шеңбер
бойынша қасындағы көршіңе «Мен
бақыттымын» деп
бастап тілек айту)
Шеңбер
бойымен теңбе-тең 4 топқа бөліну
|
Бәріміз
денелеріңізді түзу, ұстап, бастарыңды
жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз.
Көздеріңді жұмсаңдар болады. Ауаны
терең жұтып, еркін тыныс аламыз,
өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,
бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы
таза, шипалы ауаның тұла бойыңа
толғанын сезінеміз.
Бүкіл
әлемге, Жер-Анаға, табиғатқа деген
махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе
деген махаббатпен, денсаулығыңызбен
тығыз байланысты. Күн шуағы сіздің
денеңізге сәуле шашуда, самал жел
сіздің шашыңызды тербетіп, сізге көрік
беруде. Бүкіл әлем күші сізге өз
махаббатын сыйлап, бақытқа бөлеп,
сізді таң нұрымен қарсы алуда. Ал енді
бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат,
денсаулық беріп тұрғанын сезініңіз.
Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,
достарыңызбен бақытты кездеріңізді
бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.
Ал
енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
|
Топ
ережесімен танысайық.
|
Қызығушылықты
ояту
|
Тақтада
жалпылама тақырып жазылып тұр. Осы
тақырыпты ашатын өз тақырыбымызды
әр адам алдында берілген парақшаға
жазайық.
Топ
болып кеңесіп, ортамыздан бір тақырыпты
таңдап, тақтаға жазайық.
Тақтаға
жазылған төрт тақырыпты дауысқа
салып, бүгінгі «Бақыт сыры» тақырыбының
мазмұны мен мәнін ашатын тақырыпты
бәріміз бірге таңдайық.
Енді
таңдалған тақырып аясында топ болып
жұмыстанамыз.
|
Мағынаны
тану
|
Әр
топқа төмендегідей тапсырма беріледі:
1.
Топқа ат қою
2.
Таныстыру
3.
Берілген тапсырмамен жұмыс:
І
топ. Постермен жұмыс.
ІІ
топ. Мақала жазу
ІІІ
топ. Көрініс дайындау.
ІҮ
топ. Сұхбат жасау.
Шығармашылық
жұмыстарға 5-7 минут беріледі, топтарды
тыңдау уақыты 5 минуттан аспауы керек.
|
|
Ән
: «Бағалайық
бақытты»
Сөзі:
Қ.Жүнісовтікі
Әні:
Б.Жолдасқызынікі
Бәріміз
бірге:
Балғын-дәурен,
балауса кезің қандай
Гүл
бағында балқиды сезім балдай
Құрбым
осы бақытты сезіне алмай
Кейін
алып жүрмейік кезіге
алмай
Қайырмасы:
Жүрегімде
махаббат ән тербетер
Бағалайық
бақытты жан тербетер
Мұңға
батып қалмасын көңіл бекер
Оралмайды
жан-құрбым - өмір өтер
Ешкім
бізге аяулым бал ашпайды
Қалауына
жүректің таласпайды
Жүрек
үнін тыңдаған адаспайды
Ешкімге
де жалғыздық жараспайды
Қайырмасы.
Арманның
мекені, алыстап кетеді
Жастығың
өтеді қас-қағымда
Бағың
бір таймасын, көңілің сайрасын
Өмірің
жайнасын жас шағыңда
|
Толғаныс
|
Берілген
ойды жалғастырайық
Сәби
бақыты, ол – ...
Әйел
бақыты, ол – ...
Ер-азамат
бақыты, ол – ...
Ата-ана
бақыты, ол – ...
Дәрігер
бақыты, ол – ...
Кәсіпкер
бақыты, ол – ...
Ұстаз
бақыты, ол – ...
Ғалым
бақыты, ол – ...
Ұлт
бақыты, ол – ...
Қоғам
бақыты, ол – ...
Адамзат
бақыты, ол – ...
|
Бақыт
деген-сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ
бақытты боп жүргенің,
Бақытын
да, байқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ
ойнағаның – күлгенің.
Бақыт
жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт
деген-бірде шаттық,бірде мұң.
М.Мақатев
Бақытты
болу әр адамның өз қолында. Егер
жетістіктерімізді қанағат тұтып, әр
ісімізді ізгілік жолымен арттыратын
болсақ, өзімізді бақытты сеніне аламыз.
Бақыт
бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге
ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз
өзгелерге де шуағын төге білсе, нағыз
бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да
осында!
Мұқағалидің
«Ана, сен бақыттысың!» өлеңі
Бағалау:
Қатысушылар
«Екі
жұлдыз, бір тілек» айтып, топтардың
жұмысын, коучтың жұмысын бағалайды
|
Коуч:
Б.Ж.Ерғалиева,
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің
оқытушысы, магистр;