|
Тақырыбы:
|
"Бастауыш сынып сабақтарында ұлттық ойын
элементтерін қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты
қалыптастыру"
|
|
Коучердің аты
жөні:
|
Жубанканова Акбота
Ершатовна
|
|
Мақсаты:
|
Бастауыш
сынып мұғалімдеріне ұлттық ойын элементтерін сабаққа енгізу арқылы
оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарын көрсету
және тәжірибелік дағдылар қалыптастыру:
-
Ұлттық
ойындардың оқу үдерісіндегі рөлін көрсету.
-
Функционалдық сауаттылықты арттырудың әдістерін талқылау.
-
Мұғалімдердің практикалық
дағдыларын дамыту.
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
-
Қатысушылардың сабақтағы әдіс-тәсілдері жаңарады.
-
Бастауыш
сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы артатын жаңа тәсілдер
қолданысқа енеді.
-
Ұлттық құндылықтарды сақтау мен
насихаттау бағытындағы белсенділік күшейеді.
|
|
Жұмыс түрі:
|
Топтық, жұптық, жеке.
|
|
Қолданылатын тәсілдер:
|
"Бәйге"ойыны», «Class Dojo»
платформасы, «Talkingco.de» голограмма
жасау платформасы, «Асық ату» ойыны , «Тоғызқұмалақ» ойыны, «Арқан
тартыс» ойыны, әуенмен суретті бояу
терапиясы
|
|
Керекті
құрал-жабдықтар:
|
Интерактивті тақта,
флипчарттар, маркерлер, А5, А1 форматындағы парақтар, түрлі – түсті
стикерлер, ағаш тұлпарлар
|
|
Коучтің жазбалары:
|
|
№
|
Коучинг кезеңдері
|
Уақыты
|
Коучингке қатысушылардың
әрекеті
|
|
1
|
Топқа бөлу, ымыраластық орта
құру.
"Бәйге"ойынын ойнату арқылы
ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау,
топтастыру
|
5
минут
|
Үстел үстіне бірдей
тұлпарлар қойылады. Қатысушылар бір-бірден келіп, өздері қалаған
тұлпарды таңдайды.Таңдағаннан кейін, олар тұлпардың үстіндегі
сыйлықты алып, қысқаша танысып, бір-бірінің
есімдерін айтып, «Асықпен топқа бөлу» арқылы тобын
таңдайды.
3 топқа
біріктіріледі.
І
топ «Кеней»,
ІІ
топ «Сақа»,
ІІІ топ
«Шүкейт».
|
|
2
|
Миға шабуыл.
Қатысушыларға
сұрақ: "Балалық шағыңызда қандай
ұлттық ойындарды
ойнадыңыз?"
«Ақсүйек»
ойыны.
Шарты: Жасырылған ақсүйектерде
берілген тапсырманы «QR» кодты сканерлеу арқылы оқып,
орындайды.
|
10
минут
|
Жауаптарын тыңдап, қысқаша
талқылау.
Жасырылған ақсүйектерді тауып,
берілген тапсырманы «QR» кодты сканерлеу арқылы оқып, орындап ұпай
алады.
|
|
3
|
Кіріспе
Мақсаты: Тақырыптың маңыздылығын түсіндіру.
|
5
минут
|
Тақырыптың теориялық жағын
түсіндіру.
Ұлттық ойындардың білім берудегі
рөлі:
Танымдық қабілетті дамыту.
Коммуникативті дағдыларды
жетілдіру.
Құндылықтарды сіңіру.
Функционалдық сауаттылық:
Оқу
сауаттылығы.
Математикалық сауаттылық.
Коммуникативтік дағдылар.
Мультимедиа: Ұлттық ойындар мен
функционалдық сауаттылық арасындағы байланысты көрсететін қысқа
бейнеролик немесе слайд.
|
|
4
|
Негізгі
бөлім
Мақсаты:
Ұлттық ойындарды сабақта қолданудың практикалық жолдарын ұсыну.
|
15
минут
|
А)
Топтық жұмыс (10 минут)
Әр топқа
ұлттық ойынға негізделген тапсырма беріледі:
І
топ «Кеней»
«Асық ату» ойыны: Оқу сауаттылығын
дамытуға арналған тапсырма ойластырыңыз.
|
|
ІІ
топ «Сақа»
«Орамал
тастамақ» ойыны: Математикалық сауаттылықты дамытуға арналған
тапсырма жасаңыз.
|
|
ІІІ топ
«Шүкейт»
«Арқан тартыс» ойыны: Командалық
жұмыс пен коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған тапсырма
құрастырыңыз.
|
|
Әр топ
өз ойларын постерде немесе слайдта көрсетеді.
Ә) Тапсырмаларды талдау (5 минут)
Әр топ
өз тапсырмасын таныстырады.
Қалған
қатысушылар өз пікірлерін қосады.
Мұғалімдердің практикалық қолдануға
болатыны туралы ойлары талқыланады.
|
|
|
Сергіту: «Қос қолым өрнектеген
қошқармүйіз»
|
5
минут
|
Берілген ою-өрнектерді бір уақытта екі қолмен
бояйды. (Әуенмен суретті бояу терапиясы)
Екі қолмен сурет салу мидың екі
жарты шарын бір мезетте іске жұмылдырады, ми талшықтарын
оятады.
|
|
5
|
Қорытынды
Мақсаты: Сабақта ұлттық ойын
элементтерін қолданудың артықшылықтарын
айқындау.
|
2
минут
|
Қатысушыларға
сұрақ: “Бүгінгі коучингте қандай
жаңа идея алдыңыз?”
«Бүгін анықталған мәселелердің қайсысын шешу
оңай?»
«Ұсынылған шешімдерден өз сабақтарыңызға не
алғыңыз келеді?»
|
|
6
|
Рефлексия «Ұлттық мұра
қазынасы»
|
2
мин
|
Қатысушыларға ұлттық нақышта
жасалған қобдиша
беріледі.
Әр қобдишаның
сыртындағы «QR» кодты сканерлеу арқылы
кері байланыс парақшасына өту
ұсынылады.
|
|
7
|
Қорытынды мотивация: «Болашаққа ұлттық
көзқарас»
Мақсаты: Қатысушыларды ұлттық
ойындардың құндылығын түсініп, оны сабақта қолдануға
шабыттандыру.
|
1 минут
|
Коуч мотиватор ретінде мынадай ой
айтады
«Ұлттық ойын – тек қана ойын емес, ол
тәрбие, білім, ұлттық болмыстың негізі. Әрқайсымыз осы
құндылықтарды оқушыларымызға жеткізе алсақ, олардың жан-жақты
дамуына үлкен үлес қосамыз. Ұлттық мұрамызды сақтай отырып, білім
берудің жаңа көкжиектеріне қадам басайық!»
|