400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Бірлескен іс-шаралар ақыыл-ой мен оқуды қалай дамытады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады. Өз тәжірибесінде мұғалім топтық жұмысты тиімді пайдалана білуді, бірлескен жұмысты жақсы нәтиже беретін жолдарын, оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көреді, коучингтің мақсаты мен іс-шара жоспарын мұғалімдер іс-тәжірибесінде қолданады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директоры: Ертаева А.А.



Коучинг сабақтың жоспары

Коучер: Макашева Ж.А

Тақырыбы

«Бірлескен іс-шаралар ақыл ой дамуы мен оқуды қалай дамытады?»

Мақсаты

Бірлескен және ұжымдық жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту әдістерін жетілдіру.

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:


-ортада жайлы әрекеттестікті орнату, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау;

-өз идеяларын зерделеп,өзара жылы қарым-қатынас орнату;

-мұғалімдердіңбелсенеқатысуынакөмектесу;

-сыни ойлаудың маңыздылығына көңіл бөлу;

Оқытудың нәтижесі







Күтілетін нәтиже


-сабақ соңында әр мұғалім бірлесіп жасаған жұмыстың маңызын түсініп, ұжым болып әрі топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады;

-ортада жайлы әрекеттестік орнатады , әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды;

-өз идеяларын зерделеп,өзара әрекеттестікті орнатады;

-мұғалімдер белсене қатысады;

-сыни ойлауы, көзқарасы дамиды.

Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.

Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде мұғалім топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, бірлескен жұмыстың жақсы нәтиже беретінін түсінеді, оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.

Бағалау: Өзін - өзі және бір-бірін бағалауды үйренеді.

Әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап, миға шабуыл, Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, АКТ, СТО.

Ресурстар

МАН, интернеттен қосымша материалдар

Қолданылғанқұралдар:

плакат, А4 парағы, АКТ, маркер, түрлі-түсті қағаздар, суреттер, түрлі түсті домалақ кәмпиттер

Коучинг барысы



Коуч әрекеті

Мұғалім әрекеті

Уақыты

1.












2.


3.







4.









5.

Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Мұғалімдерді ортаға шақырып, екі шеңбер құрғызу.Сыртқы шеңбердегілерге қағаз, қалам тарату. Олар ішкі шеңбердегі мұғалімдердің арқасына қағаздарын қойып, оның суретін салады.Ішкі шеңбердегі мұғалімдер сағат тілімен қозғалады. Суретшілеріміз қағазды қозғалтпастан сурет салуын тоқтатпайды.Берілген уақыт аяқталғанда, суреттер иесіне тарту ретінде беріледі.


Топ құру: түрлі-түсті кәмпиттер арқылы топқа бөлу

Ой қозғау

«Шалқан» ертегісі мен «Аққу, шортан һәм шаян» мысалына салынған суреттерді топқа беру.

-Суретке қарап отырғанда сіздерге қандай ой келеді?


Талқылау:

1.Қалай ойлайсыздар сіздер мына көріністен қандай іс-әрекетті байқадыңыздар?

2. Бірлескен жұмыс түрін қаншалықты жиі және қалай қолданасыздар? Бұл жұмыс сыни ойлауға үйрете ме?

3.Сіз мысалкелтіреаласызба?


Қалай ойлайсыздар бүгінгі коучингіміздің тақырыбы қандай?

Осы кезде тақырыпты хабарлаймын. «Бірлескен және ұжымдық жұмыс сыни ойлауға үйрете ме?»


Екі шеңбер құрады.

Есімдерін жазып, сурет салады.


Әріптестерімен танысып, сүйікті ісі туралы айтады







Түрлі түсті кәмпиттер арқылы топтарға бөлініп отырады.


Әр топтағы мұғалімдер бір-бірімен ой бөліседі. Ортақ пікірге келеді.Ойларын жинақтап, айтып шығады.




Талқылау-мұғалімдер өз идеяларын зерделейді өзара әрекеттестікті жақсартуға, топта бірлесіп жасаған жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етеді, белсенді түрде қатысады.






Олар топты жұмыстың тиімділігі туралы ой бөліседі


5 минут












2 минут



3 минут






3 минут












1 минут

6.









7.

1-тапсырма

Топтарға плакат таратылады. Тақырып бойынша постерді әзірленуге – 5 минут;

қорғауға – 5 минут беріледі

1- топ Бірлескен және ұжымдық жұмыс сыни ойлауға үйрете ме?

2- топ Оқушыларды сыни ойлауға қалай үйретеміз?


Екі жұлдыз, бір тілек.


Топта мұғалімдер берілген сұрақ төңірегінде идеяларымен алмасады. Ортақ ойды анықтайды.Бірлесе отырып жұмыс жасайды. Біреуі шығып қорғайды.



Стикерге ойларын жазып, қай топтың жұмысы жақсы болғанына қарай жапсырады.

10 минут









2 минут

8.

Ой сергіту «Сен менің есімдесің»

Мұғалімдер сергіту жаттығуын орындайды. Екі қатар шеңбер құрып, бір-біріне қарап тұру. Бір-біріне жақсылап қарап алу.Енді бір-біріне арқасын беріп тұру.Әрқайсысы өз бейнесіне өзгеріс жасайды да ,қайта бір-біріне қарап тұрады.Не өзгергенін айтады.

3 минут

9.

2-тапсырма

Бірлескен оқудың мәні жайлы мәтін таратылады -4 минут

«Төрт сөйлем» әдісі бойынша қорғау – 3 минут

Топ болып танысады.

1.Пікір (Мәтін бойынша туындаған өзіндік идея)

2.Дәлел (Пікірді дәлелдеу)

3.Мысал (мысал келтіру)

4.Қорытынды (Пікір бойынша қорытынды шешім шығару

7 минут


10.

Кері байланыс

«Бес саусақ» әдісі

Мұғалімдер сұраққа жауап бере отырып, сабақ барысындағы тақырыптан алған әсерлерін зерделей отырып, шынайы түрде жауап береді.

3 минут

11.

Бүгінгі сабаққа рефлексия жазуды ұсынамын


рефлексия жазады.


5 минут














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі