400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарлаудың мұғалім құзырлылығын арттырудағы ролі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі екенін түсіндіру және сабақ жоспарын құрып қолдануға дағдыларын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Абыканова Айнур Ахметовна

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №177 жалпы білім беретін мектеп



Тақырып

Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарлаудың  мұғалім құзырлылығын арттырудағы  ролі

Өткен орны және мерзімі: 

№177 ЖББМ  01.02.2020ж

Өткізген:

Абыканова Айнұр Ахметқызы

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық 50-53 бет; www.cpm.kz; үлестірмелі материалдар; бейнесюжеттер; слайд-шоу

Жалпы мақсаты

Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын  иерархиялық моделі екенін түсіндіру және сабақ жоспарын құрып қолдануға дағдыларын  қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Пән   мұғалімдері оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оларды оқу мен тәрбие жұмыстарында қалай қолдануға  болатындығы жайлы, ол әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы түсінік алады.Мұғалімдер тапсырмалар орындау барысында Блум таксономиясының сатыларын игереді;

Түйінді идея

Блум таксономиясының алты сатысы бойынша ең төменгі үдерістен жоғарыға қарай қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтып, алдағы уақытта бала оқыту тәжірибесінде қолдануға бағыт-бағдар алады.

Ресурстар:

флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер,  суреттер, бояу құралдары

 

Коучинг сессияның өту барысы

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері

Уақыты

Коучтың  іс-әрекеті

қатысушылардың іс-әрекеті

Амандасу

2 мин

Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.

Қатысушылар бір-бірімен әр тілде амандасады, мысалы, орысша, ағылшын тілінде т.б.

Тренинг

(жағымды психологиялық ахуал орнату)

5 минут

 

«Мен таптым»

Қатысушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

Топқа бөлу

2 мин

Кеспе қағаздарға блум таксаномиясының тармақтарын жазу арқылы

1 топ: «Білу, түсіну»;

2-топ: «Қолдану, талдау»

3-топ:«Жинақтау,бағалау»

 

3 топқа бөлініп отырады.

Білу

5 мин

"Күн сәулесі" әдісі

Сын тұрғысынан ойлаудың қандай стратегияларын білесіздер?.

Интерактивті тақтаға күннің суретін сызып, одан сауле шығару.

 

Әр сәулеге СТО стратегияларын жазады.

 

Түсіну

6 минут

Таныстырылым

Блум таксономиясы туралы түсінік алады

Қолдану

15 минут

Мұғалімдерге өз пәндерінен Блум таксономиясының деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгілерін дайындау сабаққа  жоспар құру тапсырылады.

Формативті бағалау.

«Қол белгісі», «2жұлдыз, 1ұсыныс», «Қол шапалақ»

Блум таксономиясын қолданып ҚМЖ құрып, оны  слайд немесе постер түрінде қорғайды.

Сергіту сәті

2 мин

«Физкультминутка»

Талдау

2 мин

Блум таксономиясы арқылы сабақ жоспарлаудың тиімділігі неде деп ойлайсыңдар?

Тақырып бойынша болжамдар жасайды

Жинақтау

7 мин

«Блум түймедағы»

  1. Қарапайым сұрақ;

  2. Нақтылайтын сұрақ;

  3. Практикалық сұрақ

  4. Шығармашылық сұрақ;

  5. Бағалайтын сұрақ;

  6. Түсіндіретін сұрақ

 

«Блум түймедағына» өз пәндері бойынша тақырып алып сұрақтар құрастырып жазады.

Бағалау

3 мин

 

 

Рефлексия

 3 мин


Қорытынды

2 мин

«Қанағаттанарлық»- бағытын білдім, тәжірибеге қолдануға әлі жеткіліксіздеу

«Жақсы»-

Мен үшін түсінікті болды, кейбір мәліметтерді қосымша қажет етемін

«Өте жақсы»

коучингке көңілім толды, көп нәрсе туралы мағлұмат алдым, тәжірибеме енгіземін

 

 

 

 

 

 

 










Блум таксономиясы бойынша сұрақтар



Ойлау деңгейі

Сұрақтар үлгілері

Білу және түсіну

Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?

Қолдану

Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?

Талдау

Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?

Жинақтау

Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?

Бағалау

Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?







Блум таксономиясын қолдану

Мақсаттар

Пайдаланылатын етістіктер

Білім

еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу

Түсіну

қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау

Қолдану

көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Талдау

ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Жинақтау

тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

Бағалау

жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау





Мақсат пен бағалау арасындағы байланыс

Мақсаттар

Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері

Ұпай

Білу:

Оқыған материалды есте сақтап, қайталап айтып беру

2


1.Пайдаланылған сөздіктер мен түсініктерді білу

0,5

2.Нақты фактілерді (мәліметтер мен деректер) білу

0,5

3.Негізгі ұстанымдар мен ережелерді білу

1,0

Түсіну:

Берілген материалды өз сөзімен басқаша жеткізе алу

4


1.Ұстаным, ереже, фактілерді түсіну

0,5

2.Мәтінді басқа формада жеткізе алу

1,0

3.Нәтиженің келешегін болжамдай алу

2,5

Пайдалану:

Материалды жаңа жағдайда пайдалану

6



1.Әдіс-тәсілдерді орнымен қолдану

1,0

2.Нақты жағдайда заңдылықты орнымен пайдалану

2,0

3.Ұстаным, ережелерді жаңа жағдайда қолдана алу

3,0

Талдау:

Материалды негізгі компоненттерге жіктей білу

8



1.Жасырын болжамды айқындау

2,0

2.Өрбу логикасында жіберілген кемшіліктерді көре білу

2,5

3.Фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырату

3,5

Жинақтау:

Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю

10



1.Болжам жасау

2,5

2.Эксперимент жоспарын құру

3,0

3.Проблеманы шешу жобасын (проект) жасау

4,5

Бағалау:

Оқыған материалдың құндылығын бағалау

12


1.Материалдың қажеттілігін айқындай білу

6,0

2.Жасалған қорытынды жарамдылығын бағалай білу

6,0















Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары

Білу

Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.

1-2 ұпай

Түсіну

Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз.

3-4 ұпай

Қолдану

Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз.

5-6 ұпай

Талдау

Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз.

7-8 ұпай

Топтау

Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз.

9-10 ұпай

Білімді бағалау

Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?

11-12 ұпай







































Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма түрлері

1.Білу

1.Зат есімге анықтама беріңіз.

2.Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады?

3.Тіршілік иелерін қандай екі категорияға жіктеуге болады?

4.(9-177)/21+8 өрнегінің мәнін табыңыз.

5.ҚР парламентінің негізгі палаталарын атаңыз.


2.Түсіну

1.Иллюстрациядағы эпизодтан кейін роман кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз.

2.ХХ ғ.ғ басы, ортасы, аяғында Германияда болған оқиғалар туралы үш сурет салыңыз.

3.Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз.

4.Президент міндеттерін сипаттайтын 2-3 беттік шығарма жазыңыз.

5.Неліктен географиялық карталарда таңбалар қолданылады?


3.Қолдану

1.Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз.

2.Картадағы белгілерді пайдаланып, қаладағы үш ескерткішке бару маршрутын жаса.

3.Өздерiңiз оқитын сыныптың ауданын табыңыздар.

4.Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз.

5.Игерілген ылғалдылықты анықтау тәсілін қолданатын үш жағдайды көрсетіңіз.

4.Талдау

1.Бұл оқиғалардың қайсысы шын мәнінде болған, қайсыларын автор ойдан шығарған?

2.Азамат соғысы мен ауған соғысынан кейiнгi жағдайлардың ұқсастығы.

3.Бұл коллекциядағы минералдарды үш белгі бойынша бөліңіз.

4.Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз.

5.Жәндiктердi сипаттамасы бойынша тұқымдасқа жататынын анықтаңыз.


5.Жинақтау (синтез)

1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға түсiрiңiз.

2.И.Тургеневтiң ”Му-му” әңгiмесiн иттiң тұрғысынан жазыңыз.

3.Эксперимент нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз.

4.Болған оқиға туралы мәлiметтердi фельетон түрiнде жазыңыз.

5.Мектеп ауласын көгалдандырудың әр түрлi жолдарын көрсетiңiз.


6.Салыстырмалы бағалау

1.Қала әкiмiне кандидаттардың бәрi жоғары бiлiмдi болуы тиiс пе?

2.Поэманың екi басты кейiпкерiн салыстырыңыз.

3.Қазiргi заманда оқушыларға ауызша есептеу дағдылары керек пе?

4.Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз.

5.Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
971
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі