15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Коучинг "Формативті (қалыптастырушы) бағалауды оқу үдерісінде тиімді пайдалану"
Коучинг-сессияның жоспары №2
|
Тақырып |
Формативті (қалыптастырушы) бағалауды оқу үдерісінде тиімді пайдалану |
|
Сілтеме |
Мұғалімге арналған нұсқаулық(2-деңгей) |
|
Жалпы мақсат |
Мұғалімдерде формативті (қалыптастырушы) бағалау, бағалау критерийлері туралы түсінік қалыптастыру, өзін-өзі бағалау және топтық жұмысты бағалауды үйрету, оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалануға бағыттау |
|
Күтілетін нәтиже |
Мұғалімдер формативті (қалыптастырушы) бағалау, бағалау критерийлері туралы түсінік қалыптастырып, өзін-өзі бағалау және топтық жұмысты бағалауды біліп, оларды оқу үдерісінде тиімді пайдаланады |
|
Түйінді идея |
Формативті бағалау, бағалау критерийлері-саплы білім негізі |
|
Ресурстар |
Флипчарт,маркер,түрлі-түсті стикерлер,слайд суреттері. |
|
Коучинг-сессияның өткізіліу барысы |
|||||||
|
№ |
Коучинг- сессияның кезеңдері |
Уақы- ты |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Бағалау |
Коучтің іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
|
1. |
Ұйымдас- тыру кезеңі |
5мин |
1.«Мен басқалар көзімен» тренингі
2. Топқа
бөлу
3. «Миға
шабуыл» 4.Сабақ тақырыбы мен мақаты |
1.Жағымды психологиялық ахуал жасау 2.Топтық жұмысты жүргізу 3.Бағалау туралы ойларын анықтау 4.Сабақ тақырыбы мен мақатымен таныстыру. |
«Смайлик-тер» |
1.Тренингті өткізу. 2. «3», «4», «5» цифрлары арқылы 3 топқа бөледі.
3.- Неге мен сіздерді «3», «4», «5» сандары
арқылы топтарға бөлдім? 4.Сабақ тақырыбы мен мақатымен таныстырады |
1.Жақсы тілектер айтады. 2.Стикерлер арқылы топқа бөлінеді. 3. Оқушыға қойылатын баға екенін ойлап табады.
Сұраққа жауап
береді 4.Сабақ тақырыбы мен мақатымен танысады. |
|
2 |
Тренинг |
5мин |
«Ой шақыру» Түрткі сұрақтар |
«2» бағасы туралы, екімен оқитын оқушы туралы ойларын білу Бағалау аспектілері туралы мұғалімдердің қаншалықты білу деңгейлерін анықтау |
«Фейер-верк» (3 шапалақ) |
Мұғалімдерге «Екімен оқитын оқушы» суреті ұсынылады.
-Мына суретке мұқият қараңыздаршы, оқушының көңіл-күйі қандай? –Мектептен үйіне «екілік» бағасын аалып қайтқан оқушының жүзінен нені аңғаруға болады? -Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? -Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу. -Сіздің сабағыңызда оқушылар бағаны не үшін алады? -Бағалаудың неше аспектісі бар? -Сіз сабақта бағалаудың қандай түрін қолданасыз? -Бағалаудың суммативті (жиынтық), формативті (қалыптастырушы) түрлері сізге таныс па? |
Мұғалімдер суретті қарап, ой жинақтайды Мұғалімдер сұрақтарға ауызша жауап береді |
|
3 |
Теориялық материал (мәнмәтін) |
15мин |
Мәнмәтінмен жұмыс: «Бағалау» «Өзін-өзі бағалау» парағы «Топтық жұмысты бағалау» парағы |
Формативті бағалау туралы және оның аталған түрлерімен таныстыру |
Ойларын қорытындылап, жауап беру арқылы кері байланыс жасау, топтар арсында өзара вербалды бағалау |
Коуч мәнмәтінті топ мүшелерінің әрқайсысына бір-бірден таратып, топтық жұмысқа бағыт,бағдар береді «Топтағы жеке мұғалімді бағалау кестесін» және «мұғалімнің өзін-өзі бағалау кестесін» таратады |
Формативті бағалау және бағалаудың екі түрімен танысып,бір-бірімен ойларымен бөлісіп, мазмұнды сызба жасап, өз ойларын баяндайды Бір топ жауап бергенде қалған екі топ олардың жауаптарын тыңдайды Бақылаушылар және мұғалімдер бағалау парақтарын толтырды |
|
4 |
Презента-ция ,слайд |
4 мин |
«Оқу үшін бағалау және бағалау критерийлері» |
Оқу үшін бағалаудағы бағалау критерийлері туралы түсінік беру |
Вербалды бағалау |
Коуч түсініктеме береді |
Мұғалімдер пезентациямен танысады |
|
5 |
Топтық тапсырма |
8 мин |
Бағалау критерийлерін жасау жолын үйрету |
Бағалау критерийлерін жасап, критериалды бағалауды үйрену |
Бағалау критерийле-рі арқылы салған суреттерді критериал-ды бағалау |
Гүл суретін салуға тапсырма береді және сол сурет арқылы бағалау критерийлерін бірге жасап, критериалды бағалауды көрсетеді |
Мұғалімдер гүл суретін салады, бағалау критерийлерін құрастырып, критериалды бағалауды үйренеді |
|
6 |
Бейнежазба |
5 мин |
«Оқу үшін бағалау, оқуды бағалау» |
Формативті бағалауды түсіндіру |
Бейне-жазба туралы өз ойдарын айтады |
Бейнежазба туралы түйінді ой айту |
Мұғалімдер өз пікірлерін айтады |
|
7 |
Қорытынды |
3 мин |
«Екі жұлдыз, бір тілек» |
Мұғалімдер-дің бұл коучингтен түйіндеген ойларын білу |
Бастапқы байланыс |
Коуч стикер таратып, өз пікірлерін жазбаша білдіруге ұсынсыс жасайды |
Стикерге өз пікірлерін жазу |
Гүл суретін бағалау
|
Топтар Бағалау крите- рийлері |
1-топ
|
2-топ |
3-топ |
|
1.Суреттегі салынған гүл саны |
+++ |
+++++ |
+++ |
|
2. Қолданған бояу түстері саны |
++++ |
+++++ |
+++ |
|
3.Гүлдің ыдыста өсіп тұруы, тірі болуы |
+ |
|
|
|
4.Гүлдің қағаз бетінде толық салынуы |
+ |
+ |
+ |
|
5.Гүл атының жазылуы |
+ |
|
|
|
Қорытынды ұпай саны |
10 |
11 |
7 |
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы
туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым.
Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу
үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды
жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқу
үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.
Заманауи түсінік
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдар-
дан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Қазіргі
білім беру жүйесіне бағалаудың екі нысаны да қажет. Айталық, оқуды бағалау жіктеу және
есеп беру үшін өткізілетін болса, оқу үшін бағалау оқушылардың білім алуына көмекте-
сетін оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою,
сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару
болса, онда өзінің функциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады
және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің не-
месе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі мүмкін болатын (яғни, анықтай-
тын мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін
қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды
белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкін-
діктерін, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағыт-
талған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау болып табылады.
Бағалаудың мәні
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы
кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не
істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін неме-
се тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан
бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл
бағалау түрлерін қамтиды. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір
тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы
әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы
сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
• қадағалау;
• алынған мәліметтердің интерпретациясы;
• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
Қадағалау
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын,
сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.
Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы
орындап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұ-
мыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпарат-
ты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсы-
рма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдай-
ларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының
сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға
алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет.
Интерпретация
Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, мәселен, ерекше дағдылар,
көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе
критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдет-
те, бағалау бөлігі ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойын-
ша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе
нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның
көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болар; немесе мі-
нез-құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе
оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты
интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.
Қорытынды
Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көз-
дейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі түрлі мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын
міндеттерге байланысты әртүрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқуды бағалау
Оқу үшін бағалауға қарағанда, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі
уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға
үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні
бар тестілеу оқу үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b).
Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бір-
дей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған
соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе
деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген