Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"«Коучинг және тәлімгерлік» тақырыбындағы коучинг жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал деңгейлік бағдарлама бойынша оқыған мұғалімдерге арналған.Коучинг мектеп мұғалімдері арасында ұйымдастырылып,өз бағасын алды.Коучинг пен тәлімгерліктің айырмашылығын түсінуге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Коучинг және тәлімгерлік»тақырыбы бойынша Турежанова Тулеугул Кеншиликовнаның қысқа мерзімді коучинг жоспары

Сабақ тақырыбы:

Коучинг және тәлімгерлік


Жалпы мақсат:

Коучинг,тәлімерлік туралы мағлұмат алу.Өз пікірін дәлелдеуге,мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 37-38 бет


Оқу нәтижесі

Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта болады,коучинг,тәлімгерлік туралы мәліметтер алады.

Түйінді идеялар:

«Басқаларды үйрете жүріп,өзіміз де үйренеміз» Сенека Луций

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 3 парақтары,стикер, интерактивтітақта,флипчарт, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

Коучинг

АКТ

Бағалау


1. Жеке жұмыс

2. Топтық жұмыс

3.«Ой шақыру». «5 жолды өлең » «Автор орындығы»

Дерек көздері:


Әдістеме материалдар.

Тапсырмалар:

Сұрақ- жауап, «Ротация» әдісі,ассоциация,ББҮ


Оқуға арналған тапсырма:

Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық


Мұғалімге арналған нұсқаулық.





Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу


Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


Сергіту сәті




Ой қозғау

«Айна» тренингін ұйымдастыру.

  1. Шеңбер жасату.

2.Айнадағы жасалған әрекеттерді қайталауды ұсынады.

3.»Ұстаз болу- .............»

Сессияға қатысушы мұғалімдер шеңбер жасап тұрады .

Айна болады. Іс-қимылды қайталайды.

Өз ойларын айтады.

Қызығушылық ояту



АShape10 Shape8 Shape5 Shape3 Shape4 Shape6 Shape7 Shape9 Shape1 Shape2 Shape12 Shape11

Тәлімгерлік

Коучинг

ссоцияция


Коучинг ,тәлімгерлік сөздерін қалай түсінетінін,ол туралы не білетінін сұрайды.


Осы сөздерге ассоциация жасайды.

Мағынаны тану

Мұғалімдерге мәтін таратып,оқуға тапсырма береді.

Мәтінді оқып,танысады.

«Ротация» әдісі





Интерактивті тақтадан слаид көрсету.

1.«Коучинг деген не?»

2. «Тәлімгерлік үдерісіне не жатады?»

Сұрақтар жазылған плакаттарды топтарға таратады.Әр топқа түрлі-түсті маркерлерді бөліп береді.


Мәтінді оқып болып, қағаз бетіне түсінгенін жазады.

1-топ қызыл

2-топ көк

Сағат тілінің ізімен плакаттар әр топқа барады.Соңында қайтып топқа келеді.

Пікірлерін айтады



Венн диаграммасы



Рефлексия

Оқыған мәтіннен Коучинг пен тәлімгерлікті салыстыруға тапсырма береді.

Кері байланыс «Екі жұлдыз,бір тілек»


Венн диграммасын толтырады.

Коучингтен алған әсерлерін жазады.



Коучинг және тәлімгерлік

Білімінің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Кембридж бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучинг пен тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады. «Тәлімгерлік» пен «коучинг» ұғымдары ұқсас қызмет түрлерін сипаттау үшін әдетте синоним ретінде қолданылады, осыған байланысты осы санаттардың мағыналары араласып кетуі ықтимал. Олардың әрқайсысына тән айырмашылықтар:

Коучинг - (ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.

Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог) мен тәлім алушы (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым- қатынас құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. «Тәлімгер» (ментор) ұғымы грек мифологиясынан алынған: өзінің аңыздағы саяхатына аттанар алдында Одиссей кішкентай ұлы Телемахты ең жақын досы – Ментордың бауырына салып, асырауға қалдырады. Содан бері Ментор атауы құнын жоғалтпай, ең сенімді адам ретінде қабылданады, ол өзара сенімділік жағдайында неғұрлым тәжірибелі адам ретінде өзінің білімімен бөлісуге дайын болады. Тәлімгерлік, әсіресе дәстүрлі ұғымда, субъектінің ағалар мен даналар салған жолмен жүруіне мүмкіндік береді, ал тәжірибелі ағалары оларға білімін, тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерге апаратын «есікті» ашуға көмектеседі. Коучинг, керісінше, тренерде міндетті түрде біршама мұғалімдік тәжірибенің болуын көздемейді, сонымен бірге оқыту мен оқудың нақты саласындағы нақты тәжірибелік дағдыларды беруге бағытталады. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып табылады. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер объективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесін үлес етіп қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды: • тәлім алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді;• стратегиялық деңгейде өзінің ноу-хауымен алмасады; • тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі. Тәлімгерлік пен коучинг бойынша модельдердің көпшілігі ұқсас алғышарттарға негізделген, атап айтқанда тәлім алушы тұлға тиімділікпен және шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті, ал тәлімгердің немесе коучтің түйінді рөлі – тәлім алушыларға өз мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу деген ұстанымға негізделген

Тәлімгерлік үдерісі Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады (Garret-Harris & Garvey, 2005). Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәлім алушының арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген (Oxley, 2003).

Коучинг үдерісі

Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
1690
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12