жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Коучинг Жаңаша оқытудың тиімді әдіс -тәсілдерің сабақта қолдану

Тақырыбы:Жаңаша оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін сабақта қолдану
Мақсаты: Жаңаша оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін сабақта қолдану
жолдарын ұсыну;
Күтілетін нәтиже:
Нақты мақсат қоя алады;
Оқушыларды зерттей алады;
Әдіс-тәсілдерді практикада қолдана алады;
Шебер сынып барысы:
1. Психологиялық тренинг
« Менің-жаңашылдығым»
2. «Нетворкинг»
3. Топқа бөлу
4.Данетка әдісі
5. № 1. Еркін жазылым әдісі
6. № 2. «Идеялар тарелкасы» әдісі
7. №3Жазылым әдісі
8.Рефлексия
9.Қорытынды
Мақсатты бағытталған аудитория: мектеп мұғалімдері
Құрал – жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ватмандар,
маркерлер.
Дидактикалық материалдар: үлестірме материалдар
КІРІСПЕ СӨЗ
«Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік,
білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік»
Абылай хан
Қaй елді, қай кезеңді алып қaрамасақ та бірінші орында білім бeру тұрaды.
Сeбебі, халықтың білімділігі сол eлдің даму деңгейінің шынaйы көрсеткіші
болып табылады. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлeмдік
білім беру жүйесіне де елеулі өзгерістер енгізуде. Әлемдік білім берy жүйесі
өмір ағымы мен бүгінгі таң сұранысына байланысты күн сaнaп өзгеруде. Ал
біздің жaс мeмлекетіміздің білім бeру жүйeсі де өзгeріс мен жаңалықтарды
талaп eтуде. Негe десеңіз, біздің оқушылaрымыз басқа елдің оқушыларымен
салыстырғанда білімі жағынан еш кeнжелігі жoқ. Бірақ, сол білімді қолдану
аясына келетін болсақ, оқушылар алған білімдерінің іске асуын, өмірде
қaжеттілікке жұмсалатын сәттерін анықтай алмай, ауыр жүкті босқа
арқaлауда.

Бүгінгі мұғалімнің мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін
дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді
пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осы басты мақсатты жүзеге асыру үшін
Қазақстан білім беру жүйесіне де өзгеріс енгізілу үстінде.
Армысыздар, құрметті әріптестер. Бүгінгі семинарға қош келдіңіздер. Бүгін
сіздермен ШЭРИНГ (тәжірибе алмасу) жасап, пайдалы брифинг (қысқа
қорыту) жасаймыз деген үміттемін.
Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай:
«Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға» дегендей ұстаздық қызметте жақсы
көрсеткіштерге жету керек, әрі қажет. Мен сиқыршы емеспін, мен
үйретушімін. Бір – бірімізден үйреніп, алға қойған мақсатқа жету басты
міндетіміз.«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң,
тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» —
деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің білім саласында өзгерістер енгізіп,
жаңа талаптар қойылып отыр.
1.Психологиялық тренинг
« Менің-жаңашылдығым» Шеңбер бойындағы мұгалімдер өзін таныстыра
отырып, сабағында қолданып жүрген бір жаңа әдісті айтады.
2. «Нетворкинг» қажетті байланыстарды белгілеу.
3. Топқа бөлу: гулдер мен көбелектер
4.Сұрақ: Белсенді әдіс – тәсілдерді сабақ үрдісінде пайдалану
тиімді/данетка/
Мен сізге ҚМЖ,ОМЖ
жасауға көмек бере
аламын
Мен сізге түрлі әдіс –
тәсілдер туралы
мағлұмат бере аламын
Жаңартылған
бағдарлама туралы
мәлімет бере аламын

ИӘ ЖОҚ Менің пікірім
5.Жазылым әдісі № 1. Еркін жазылым әдісі
(әуен қойылады, сол әуен ырғағымен мұғалімдер жазба жазады. Топ ішінде
талқылап, үздік жазбаны ұсынады)
6.Жазылым әдісі № 2. «Идеялар тарелкасы» әдісі
7.Жазылым әдісі №3.Бала мен суретте бейнеленген Арыстан мәтіні
бойынша
Не таң қалдырды? Неліктен таң қалдырды?
8. Рефлексия «Менің сөзім» әдісі
Қорытынды сөз
Құрметті әріптестер, менің бүгінгі өткізген шебер сынып бойынша не
айтқаным маңызды емес, сіздердің не естігендеріңіз маңызды, сіздердің не
естігендеріңіз маңызды емес, не тыңдағандарыңыз маңызды, не
тыңдағандарыңыз маңызды емес, не түсінгендеріңіз маңызды болып
табылады.

Алматы облысы
Ақсу ауданы
«Ю.Гагарин атындағы орта мектебі »коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жаңаша оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін
сабақта қолдану
/коучинг/
География пәні мұғалімі Бекбаева Эльмира Базархановна
2019-2020 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген