400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Жоғары дәрежелі сұрақтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл коучинг 2-деңгейлі әріптестер мен мектеп тренерлері, коучтарға пайдасын береді деп ойлаймын.Әрі жас мамандарға "жоғары дәрежелі сұрақтарды" сабақтарында тиімді пайдалану жолын көрсетері сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг-сессияның жоспары №3

Тақырып

Жоғары дәрежелі сұрақтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық(2-деңгей)

Жалпы мақсат

Мұғалімдерге сабақтарда жоғары дәрежелі сұрақтар арқылы оқушылардың жоғары деңгейде ойлау қабілеттерін дамыту жолын үйрету, жоғары дәрежелі сұрақтарды оқу үдерісінде тиімді пайдалануға бағыттау

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер сабақтарда жоғары дәрежелі сұрақтар арқылы оқушылардың жоғары деңгейде ойлау қабілеттерін дамыту жолын үйреніп, жоғары дәрежелі сұрақтарды оқу үдерісінде тиімді пайдаланады

Түйінді идея

Жоғары дәрежелі сұрақтар арқылы оқушылардың жоғары деңгейде ойлау қабілеттерін дамиды

Ресурстар

Флипчарт,маркер,түрлі-түсті стикерлер,слайд суреттері.



Коучинг-сессияның өткізіліу барысы

Коучинг-

сессияның

кезеңдері

Уақы-

ты

Тақырыбы

Мақсаты

Бағалау

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

1.

Ұйымдас-

тыру

кезеңі

3 мин

1.Тренинг “Шығармашыл, мінсіз әріптес, ол кім?”

2. Топқа бөлу


3. «Миға шабуыл»





4.Сабақ тақырыбы мен мақсаты

1.Жағымды психологиялық ахуал жасау


2.Топтық жұмысты жүргізу


3.Қазақстандық мінсіз оқушы туралы ойларын

анықтау.



4.Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

«Смайлик-тер»

1.Тренингті өткізу.




2.Цифрлары арқылы 3 топқа бөледі.



3.-Сіздің ойыңызша Қазақстандық мінсіз оқушы қандай болуы мүмкін?



4.Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстырады

1.Әркім өзінің бір жақсы қасиетін айтады



2.Стикерлер арқылы топқа бөлінеді.



3.Сұрақтарға жауатар береді




4.Сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.

2

Тренинг

5мин

«Ой шақыру»

«Қазақстандық мінсіз оқушы моделі»






«Қазақстан-дық мінсіз оқушы » туралы

ойларын білу





«Фейер-верк» (3 шапалақ)







Мұғалімдерге «Қазақстандық мінсіз оқушы моделі» слайд суреттері ұсынылады.


-Қазақстандық мінсіз оқушы, ол қандай болуы мүмкін?

-Әріптестер, қалай ойлайсыздар, ол қандай оқушы?

-Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – сапалы білім беру үшін не істеу керек деген мәселеге тоқталамыз

Мұғалімдер суретті қарап, ой жинақтайды

Мұғалімдер сұрақтарға жауап береді





3

Теориялық материал

(Мәнмәтін,

слайд)

12 мин

«Сұрақ қою, оқушыларды тыңдау және жауап алу»

Сұрақ түрлері, қою тәсілдері оқушы жауабымен таныстыру

Ойларын қорытындылап, жауап беру арқылы кері байланыс жасау, әр топ келесі топты бағалайды

Коуч бағыт,бағдар береді

Сұрақтар түрлері және сұрақ қою тәсілдері бойынша мәнмәтінмен танысып,бір-бірімен ойларымен бөлісіп, мазмұнды сызба жасап, өз ойларын баяндайды

4

Презента-ция

3мин

«Жоғары дәрежелі сұрақтар»

Ашық сұрақтарды құру үлгілерімен таныстыру

Вербалды бағалау

Көрсетіліммен таныстырады

Слайд суреттері

5

Бейнежазба

7 мин

«Әке...» бейнежазбасы

Бейнежазба мазмұны арқылы жоғары дәрежелі сұрақтар дайындау

Топтар арасында өзара бағалау

Бейнежазбаны көрсету және жоғары дәрежелі сұрақтар дайындауға тапсырма береді

Бейнежазба көреді және жоғары дәрежелі сұрақтар дайындайды


6

Жинақтау

11 мин

«Ақылдың 6 қалпағы»

Жоғары дәрежелі сұрақтар туралы ойларын жинақтайды

«Фейер-верк»

«Ақылдың 6 қалпағы » стратегиясының шартын слайдтан көрсетіп, тапсырма береді

Мұғалімдер «Ақылдың 6 қалпағы » стратегиясы бойынша өз ойларын жинақтап қорытып, айтады

7

Қорытынды

4 мин

«Бес бармақ»

Мұғалімдер-дің коучингтен түйіндеген ойларын білу

Бастапқы байланыс

А4 парақтарын тарату

-У. Уорд «Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді, керемет мұғалім-көресетеді, ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегендей оқушыларымыздың оқуға деген ынтасын көтеріп, шабыттандыруға шақырамын!

Параққа алақанынының суретін сызып, әр саусақ суретіне сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін жазу


















Сұрақ қою

Сыныпта сұрақ қою негізінен «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ ) үлгісінде бо-

латыны анықталды. Мысалға:

Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?

Жауап (оқушы): Екі жүз алты.

Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.

Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам

мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Бұндай сыныптарда оқушылар-

дың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік болмайды.

101

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған

жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көр-

сетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жет-

кізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі

сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жа-

бық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және

де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар. Ал жоға-

ры дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға,

қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында

бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына

қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақтарды оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне

сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды сара-

лауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан

өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.


Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының

жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен ма-

териалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.


Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым то-

лық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей

етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар

тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.

Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе

алатындар бар ма?»

Оқуды дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы

мұғалім:

оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі;

оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал етеді;

оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға көмектеседі;

оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне

және бағалауына ықпал етеді;

әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әре-

кеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

оқытуды қиындатып, кедергі келтіретін қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.

Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру

Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен

мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде

де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да

сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тек-

серу үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейту-

ге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары

мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады. Мұғалімдер:

жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа немесе сұраққа аудара алады;

жауапты мойындап, оны әңгімені жалғастыруға негіз ете алады;

мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін жауапты сөзбе-сөз

қайталай алады;

белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;

нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгіме желісіне қосу мақсатында жауапты басқа

сөздермен қайталап айта алады;

жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімеде қолдана отырып, тікелей

немесе жанама түрде);

жауапты түзете алады;

оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыра алады;

оқушыларға маңызды мәселелерге назар аударуға көмектесе алады.

Бар назарын оқушыларды алдын ала белгілі жауапты табуға жетелеуге аударған

мұғалімдер, әдетте, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алады.

Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және де мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар

мен жауаптарды олардың сөздеріне орайластырып құрған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан кей-

інгі кідіріспен қатар, көптеген зерттеулерде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін

де кідіріс жасау қажет екені атап көрсетілген. Харгривс және Гэлтон (2002) жалпы алған-

да, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқа-

ша қоймас бұрын шамамен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған.

Харгривс және Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясы жауапты баға-

лауға, қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс дейді.

Күту уақытын үштен жеті секундқа дейін созса, бұл төменде көрсетілгендер сияқты басқа

да параметрлердің өзгеретіндігіне әкеледі:

1. Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.

2. Ерікті жауаптардың саны.

3. Оқушылар сұрақтарының жиілігі.

4. Қабілеттері төменірек оқушылар жауаптарының саны.

5. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.

6. Пікірталас тудыратын жауаптардың жиілігі.

Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі жауаптар үшін) оқушыларға өз

жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, мақ-

сатқа қатысты жылдамдық туралы ұмытпау керек – жабық сұрақтар тобы орынды болуы

мүмкін, бірақ кей жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған және

терең жауап бергендері керек.

Қорыта айтарымыз, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақ-

сы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалім-

дер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диа-

логтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара

іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
868
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі