Тақырып бойынша 11 материал табылды

коучинг жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
санатқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары

Тақырыбы

«Өзін -өзі реттеудің маңыздылығы»


Жалпы мақсаты

Мұғалімдер оқушы қабілетін дамытудағы өзін-өзі реттеудің маңыздылығын әртүрлі тәсілдер арқылы анықтай білу.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер оқушы қабілетін дамытудағы өзін-өзі реттеудің маңыздылығын анықтай алады,

Түйінді идеясы

Қалай оқу керектігін үйрену арқылы өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

Ресурстар

Себет, стикер,

Коучинг-сессияның өту барысы

Коучинг-сессияның өтілу кезеңдері

Уақыты


Тренердің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Топқа бөлу

Психологиялық ахуал тудыру

5 минут

Стикер арқылы бөледі. Сол стикерге өздерінің бойындағы жағымсыз бір мінезін жаздырады да, бүктеп себетке салғызады.

Топқа бөлінеді, жағымсыз мінездерін жазып, себетке салады.

Ой шақыру

15минут

«Болжау әдісі» (тақырыбы мен мақсатын ашу) мәтін беріледі,

  • Осы шағын әңгімеден не түйдіңіздер?

  • Өмірді өзгерту үшін? өзгерісті неден бастау керек екен?

  • Ендеше бүгінгі коучингтің тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

  • Бұл тақырып бойынша алдымызға қандай мақсат қоямыз?

  • Коучинг соңында қандай нәтиже күтеміз?

Коуч қойған сұрақтарға жауап бере отырып коучингтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Мағынаны тану

(Слайд)

(ақпарат беру)

10 минут

Модерация жасату:

Өзін-өзі реттеу деген не?

қосымша ақпарат береді.


Модерация жасап, өзін-өзі реттеу туралы мәлімет алады.

1-тапсырма
























10-минут
























Өзін-өзі реттеу моделінің үлгісін толтыртады.



Эмоциялық

(1-топ)

Танымдық

(2-топ)


Әлеуметтік

(3-топ)

Ынталандыру-

шылық

(4-топ)




Ойлан, жұпта талда, топпен ортаға сал



Топтар жұмыстарын қорғап болған соң, толық ақпарат береді.

Өзін-өзі реттеу моделінің үлгісін толтырады. Кестелерін басқа топқа түсіндіреді. Коуч берген ақпаратпен жазғандарын салыстыра отырып өздерін бағалайды.

Сергіту сәті

3 минут

Сергіту сәтін өткізеді. Молекулалар және атомдар

Сергіту сәтін жасайды.

2-тапсырма

10 минут

«Менің атым Қожа» кинофильмінен үзінді көрсетеді.

Кинофильмнен үзінді көреді, өз ойларын ортаға салады.

3-тапсырма

7 минут

«Суреттер сөйлейді»

  • Мына табысқа жеткен оқушылардың бойында осы біз өткен өзін-өзі реттеудің төрт аспектісінің қайсысы басым деп ойлайсыздар?

  • Жалпы табысқа жету үшін бір ғана аспектіге назар аударуымыз керек пе? Неліктен олай ойлайсыздар?

Cұрақ төңірегінде ойлан, жұпта талда, топпен ортаға сал



Ендеше бүгінгі коучингке қойған мақсатымызға жеттік пе? Коучингтан күткен нәтижеміз орындалды ма?



Мақсаты: Мұғалімдер оқушы қабілетін дамытудағы өзін-өзі реттеудің маңыздылығын әр түрлі тәсілдер арқылы анықтау.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер оқушы қабілетін дамытудағы өзін-өзі реттеудің маңыздылығын анықтайды.

Суреттерді талдай отырып, коучингтің қорытындысын шығарады.

Кері байланыс

5 минут

«Бес саусақ» әдісі арқылы
кері байланыс жазғызады.

Кері байланыс парағын толтырады.







































Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді

Мынадай бір оқиға жайлы оқығаным бар. Бірде гүл сатушы қыз қолындағы роза гүлдерін дерлік сатып болады. Қолында тек бір тал ғана гүл қалады. Гүл сатушы қыз ойланбастан жолдың қарсы бетінде күні бойы тілем тілеп отырған қайыршыға осы соңғы гүлді сыйлап, өз жөніне кете барады. Қайыршы өзі өз болғалы мұндай іске жолығып көрмепті. Ол үш ұйықтаса да армандағыдай ару қыздың өзіне гүл сыйлайтынын ойлап көрмепті. Бұл күні қайыршы үшін күн батыстан шыққандай болады. Қайыршы өмірінде бірде-бір рет өзін аялап, сүйіп көрмепті, басқалардың да аялауы мен сүюіне қол жеткіземін деп үміттенбесе керек, бүгінгі жағдай оған қатты әсер етеді.

Гүлді ала салысымен қала маңындағы өзінің лашығына тартады. Үйіне келген соң сынық құмыра тауып, оған су толтырып, гүлді оған салып қояды. Ол үн-түнсіз гүлге қарап отырады. Кенет орыннан атып тұрып, әлгі құмыраны жуып, тазалап, мөп-мөлдір су құйып гүлді қайта салады. Ол іштей: «Мұндай әдемі гүл қалайша кір-кір құмырада тұрады екен, мен оны жуып-тазалап қойдым» деп масаттанады.

Қайыршы әсем гүлге тағы құмарта қарап отырады. Ол ақырын қозғалып келіп, гүл құмырасы тұрған үстелді қолымен сипап қарап еді, шаң-тозаңнан көрінбей қалыпты. Әсем гүлдің тұруына бұл үстел лайық емес деп ойлаған ол үстелді де жуып, айнадай етіп қояды.

Гүлге құмарта қараған сайын таза үстел мен нарттай қызыл роза сағымы ойнап тұрған мөлдір құмыра мен суға мына былыққан лашық мүлдем сай келмейтін сияқты болып көрінді. Ол бар пейілімен өзінің жылдар бойы тұрып келе жатқан күркесін жинастырып, сүртіп, тазалап әбігерге түсті. Кенет ол өзінің үнемі үңірейіп тұратын бөлмесіне жылылық толып, жайлы өмірді өзіне тым жақын сезінді. Ол бөлменің дәл ортасында тұрып бұрыштағы сынық айнадан өзінің кейпін көрді. Қызыл шұғыла төгіп тұрғандай болып көрінген роза гүліне, таза үстелге, мұнтаздай үйде тұрып ол өзін мүлде қораш келбетте көрді. Шашы өскен, киімінің алба-жұлбасы шыққан. Ол бүгінгі бар тапқан-таянғанын алып жуынуға кетті. Өмірінде дәл бүгінгідей рахаттанып көрмеген шығар. Жұқа болса да таза киім сатып алды, сақал-мұртын қырды, шашын тарап ретке келтірді. Әлеуметтік моншаның есігінен шығып бара жатып қабырғадағы айнадан мүлде басқа адамды, жастық оты жалындаған келбетті жігітті көрді. «Мен не үшін қайыршы болып өмір сүруім керек?» деп сұрады өзінен. Бұл оның қайыршы болғаннан бері қарайғы өзіне тұңғыш рет осылайша сұрақ қоюы еді. Жігіттің рухы әп-сәтте сергіп шыға келді. Ол үйіне келіп мұндағы барлық дүниеге соншалықты риза пейілмен сүйсіне қарады. Екінші күннен бастап басқа жұмыс іздеуге кірісті. Жолы болғыш екен, жайлы жұмысты да тапты. Күндер зулап, айлар аунап жатты. Бірнеше жылдан кейін ол табысқа жеткен адамға айналды. Үлкен компания құрып, қалталылар қатарына қосылды.

Бұл оқиға мені адам жас күнінде өз ішкі әлміндегі түнекке тұншығып, өмірінің көркем көкжиегін көруден мақұрым қалмауы керек деген ойға жетелді. Пенде баласы өзіне тиеселі роза гүлін тапқанша теңіздегі бағдарсыз малтыққан дәрменсіз сушыға ұқсайтын сияқтанады.

Өзіңізге кішкентай өзгеріс жасаңыз, сіз өзгерсеңіз, сіздің әлеміңіз де өзгереді. Егер сіз осы роза гүлін тапқан болсаңыз, оны басқаларға беруді де естен шығармаңыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі