400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг жоспары "Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы уәждеме мен ынталандыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын тұрғысынан оқыту туралы түсініктерін кеңейту,СТО дамытуға бағытталған стратегияларының пәнге деген уәждеме мен ынталандыруға деген тиімділігі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

коучинг-сессия

«Парасат» мектеп-лйцейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Искакова С.Қ.

Тақырыбы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы уәждеме мен ынталандыру

Жалпы мақсаты

Сын тұрғысынан оқыту туралы түсініктерін кеңейту,СТО дамытуға бағытталған стратегияларының пәнге деген уәждеме мен ынталандыруға деген тиімділігі.

Оқу нәтижелері

Мұғалімдер:

-сын тұрғысынан ойлау стратегияларын білу;

-сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын Блум токсаномиясы бойынша иерархиялық модельін білу

-оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретуде сабаққа тиімді стратегияларды таңдай білу

-өз жұмыстарында кері байланыс жасағанда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану.


Түйінді идеялар:

-Сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік;

-СТО стратегияларындағы уәждеме мен ынталандыру туралы тәжірибе алмасу;

-СТО дамытуға бағытталған стратегиялар пәндер жүйесінде тиімділігі.

-Әріптестерімен тәжірибе алмаса алуы;



Кезеңдері

және жауапты мұғалім

Мазмұны

уақыты

Искакова С.Қ. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру


«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.



2 мин

Топқа бөлу


Тыңдаушылар кәмпит түрлерімен топтарға бөлінеді,өз топтарын таныстырады

2мин

ЖShape1 асырылған суретті табуда, ой-пікір айтуда белсенділік көрсету. Коуч ұсынған «көпіршелерді» тиімді пайдалану арқылы ойды шоғырландыру және жинақтау

БІЛУ

Сен білесің бе?»







Бұл кім не деп ойлайсыздар?

Қай саланың маманы?

Сүйікті ісі (хоббиі) не деп ойлайсыздар?



5 мин


Тақырыпты ашу

PowerPoint презентациясы


-Осы әдіс арқылы мұғалім оқушыларды қызықтыра алды ма? Оқушылар сабаққа ынталанды ма? Бұл әдіс қай технологияға жатады? Ендеше біз бүгін

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы уәждеме мен ынталандыру» тақырыбы төңірегінде жұмыс жасаймыз

5 мин

Блум таксономиясы

1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңіне қолданылатын иерархиялық моделі.

Таксо - өлшем, номия – заңдылық

Білімді өлшеу туралы заңдылықShape2



2 мин

Искакова С.Қ.

«Ойлаудың алты қалпағы»


Тыңдаушыларды 6 топқа бөліп, отырғызу.

Эдвард де Бононың «6 ойлау қалпағы» әдісімен таныстыру.

Талқыланатын тақырып: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы уәждеме мен ынталандыру»

«6 ойлау қалпақ» стратегиясының мазмұнымен таныстыру.

Таңдап алынған тақырып бойынша 6 қалпақты пайдаланып талқыға салып, «пісіру».

10 мин

Искакова С.Қ.

Рефлексия

«Тазалық»













Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Тақтада қағазға мыналар салынған:
Чемодан(суреті) қоқыс шелегі (суреті) еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)



3 минут

Гүлдермен тілек

PowerPoint презентациясы арқылы мұғалімдерге жаңа оқу жылына тілектер айту


1 мин





































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі