жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коучинг жоспары, «Топта рөлдік ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» коучинг сессиясының жоспары
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Р. Сман
«Топта рөлдік ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» коучинг сессиясының жоспары
Күні: 05.11.2015ж сағаты: 10.00-де мұғалім: Қойшыбай А. |
|
||
Модуль атауы |
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету |
||
Коучинг тaқыpыбы: |
Топта рөлдік ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру |
|
|
Жaлпы мaқсaт: |
Топтағы рөлдік ойынның тиімділігін, « Ақылдың алты қалпағының» тарихын, идеясын түсіндіру, топтық жұмыс жүргізудің дағдыларын, формативті бағалауды қалыптастыру. |
|
|
Оқу нәтижесі: |
«Ақылдың алты қалпағының» тарихымен танысады, идеясын түсінеді, критерий арқылы бағалаудың стратегиясын қолданады.Топтық жұмыс жүргізу әдістемесін меңгереді. Рөлдік ойынның маңыздылығын түсінеді. |
|
|
Негізгі идеялap: |
«Ақылдың алты қалпағы», топтық жұмыс, рөлдік ойын, формативті бағалау, сын түрғысынан ойлау, диалог. |
|
|
Сaбaқтa қолдaнылaтын құрал-жабдықтар |
Үлестірмелі материалдар, постер, түpлі-түсті стикеpлеp, мapкеpлеp.Интерактивті тақта. |
|
|
Оқыту әдістеpі: |
Жaңa әдістеp Миға шабуыл, диагностикалық сұрақ,топпен рөлдік жұмыс, |
|
|
Деpек көздеpі: |
Әдістемелік нұсқaу Мұғaлімдеpге apнaлғaн нұсқaулық |
|
|
Тaпсыpмaлap: |
Топтық тaлдaу, сaлыстыpу,рөлдік ойын,сергіту сәті, бағалау. |
|
|
Сaбaқ бойыншa коуч пен мұғaлімдеpдің іс-әpекеті
Қодaнылaтын әдіс-тәсілдеp |
Коучтың-әpекеті |
Мұғaлімдеpдің іс-әpекеті |
Уақыт |
Психологиялық ахуал қалыптастыру |
Қатысушы әріптестерге бір минут ішінде 20 сөз жаздырту және 2 минут ішінде осы 20 сөзді түгел қамтып, сөйлем құрау. |
20 сөз жазады. Жазған сөздерін қатыстырып сөйлем құрайды. |
5 минут |
Топқа бөлу |
Мұғалімдерді ортаға шақырып, алма мен гулдің суреттері арқылы топқа бөлу. |
Мұғалімдер ортаға шығады, жасарылған гүлді таңдап алып топтасады. |
3 минут |
Ой қозғау
|
Ортаға мұғалімдерді шақырып, оларға алты түрлі қалпақты кигізу. |
Мұғалімдер берілген қалпақтарды киеді. |
2 минут |
Бағыттаушы сұрақтар |
Екі топқа сұрақтар қояды: 1. Мен қазір сіздерге не кигіздім? 2. Олардың түсі қандай? 3. Бұл қалпақтардың сыры неде деп ойлайсыз? |
Мұғалімдер сұрақтарға жауап береді. |
5минут |
Топ ішінде талдау жұмысы 1- тапсырма |
Топтарға «Ақылдың алты қалпағының» тарихы туралы ресурс таратып, екі топқа ортақ тапсырма береді. Топты аралап кеңес береді. Топ мүшелерінің жұмысын бақылап, қолдау жүргізеді. |
«Ақылдың алты қалпағының» тарихын сахналап шығады. |
10 минут |
Сергіту жаттығуы |
Әр мұғалімге ақ қағаз таратып беру. Оған өзін мазалап жүрген үш проблеманы жазады. Жазылған ақ қағазды бүктеп – бүктеп, мыжып «Бұл проблема менде жоқ» деп қоқыс салғышқа лақтырады. |
Әр мұғалім ақ қағазға проблемасын жазып, сыртқа лақтырады. |
5 минут |
2-ші тапсырма |
1-топ: «Мектепте ҰБТ нәтижесі неге төмен?» Әдіс- бірлестік кеңесі 2-топ «Ата- аналардың мектеп өмірімен араласуының белсенділігі неге төмен?» Сынып жетекшілер бірлестігі. Тапсырмаларды түсіндіріп береді. |
Екі топ та өздеріне берілген тапсырмалар төңірегінде көрініс көрсетеді. |
15 минут |
Жасаған жұмыстарын бағалау |
Топтарға өзара жасаған жұмыстарын бағалату. Берген бағаларын критерий арқылы бағалату. Кеткен қателіктерін түсіну. |
Топтар өзара жасаған жұмыстарын бағалайды. Жасалып берілген критерийлер бойынша бағалату, берген бағаларының дұрыстығын түсіну. |
5 минут |
Коучингті қорытындылау. Pефлексия.
|
Топтасқан гүлдеріне кері байланыс жасайды, құмыраға гүлдерді жинайды.
|
Әр топ берілген гүлдерге кері байланыс жазады, құмыраға гул шоғырын жинайды. |
3 минут |
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Р. Сман
«Диалогтік оқытудың тиімділігі» коучинг сессиясының жоспары
Күні: 19.02.2016ж сағаты: 12.00-де мұғалім: Қойшыбай А. |
||
Модуль атауы |
Диалогтік оқыту |
|
Коучинг тaқыpыбы: |
Диалогтік оқытудың тиімділігі |
|
Жaлпы мaқсaт: |
,,Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді ,, яғни «диалогтік оқыту» тәсілін маңыздау, түсіндіру. Әңгіменің түрлерін ерекшелеу. |
|
Оқу нәтижесі: |
Мұғалімдер диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастырады, қолдану арқылы білім алады,топпен жұмысты дамытады ,әңгіме түрлерін қолданады. |
|
Негізгі идеялap: |
Рөлге ену, жұпта әңгімелесу, топта пікірлесу |
|
Сaбaқтa қолдaнылaтын құрал-жабдықтар |
Дайындаған таратылымдар, диалогті көрсететін ролик, А4 парақшасы, маркерлер, интерактивті тақта. |
|
Оқыту әдістеpі: |
Ой қозғау, ,бағыттаушы сұрақтар, сергіту жаттығуы, рефлексия. |
|
Деpек көздеpі: |
Әдістемелік нұсқaу Мұғaлімдеpге apнaлғaн нұсқaулық |
|
Тaпсыpмaлap: |
мәтінмен жұмыс, әңгіме түріне жұмыс |
|
Сaбaқ бойыншa коуч пен мұғaлімдеpдің іс-әpекеті
Қодaнылaтын әдіс-тәсілдеp |
Коучтың-әpекеті |
Мұғaлімдеpдің іс-әpекеті |
Уақыт |
Психологиялық ахуал қалыптастыру, таныстық орнату |
Қатысушы әріптестер есімдерін айтып, өз есімдерінің бас әрпіне байланысты сын есім айтады. |
Атын айтып, есімдерінің бас әрпіне байланысты сын есім айтады. |
3 минут |
Ой қозғау
|
Бейне жазба көрсету |
Бейне жазбаны көреді |
3 минут |
Бағыттаушы сұрақтар |
Топтарға сұрақтар қояды:
|
Мұғалімдер сұрақтарға жауап береді. |
5минут |
Презентация |
Сұрақтардың түрлерімен әңгіменің түріне слайд көрсету |
Қатысушы әріптестер көреді, тыңдайды. |
3 минут |
Топтастыру |
Қаламсаптың түсімен топтастыру |
Берілген қаламсаптың түсімен топтасады. |
2 минут |
1-ші тапсырма мәтінмен жұмыс |
Қатысушы әріптестер берілген мәтінді оқиды. |
Өз ойларын айтады |
10 минут |
Сергіту жаттығуы |
Қобдишадағы белгісіз суретке мінездеме айтады. |
Қобдишадағы белгісіз суретті табады. |
5 минут |
2-ші тапсырма әңгіме түрлеріне |
1-топ: «Мектепте ҰБТ нәтижесі неге төмен?» Әдіс- бірлестік кеңесі 2-топ «Ата- аналардың мектеп өмірімен араласуының белсенділігі неге төмен?» Сынып жетекшілер бірлестігі. 3- топ «Диалогті сабақ» Мұғалімнің оқушылармен байланысы Тапсырмаларды түсіндіріп береді. |
Үш топта өздеріне берілген тапсырмалар төңірегінде көрініс көрсетеді. |
15 минут |
Жасаған жұмыстарын бағалау |
Топтарға өзара жасаған жұмыстарын бағалату. Берген бағаларын критерий арқылы бағалату. Кеткен қателіктерін түсіну. |
Топтар өзара жасаған жұмыстарын бағалайды. Жасалып берілген критерийлер бойынша бағалату, берген бағаларының дұрыстығын түсіну. |
5 минут |
Коучингті қорытындылау. Pефлексия.
|
«Алақан» арқылы кері байланыс орнату.
|
Берілген қағазға кері байланыс жасайды. |
3 минут |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген