400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

коучинг жоспары"Бірге ойлаймыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
7 модуль кіріктірілген коучинг-сессия
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Ә.Қадым


Тақырыбы

«Бірге ойлаймыз» коучинг-сабақ

Мақсаты

Мектеп мұғалімдерімен бірге оқытудың 7 модуліне шолу.

Күтілетін нәтиже

Әріптестер 7 модуль туралы түсінеді, өз ойларын ортаға салады.

Күні

25.10.2013

Уақыты

15.30

Ресурс

МАН ІІІ (базалық) деңгей, ғаламтор мәліметтері.


Коучинг-сабақтың жүру барысы:

І қадам.

Мұғалімдермен жылы шыраймен амандасу (музыка жүріп тұрады).

Құрметті әріптестер, бүгінгі коучинг-сабақты ұйымдастырудағы негізгі мақсат сіздерге осы курстың мақсатын саралап, шолу жасау.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп, қазіргі білім беру жүйесіне үлкен талап қойып отыр. Мектеп мұғалімдеріне арналған 3 айлық курсты ұйымдастырудағы мақсат – қазіргі заман талабына сай, құзырлы, өз ойын ашық айта алатын, өзіндік үні бар, өз бетімен білім ала алатын, өзінің және өзгенің білімін бағалай алатын жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін біз өзіміздің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі білім беру жүйемізге сүйене отырып, Ұлыбританияның Кембридж университетімен тығыз байланысқа түстік, яғни бүгінгі коучингте қолданылатын стратегиялар атағы әлемге әйгілі Кембридж университеті сәтті деп таныған әдіс-тәсілдер.

9 қыркүйек. «Өрлеу» Ұлттық білім беру институтының қабырғасы. Бұл жерге облысымыздың әр түкпірінен келген мұғалімдердің барлығы түрлі ойдың жетегімен келді. Бірі мектеп әкімшілігінің итермелеуімен, бірі осы курсты оқып шығу түбі керек болар-ау деген оймен, ал бірі осы оқытылатын курсты өзінің оқуға, оқытуға деген көзқарасын түбегейлі өзгерту үшін келген. Ал мен? Мен не үшін бардым. Мені бұл курсқа баруға итермелеген күш – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын, бүгінде көзі жәудіреп, мұғалімінен жаңаша, заман талабына сай оқытудың түрін күтіп отырған оқушыға деген махаббатым, оның болашағына деген алаңдаушылығым. Тағы бір айта кететін себеп – жаңашылдыққа деген құмарлығым. Осы курстан мен не үйрендім.

Курс мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты жеті модульден тұрады:

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  • Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану;

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Бұл модульдің әр қайсысына тоқталып, ұзақ әңгімелеуге болады. Бірақ бұл коучингті ұйымдастырудағы мақсатымыз – сіздерді, құрметті әріптестер, курс мазмұнынан хабардар ету және сіздерді бұл үрдіске қатыстыра отырып, тиімділігі жөнінде пікірлеріңізді білу.

ІІ қадам

Топқа бөлу.

Махаббат туралы ән

Достық туралы ән

Ана туралы ән


І топ БАС

ІІ топ ҚОЛ

ІІІ топ ЖҮРЕК

Топтарға мұндау атау беру тегіннен-тегін емес. Шульман атты неміс ғалымы «Мұғалімнің үш көмекшісі» деп дәл осы үш қасиетті атап өтеді.

Бас дегені – мұғалімге ең маңызды оның теориялық білімі.

Қол дегені – мұғалімнің ерен еңбегі, ізденгіштігі, жасампаздығы.

Жүрек дегені – мұғалімнің балаға, өзінің мамандығына деген шексіз махаббаты.

Енді үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

1-топ. Мінсіз мектеп қандай болуы тиіс.

2-топ. Мінсіз оқушыға тән қасиеттер.

3-топ. Мінсіз мұғалімге тән қасиеттер.

Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Әр топтан бір мұғалім шығып, өзінің постерін қорғайды. Әр мұғалімге қошемет көрсету сұралады.


ІІІ қадам. Осы жұмыс түрін сіздерге жасату арқылы, құрметті әріптестер, оқушыларды бірлесіп жұмыстандырудың маңызы туралы айтқым келді. Оқушылардың топқа бөлінуі кездейсоқтық. Бұл әдіс бойынша мұғалім сен жақсы оқисың сен анда бар, сен нашар оқисың мында бар деген сөздерді айтып, баланың үнжырғасын түсірмейді. Топқа кездейсоқтықпен түскеніне оқушының көзі жетеді. Оқушылар дәл сіздер сияқты топта отырса өз-өзіне сенімді болады, бірінің білмегенін бірі түсіндіреді, бір-бірін үйретеді, ең бастысы өздерінің қатысуымен жасалған ережені бұзбайды. Ендеше бұл курстың бірінші модулінде айтылған болатын.

ІV қадам. Мұғалімдерден гүлдің суретін салу сұралады. Әрқайсысына А4 қағазын таратамын. Салып болған соң өз гүлдеріне қандай баға қоятынын сұраймын. Кейін мұғалімдердің назарын тақтадағы бағалау өлшемдеріне аударамын.

Гүлдің суреті қағазды түгел алып тұр.

Гүлді салуға 5 түс пайдаланылды.

Гүлдің 5-тен аса бөлшегі салынды.

3 ұпай

3 ұпай

4 ұпай

Гүлдің суреті қағаздың жартысына салынған.

Гүлді салуға 3-4 түс пайдаланылды.

Гүлдің 3-4 бөлшегі салынды.

2 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Гүл қағаздың шетіне салынған.

Гүлді салуға 1-2 түс пайдаланылды.

Гүлдің 1-2 бөлшегі салынды.

1 ұпай

1 ұпай

2 ұпай


Бағалау өлшемі бойынша тағы да гүлдің суретін салуларын сұраймын. Екі суретті салыстырамын. Бағалау өлшемі бойынша салынған суретті бағалатамын. Осы жерде бағалау өлшемінің маңыздылығы туралы әңгімелеймін. Егер оқушының алдында бағалау өлшемдері тұратын болса, оқушы анау төмендегі деңгейді емес, жоғарыдағы деңгейге жетуге тырысады. Бұл мәселе екінші модульде қарастырылған болатын.

ІV қадам. Мұғалімдердің назарын видеоға аудару. Тыныштықта қарап, өз алдына видео мазмұнына байланысты ой түйіп отырған мұғалімдерге 3 сұрақ ойлатамын. Әр топтан бір мұғалім оқиды. Оны өзге топ бағалайды.

Бұл сұрақтарды мен жай құратып отырғаным жоқ, құрметті әріптестер. Сұрақ бұл оқушының білім алуына әсер ететін ең маңызды құрал. Сұрақты ашық сұрақ және жабық сұрақ деп шартты түрде екі топқа бөлеміз. Жабық сұрақ тек ережені сұраумен, есептің шешеуін айтумен, «иа» немесе «жоқ» деген жауаппен қанағаттандырылады. Ал ашық сұрақтардың жайы мүлдем басқа. Ашық сұрақтар оқушыға өз ойын айтуға, болжамдарын ұсынуға, салыстыруға, ой түюге мүмкіндік беруі тиіс. Біз, мұғалімдер,1 сабақтың ішінде оқушыға 200-ден астам сұрақ қояды екенбіз. Ол сұрақтардың 80 пайызы жабық сұрақтар, ал 20 пайызы ашық сұрақтар. Ал бұл курстың мақсаты жоғары деңгейлі сұрақтар дайындап, оқушыларды сыни ойлауға жетелеу.

Торренс тесті. Бұл Торренс тесті деп аталады. Осы іспетті тесттер арқылы сіз сыныбыңыздағы немесе сабақ беретін сыныптарыңыздағы талантты және дарынды оқушыларды анықтап зерттей аласыз. Сіздерге ұсынылып отырған тест оқушыны зерттеудегі әдістердің ішіндегі қарапайым ғана элементі. Сіз бұдан да басқа әдіс тәсілдер арқылы жұмыстар жасай аласыз. Мұндай әдістер сіздің жұмысыңызды жақсартады әрі тиімді.

Көшбасшылық.

Тапсырма
Барлық мұғалім көшбасшы бола ала ма?
(Дау-дамай.)

Тапсырма ауызша орындалады.

  • 1 нұсқа: «ия » не “жоқ “ дегендер 2 топқа бөлініп,топта талқылап, бір тұжырымға келеді.

  • 2 нұсқа: Сөйлем «ия » не “жоқ “деген сөзбен басталып, топтың әр мүшесінің себебі.... деген бір сөйлемімен қорытындыланады.

V қадам. Мұғалімдерге орындықтарын алып шеңбер құруларын өтінемін. Оларға жылы шырай танытып, осы коучингке келгендері үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі жас маман, ертеңгі күннің мінсіз мұғалімі екенін айтамын. Назарларын тақтаға аударып, сөйлесудің тақырыбымен таныстырамын. Ал, уақыт кетті. «Мен мұғаліммін, себебі....».

Сергіту сәті. Жеміс-жидек

VІ қадам. Орындарына орналасқан мұғалімдерге партаның шетінде жабыстырылған стикерге бүгінгі коучинг туралы ойларын жазуды өтінемін. 2 минуттан соң мұғалімдерге жақындап «Мен саған, сен маған» стратегиясын іске асырамын. Қолымдағы құмырадан мұғалімдерге жақсы тілек жазылған парақша алғызамын, өзім олардың стикерлерін екінші қорапқа жинаймын.

Құрметті коучингке қатысушы әріптестерім, уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бұл курс мазмұны жөнінде әлі де ұзақ әңгімелеуге болады,ал менің айтар ойым – бұл курс менің мамандығыма, мамандығымның маңыздылығына деген көзқарасымды түпкілікті өзгертті.

Сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз, пікірлеріңізді ортаға салуға болады.































Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебі












«Бірге ойлаймыз»

Коучинг-сессия








Тренер: Г.Қ.Калидуллина

Коуч: Л.Б.Мұхамбетқалиева




















2013-2014 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
595
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі