Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Коучинг "Кері байланыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тренерлеріне мұғалімдермен сабақ өту үшін көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Калменов М

Коучинг

Күні

31.01.2017 Тәлімгер: Абжанова Гульжан

Сабақтың тақырыбы

Оқыту сапасын арттыруда кері байланыстың тиімділігі.

Мақсаты

Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушылардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.

Коучингте қолданылатын модульдер

Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, диалог,оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту үшін және оқуды бағалау.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Ақыл тас», проблемалы сұрақтар, топтық жұмыс, «SWOT» талдау, «Болжау».

Сабақтың барысы:

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің

іс-әрекеті


2 мин

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі:Топ ережесін құру.


Топ ережесін құрады.

А3 парағы,маркер.

Мұғалімдер ішкі және сыртқы шеңберге бір-біріне теріс қарап тұрып,қандай жақсы іс атқарғандары туралы айтады.

Коучинг сабаққа табыс критерилерін қояды.

Слайд

Мұғалімдер тақтадағы стикерлерге жазылған атаулар бойынша топқа бөлінеді.

Стикерлер

АShape1 шық сұрақтар арқылы мұғалімдер өз тәжірибесіне рефлексия жасайды.

Сұрақтар және аңыз көмегімен тақырып ашылады. Топ ішінде тамаша пікір ұнаса бір-бірін формативті бағалап отырады.

Видеопроектор

Ғаламтор,слайдтар

смайликтер,үш түсті шеңберлер.

Әрбір топ берілген сұрақтарды топпен талқылайды. Олар өздерінің ойларын ортаға салады. Өз іс-тәжірибелеріне SWOT талдау жасайды.

Бағалап отырады.

Таратпа қағаздардағы сұрақтар,кесте түсірілген А3 парақтары,смайликтер,

үш түсті шеңберлер

Мұғалімдердің бірнешеуі ойынға қатысуға шығады.Ойын ережелерін бұзбай ойынға қатысады.

Ашық сұрақтар

Парақты екіге бөліп,бір шетіне ашық сұрақтар,бір шетіне жабық сұрақтар жазып шығады.

А3 парақтары,маркерлер.



Мұғалімдер топпен бірлесіп тапсырмаларды орындайды.

А4 парақтары,сызғыштар,

қаламдар.

Мұғалімдер коуч тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді.Топтар бір-бірін бағдаршам түстері бойынша бағалайды.

Бағдаршам түстері,смайликтер.

Стикерлерге коучинг үдерісі бойынша өз ойларын жазып жапсырады.

Кері байланыс үшін арналған плакат.

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Тренинг: «Сырлы сезім».Мұғалімдерден ішкі және сыртқы шеңбер құрып,бір-біріне теріс қарап тұрып,қандай жақсы іс атқарғандығы туралы айту сұралады.Табыс критерилерін қою сұралады.

7мин

Топқа бөлу.Шульманның үш көмекшісі атауларымен топқа бөліну. Топтарға сабақ барысында топ ішінде ,топтар бір-бірін смайликтер,бағдаршам түстері,бас бармақ әдістерімен бағалап отыру сұралады.

10 мин

ОShape4 Shape3 Shape2 й қозғау. «Ақыл тас» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.

-Өз жұмысына берілген,зиялы адамдардың тобы әлемді өзгерте ала ма?

-Бізге өзгеру керек пе?

-Өз тәжірибеңізде нені өзгертер едіңіз?

- Сізге не кедергі болып жүр?

-Оқушы бойында қандай қасиеттердің болғаны сіз үшін маңызды?

-Сын тұрғысынан ойлау неге соншалықты маңызды?

-Қандай адамдар сын тұрғысынан ойлау кезінде тығырыққа тіреледі?

-Оқушыға білікті сыни ойшыл болуға мүмкіндікті қалай туғызуға болады?

- Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?

- Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты) мақсаты не?

- Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?

- Қандай әдіс - тәсілдері бар?

- «Бағдаршам» түстері арқылы кері байланыс берсеңіздер.

Қызығушылығын ояту. Мұғалімдерге «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беру.
«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.

Аңыз арқылы тақырыпты ашуға нұсқау беріледі




20 мин

Негізгі бөлім.

1-тапсырма.

SWOT талдау туралы түсінік беру арқылы әр топқа жеке тапсырма беріледі.

1 топ: Күнделікті сабағыңызды қалай жоспарлайсыз?

2 топ: Жаңа сабақты түсіндіруде қандай әдістерді қолданасыз?

3 топ:Оқушылардың барлығы түсіне ма? Оны қалай анықтайсыз?

4 топ: Сабақ барысында кім басты назарда болады? Кім көп сөйлейді?

Кері байланыс: «Күн және бұлттар» әдісі

7 мин

Сергіту сәті : «Затқа айналу» ойыны.

Мұғалімдерден көз алдарына кез келген затты елестетулері сұралады. Жан-жақтарыңа қараңдар. Көзіңе алғашқы түскен затты таңда. Ол үстел, орындық, шам, есік, кітап, сөмке болуы мүмкін. Ол зат бұл бөлмеде жоқ та шығар. Олай болса – сол затты таңда. Сендер сол затқа айналуларың қажет. Іштей дайындалу үшін отыз секунд уақыт беремін... Ал енді, шеңбер бойынша кімнің қандай затқа айналғанын вербалдық емес түрде көрсетеміз.

Кері байланыс.


12 мин



Ашық сұрақтар жайлы мәлімет ұсынылады.

«Екі жақты күнделік» әдісі бойынша әр топқа ашық және жабық сұрақтар құрастыру сұралады.


10 мин

Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтарын талқылау.
- Оқушылардан топтық кері байланыс алуға да болады екен. Осы сұрақтарды оқып талқылап көрейік.
- Топтық кері байланыс қай кезде тиімді екенін «Алақан» әдісі арқылы берсеңіздер.
Топтық кері байланыс сұрақтары:
1. Жұмыс барысында топтағы қарым - қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
- жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті
- жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды
- біздің қарым - қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым - қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті.
2. Топтағы қарым - қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?
- ақпарат алмасуда
- өзара қарым-қатынаста
- өзара түсіністікте
- осы дәрежелердің бәрінде іске асты.

3. Топ мүшелері тапсырма орындау барысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарды сезінді?
- ақпараттың аздығы, жетіспеушілігі
- коммуникативтік құралдың тапшылығы (сөз байлығының төмен болуы, ойды дұрыс жеткізе алмау)
- тілдік, сөйлесу қарым - қатынасындағы қиыншылық
4. Жұмыс барысында қарым - қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
- бір адамға бағытталған стиль
- тапсырманы орындауға бағытталған стиль
5. Тапсырма орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
- топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым - қатынас сақталды
- топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды.
6. топтағы сол жағдайдың болуына кім немесе не әсер етті?
- топтағы бір адамның өзін көшбасшылыққа итермелеуі
- топ мүшелерінің көбісінің ортақ қарым - қатынас орнатқысы келмеуі, немқұрайлылығы
- бірігіп істеуге берілген тапсырманы түсінбеу.
- берілген тапсырманың қызықсыз, қиын болуы


12 мин

«Қара жәшік» ішіндегі жұмысты жетелеуші сұрақтар арқылы ашады.

- Баға не үшін қажет?Оқуды бағалау дегенде нені түсінесіз?

-Оқушылардың оқу барысында қандай кедергілерге тап болатынын қалай анықтайсыз?

-Нені бағалаймыз? Қандай білімді бағалаймыз?

-Біздің бағалар келешекке үлес қосуға бағытталған ба?




5 мин

Сабақ соңындағы кері байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12