Материалдар / коучинг: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» ұстаздарға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

коучинг: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» ұстаздарға

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға жағымды психологиялық ахуал қалыптас- тырудың жолдарын үйрету. Кәсіби құлшынысын арттыру, білім сапасын арттыруда оқушымен қарым-қатынасының белсенді стилін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2021
577
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні....................2020ж.

                                           Мунатова Гульаим Аманкосовна

Коучинг сабағының жоспары

Тақырыбы:

«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»

Жалпы мақсаты:

 

Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Мұғалімдер  үшін оқу нәтижелері:

 

- қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекет жүргізуге  ұйымдасқан адамдар тобы құрылады.

-Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеріледі, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріне сыйластық қарым-қатынаста болуға бейімделеді.

(Рефлекция)

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

ұстаздарға жағымды психологиялық ахуал қалыптас- тырудың жолдарын үйрету. Кәсіби құлшынысын арттыру, білім сапасын арттыруда оқушымен қарым-қатынасының белсенді стилін дамыту.

Тапсырмалар:

 

 

 

Тренинг . Сәлемдесу
 

1. Әдістеме: «Менің мінезім»
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.    

«Біріккен команда» ойыны   

Топқа бөлу   қатысушылар 3 топқа бөлінеді 

Топтағы қағида:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
7. Өзін еркін ұстауға үйрену
;

 Қызығушылықты ояту. Бейнеролик қарау

Қатысушыларға    «ХХІ ҒАСЫР МҰҒАЛІМІ НЕЛІКТЕН ӨЗГЕРУІ КЕРЕК?»   

Практикалық жұмыс:  постерде  бейнелеу

 1- топ   . «Бүгінгі мұғалім қандай болуы керек?»  Мұғалімнің кәсіби шеберлігін зерделеу   мақсатындағы іс-шара.        

2-топ. «Ұстаздың құндылықтары мен міндеттері туралы сұхбат»  телебағдарлама түрінде. Рөлдік ойындар

3-топ«Көңілі көтеріңкі ұстаз туралы...»

Релаксация «Күн шуақты алаңқай» (баяу музыка үнімен)
Орындыққа жайғасып, ыңғайлы отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, үш рет терең демалыңыздар. Өздеріңізді күн шуақты алаңқайда жүрмін деп елестетіңіздер. Күннің шуағы сіздердің өн бойларыңызды жылытып, жүректеріңізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айналаңыз жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Олардың жұпарын кеудеңізді кере дем алып, бойыңызға сіңіріңіз. Айналаңызда құстардың әсем сайраған дауыстары естіледі, гүлден гүлге қонған көбелектерді көруге болады. Көбелектер сіздердің қуанышқа толы көңіл-күйлеріңізді гүлден гүлге хабарлап жүргендей. Сіздердің қуаныштарыңызды, өмірге деген талпыныстарыңызды сезген гүлдер, одан әрі жайқалып, сіздермен өз жұпарларын бөлісуде. Алаңқайдағы сан алуан гүлден әркім өзіне ұнаған, ең әдемі гүлдеріңізді таңдаңыздар. Ол гүлдің түрін, жұпар иісін (есте сақтап), жүрегіңіздің жанында сақтаңыздар. Ал енді тізеден тобыққа дейін баяу созылып, көздеріңізді ашыңыздар.

Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезінесіңдер?
Көңіл-күйлеріңізқалай?
Рефлексия.
Тренингке қатысушылармен кері байланыс жүргізу мақсатында «Мен нені үйрендім?» деген аяқталмаған сөздер бланкісі беріледі:
Мен … үйрендім
Маған ұнады …
Мен … туралы білдім
Мені … таңғалдырды
Маған ең маңыздысы … болды.
Маған ұнамады …

Педагогтар шеңберде тұрып өз ойларымен бөліседі.
Психолог: — Белсенділіктеріңіз үшін барлықтарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 Бағалау.  «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша  топтар бір- бірінің жұмысы туралы пікір

Дереккөздер:

  Үлестірме материалдар.  Слайдтар. 




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!