23.10.2016
|
|
|
Тақырыбы:
|
Көшбасшылық
|
Жалпы
мақсат:
|
Көшбасшылық
туралы түсінік беру, іс-тәжірибесіне
енгізуге ықпал жасау;
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге
арналған нұсқаулық. 17 – 23 бет
Үлестірмелі
нұсқаулық
|
Оқу
нәтижесі
|
Инновациялық
стратегиялармен және әдістермен
танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа
көзқарастарды түсінуі; Жаңа әдісті
тәжірибесінде пайдалануға қадам
жасауы.
|
Түйінді
идеялар:
|
Әлемнің
қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге
қойылатын жаңа талаптар жөніндегі
түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді
табысты жұмыс істеуге дайындау;
Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері
негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын
арттыру және алған білімдерін болашақта
қолдана алуына бағыттау.
|
Қолданылатын
материалдар:
|
А - 4
парақтары,стикер, интерактивті
тақта,флипчарт,
маркер, қалам, критериалды бағалау
парақтары.
|
Оқыту
әдістері:
|
ОүБ
және оқуды бағалау
АКТ
Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету
|
1.
Диалог
2.
Жеке жұмыс
4.
Топтық жұмыс
|
Дерек
көздері:
|
Әдеби
материалдар, газет-журналдар, портал
материалдары
|
Тапсырмалар:
|
Макет
жасау, стикер арқылы формативті
бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі
бағалау; топтық тапсырма және қорғау,
рефлексия
|
Оқуға
арналған тапсырма:
|
Мұғалімге
арналған нұсқаулық.109-114беттер
|
І.Мұғалімдерге
психологиялық ахуал туғызу
|
Коучтың
іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің
іс-әрекеті
|
(5
мин)
|
Сергіту
сәтін ұйымдастыру
«Жұдырық»
ойыны
Тренинг
аяқталған соң сұрақтар қойылады.
|
Көршілер
бірі–біріне қарама-қарсы отырып,
біреу жұдырық түйіп, екіншісі жұдырықты
ашуы керек. Жұдырық түйген кісі
жұдырығын аштырмау керек. Ал екінші
кісі ашуға тырысады. Ал, енді осыны
қарама-қарсы қайталау керек.
|
(3
мин)
|
«Базарлық»
ойыны арқылы шағын топтарға бөлу.
|
Әр
мұғалім ұнаған заттардан бір – бір
зат тан алып топқа бөлініп, отырады.
|
(3
мин)
|
“Көшбасшы”
сөзін қалай ассоциациалауға болады?
|
Топтық
жұмыс.
Табылған
ассоциацияларды пайдаланып, «көшбасшы»
ұғымына анықтама беріңіз
|
(25
мин)
|
«Таныстыру»
ойыны
Жаттығу
қорытындысын талқылау.
Қалай
ойлайсыз өзіңнің кім екеніңізді
түсініп алмай басқаларды тиімді
басқаруға бола ма?
Тапсырма
орындау барысында өзіңіз қандай адам
екеніңізді жақсырақ білдім деп
ойлайсыз ба? Өз таныстыруыңызды толық
және түсінікті етіп жасай алдыңыз
ба?
Не
оңайырақ болды – жетістіктер жайлы
жазу ма әлде кемшіліктерді жазу ма?
Әріптестеріңіздің
арасында өзіңізге ұқсайтын кісі
табылды ма? Сізге мүлдем ұқсамайтын
әріптестер бар ма?
Кімнің
коллажы сізге ерекше ұнады және
неліктен?
Осы
жұмыс түрі көшбасшылық қабілеттердің
дамуына қалай әсер ете алады?
|
Әр
қатысушы А4 парағына жеке басына
қатысты коллаж жасайды.
Коллаж
мазмұнында әркім өзінің жақсы жақтарын,
жетістіктерін және қуаныш әкеле
қоймайтын қасиеттерін бейнелейді.
Кеудеге ілінеді.
Екінші
А4 парағына неге ұмтылатынын, нені
армандайтынын, неге қол жеткізгісі
келетінін бейнелейді.
Арқаға
ілінеді.
Коллаж
жасалып болған соң қатысушалыр бөлменің
ішінде еркін қозғалып бір-бірінің
таныстыруымен танысады, әңгімелеседі,
сұрақтар қояды. (ақырын музыка ойнап
тұрады)
|
(10
мин)
|
Видео
көрсету
Көшбасшы
деп осыны айт
Көшбасшы
құлшынысы.
|
Пікір
алмасу.
|
(25
мин)
|
Топтық
жұмыс.
Проблемалық
жағдай
|
Қойылым
(рольдік ойын)
Жағдай:
президенттер сайлауына сіздердің
тобыңыздың бір өкілі қатысады, оған
сайлау бағдарламасын құрастырып
интервью алу керексіздер
1
топ - іскер көшбасшы.
2
топ - эмоционалды көшбасшы.
3
топ – «тиран» көшбасшы.
4
топ – «құмартушы» көшбасшы.
5
топ – «көсем» көшбасшы
|
(7
мин)
|
Постер
қорғауға тапсырма береді.
|
Топтарда
постер құрастыру
1-топ. Мұғалім
- оқушылар ұжымындағы көшбасшы
2-топ.
Мұғалім – мұғалім ұжымындағы көшбасшы
|
(5
мин)
|
Социометрия
1.Шығармашылық
тапсырма берілгенде кіммен бір топта
болуды қалайсыз?
|
Қима
қағаздар беріледі. Әрбір қатысушы өзі
таңдаған әріптестің атын жазады.
Жазылған аттарды қарап, топ ішінде
көшбасшыны анықтау.
|
|
Көшбасшылық
туралы ойды қорытындылау
|
Көшбасшылық
арқылы өз тәжірибемізді қалай жетілдіре
аламыз?
|
Кері
байланыс
(5
мин)
|
1 сурет
5 сөз
Сауалнама
толтыру
|
Рефлексия
жасайды
|