|
Тақырыбы:
|
«Мұғалімнің шеберлігін
арттыру жолдары»
|
|
Мақсаты:
|
Қазіргі заманғы мұғалімнің шеберлігін арттыру
жолдарымен таныса отырып жұмыс жасау,
заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу,
жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты -
барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп,
жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу
|
|
Күтілетін
нәтижелер:
|
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге,
оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп,
оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді.
|
|
Кімге
жүргізіледі:
|
мұғалімдер
|
|
Құрал-жабдықтар:
|
Таныстырылым,
АКТ ,
бейнеролик, маркер, стикер, қағаз,
плакат.
|
|
Коучинг
кезеңдері
|
Коучтың
іс-әрекеті
|
|
І. Мұғалімдерге жағымды
ахуал
қалыптастыру
Мақсаты: жағымды атмосфера
қалыптастыру, тыңдаушылардың жұмысқа деген қызығушылығын ояту,
көтеріңкі көңілмен кірісуін қамтамасыз
ету.
|
Ұйымдастыру: (музыка ойнап
тұрады.) Қатысушы мұғалімдерге күн
суретін сыйлайды. Сурет арқылы топтарға
бөлу. 1.Жаттығу : «Біз күн
сыйлаймыз»
Таратпа қағаздарға қатысушы
есімін жазады. Сурет айналасына қыстырады.
2.Бейнеролик көрсету
«Мұғалім»
|
|
Зейінді шоғырландыруға
арналған жаттығу.
|
Жаттығу: Суреттерді,
сөздерді топтарға тарату, постерге қорғау. Тақтада сұрақтар
жазылады:
-
Кім?
-
Қандай?
-
Қайда жіне
қашан?
-
Неге?
Бағалау
критерийлері:
-
Сурет тақырыпқа сәйкес
табылған.
-
Сұрақтарға нақты жауап
берілген.
-
Көркемдеуі.
|
|
Коучингтің тақырыбын
ашу.
|
Сұрақтардың артында жаңа
тақырып жазылған.
«Мұғалімнің шеберлігін
арттыру жолдары»
Мектептің жаны – мұғалім.
Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді
болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай
болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика,
методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін
мұғалім.
Ахмет
Байтұрсынов
Ал ондай мұғалім болу үшін көп
іздену, оқу, курстарға барып білім алу жіне оны пайдалана білу,
шығармашылықпен жұмыс жасау қажет. Қорыта айтқанда шеберлігін
арттыру қажет.
|
|
«Миға
шабуыл»
|
Жеке тапсырма
беріледі:
«Мұғалім мамандығын неге
таңдадыңыз?» сұраққа жауап
беру.
Стикерлерге жазып, тақтаға
орналастыру.
|
|
Топтық
жұмыс
|
Қатысушы мұғалімдерге
суреттер, мәліметтер таратылады. Топта талқылап, постер қорғау
.
Постер
тақырыбы:
«Мұғалімнің шеберлігін арттыру
жолдары»
Бағалау
критерийлері:
-
Тақырыпты
ашу.
-
Өз ойларын ашық жеткізе
білу.
-
Қортынды жасай
білу.
|
|
Сергіту
сәті
|
Мұғалімдермен
жаттығу жасау.
Ойын «Пальма, піл,
қолтырауын»
3 адамнан бөлініп тұрып, коуч
айтқан сөзді іс-қимылмен көрсету
қажет.
|
|
Презентациямен
таныстыру
|
Презентация «Мұғалім
екеніңіздің 13
белгісі»
Бүгінгі айтылған құнды
пікірлерден ой түйіп, негізгі ұғымдар мен түсініктерді саралау
мақсатында тақтаға назар аударуларыңызды
сұраймыз.
|
|
Психологиялық
тренинг
«Мен жақсы
мұғаліммін!»
|
Фигура таратып
беру:
Квадрат – бұл фигураны
таңдаған мұғалім төзімді, шыдамды. Мақсатқа біртіндеп жетеді,
жеткенше тоқтамайды. Олар сапалы білім
берушілер.
Үшбұрыш – бұл фигураны
таңдаған мұғалім атаққұмар, екі көзқарасты жандар. Олар өте күшті
тұлға, қауіпті
басекелес.
Дөңгелек – өте мейірімді,
елгезек, өздерін бақытты сезінеді, егерде өзінде де, басқада да
бәрі жақсы болса. Олар ешкіммен сөз таластырмайды, келісіммен
шешуге тырысады.
|
|
Рефлексия. Кері
байланыс
|
Жазбаша кері байланыс жасау
үшін стикерлер таратылады және күн айналасына
орналастырады.
Коучингке қатысушыларға рахмет
айтып, жұмыстарына шығармашылық табыстар
тілейді.
|