400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг Нәтижелі оқытуға бағытталған жеті модуль.

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалңмдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

1

Коучинг тақырыбы: Нәтижелі оқытуға бағытталған жеті модуль.

Мақсаты: Мұғалімдерді ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру

курстарының бағдарламасымен таныстыру. Оқыту мен оқу

тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу.

Күтілетін нәтиже:

  • Мұғалімдер Кембридж тәсілінің теориялық негіздерімен танысады.

  • Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет? деген сұраққа өз мүмкіндігіне қарай жауап береді.

  • І деңгей бағдарламасының міндетін біліп, мақсатын айқындайды.



І. Сергіту сәті

ІІ. Мұғалімдер 3 топқа бөлініп отырады. Олардың әрқайсысына жеке-жеке «Өзгеріс», «Әлем», «Білім» деген сөздер таратылып беріледі «Өзгеріс» - 1 топқа, «Әлем» 2 топқа , «Білім» 3 топқа орналасады. Әр топ өзеріне берілген сөздің мағынасын ашып, тереңірек қорғап қорғап шығады.

ІІІ. Содан соң интерактивті тақтадан мынадай сұрақтарға жауаптар алынады.

  1. Оқушының білім сапасын көтеруде сіз өз әдіс-тәсілдеріңізге көңіліңіз тола ма?

  2. Өзгеріс не үшін қажет деп ойлайсыз?

  3. Әдіс-тәсілдеріңіздің сіз үшін тиімді , тиімсіз тұстары болды ма?

  4. Өзіңізді осы заманға сай мұғаліммін деп есептейсіз бе?

(Осы сұрақтар бойынша жұп болып, топ болып талқылап, әр топтан бір –бір мұғалім өз ойын ортаға салады.

ІV. Мұғалімдерге білім сапасын жоғары көтеру үшін қандай нәрселер кедергі келтіреді? Осы жайында өз ойларыңды схемамен немесе сурет салып көрсетіңіздер деп, әр топқа бір-бір плакат пен маркерлер таратылып беріледі. Олар үлгермейтін оқушының білім сапасын көтеру үшін алда тұрған кедергілерді өз көзқарасы мен танымы бойынша тізіп шығады. Өз ойларын ашық айтып, дәлелдейді. Керек жерінде ЖАДА әдісін қолданады.

Коучер: Осы кедергілерді жою үшін не істеуіміз керек? Топ мүшелері өз ойларын ашық айта бастайды.

  • Бірлесіп жұмыс істеуіміз керек

  • Белгілі бір шешімге келуіміз керек т.б.

V. Сауалнама.

  1. Сіз шын мәнінде үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеуге құлшына кірісесіз бе?

  2. Оқушылар оқытуда нәтижеге жету үшін сіз өз әдіс-тәсіліңізді өзгертер ме едіңіз?

  3. Ол үшін қандай кедергілер кездесуі мүмкін?

  4. Ол кедергілерді қалай жеңуге болады?

  5. Сіз алаңсыз дұрыс жұмыс істеуіңіз үшін қандай ресурстарды қажет деп есептейсіз?

  • «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау»

Коучер: Біздің бүгінгі тақырыбымыз – «Нәтижелі оқытуға бағытталған жеті модуль» деп аталады. Келесі коучингте «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» деген тақырыпта ой қозғайтын боламыз.

Хош. сау болыңыздар. Келесі кездескенше.



























Коучинг №1

Тақырыбы:


Нәтижелі оқытуға бағытталған жеті модуль

Ресурстар

Мақсаты:

ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасымен таныстыру. Оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу


Нұсқаулық

І,ІІ,ІІІ деңгей

Күтілетін нәтиже:

  • Мұғалім кембридж тәсілінің теориялық негіздерімен танысады.

  • Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет? – деген сұрақтардың жауабын өз мүмкіншілігіне қарай түсінеді.

  • І деңгей бағдарламаның міндетін біліп, мақсатын айқындайды


ІІ,ІІІ деңгей мұғалімдері,

фокус топтар

Сергіту сәті:

А.Жеменей «Қызыл өрік» әнімен


Топ мүшелері

Негізгі идеялар:

Мектеп пен сыныптарда өзгеріс енгізуді басқару және жетекшілік ету



Кіріспе:

Топқа бөлу «Өзгеріс», «Әлем», «Білім» тобы. Топтың ережесін шығарып, оның атын қорғау


Маркер, постер, стикер

Негізгі бөлім:

Тапсырмалар:

І. Оқушылардың білім сапасын қалай көтеруге болады?

ІІ. Оқытудағы кездесетін кедергілер

ІІІ. Оларды қалай жоюға болады?

Маркер, постер, стикер,

коучер, мұғалімдер

Қорытынды бөлім:

IV. Кері байланыс орнату

Сауалнама алу, келесі коучингтің тақырыбын белгілеу

Коучер, мұғалімдер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.10.2018
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі