400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Ойлану туралы ойлау" мұғалімдерге

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі көшбасшы мұғалім курсын аяқтаған соң мектеп ұжымына өткізуге болатын сын тұрғысынан ойлау тақырыбына арналған коучинг сабақ жоспары. Мұғалімдерге сыни ойлауға көмектесетін әдіс-тәсілдер қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг тақырыбы:

«Ойлау туралы ойлану» Сыни тұрғыдан ойлаудың ақыл-ойдың дамуына әсері қандай?

Коучинг мақсаты:

Сын тұрғысынан ойлау құралдарымен танысады, стратегияларды қолдануды үйренеді, ойлау қабілеттері артады.

Коучингтің нәтижесі

  • Өз бетімен ойланып, пікір алмасады.

  • Берілген сұрақтарға нақты дәлелді жауаптар айтады.

  • Ауызша және жазбаша сөздік қоры дамиды.


Коучинг өткізу әдістері

Кеңес беру, жұптық, топтық және бірлескен жұмыс, түрткі сұрақтарды пайдалану


Ұсынылған ресурстар

Интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, стикер (әртүрлі қағаздар), тапсырмаларға арналған қағаздар, видеоролик.



Коучинг барысы

Смагулова Марал Ельтаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Астана қаласы № 80 мектеп-гимназия



Уақыты

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ресурстар

5 минут

Сәлемдесу

Ширату жаттығуларын жасау

Қолайлы орта қалыптастырады

АКТ

5 минут

Топқа бөлу




Шапалақ әдісі бойынша топқа бөлінеді



5 минут

Миға шабуыл

«Фишбоун» әдісі

Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау.

Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.

АКТ

10 минут

Негізгі бөлім

Еркін әңгіме әдісі «Латын әліпбиі туралы ой» эссе жаздыру

Эссе жазады, бірін-бірі бағалайды

А4 парағы

3 минут

Сергіту сәті

«Көңілді күн»

Музыка ырғағына сай қимыл-қозғалыс жасау

АКТ

5 минут

«Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың ерекшеліктері»

Кестемен жұмыс

слайд

«ДЖИГСО» әдісімен кестені толтырады

A4 парағы, желім, қайшы

5 минут

«Өрмекші» әдісі

  1. Бағалау үдерісі туралы не білесіз?

  2. Өз тәжірибеңізде қалай жүзеге асырып жүрсіз?

Топтық жұмыс жасайды.

Топ болып ақылдасып жауап береді

Конверт

5 минут

Дамытушы сұрақтар қою

Қатысушыларға өз ісіне жауапкершілігн арттыру және өздерінің оқуын жақсарту үшін қалай көмектесуге болады?

Сұрақтарға жауап береді

АКТ

5 минут

Рефлексия

«Бес саусақ»

«Бас бармақ» - не ұнады?

«Балаң үйрек» - жаңа не білдім?

«Ортаң терек» - не жөнінде ойландыңыз?

«Шылдыр шүмек» - өз қоржыныма не аламын?

«Кішкентай бөбек» - не білгім келеді?


АКТ, А4 парағы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1435
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі