15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Коучинг: Оқу үрдісіндегі кері байланыстың ықпалы.
Тақырыбы: |
Оқу үрдісіндегі кері байланыстың ықпалы. |
|
Жалпы мақсат: |
Мұғалімдерге
сабақтағы кері байланыс жайлы, оның
түрлері, әдістері жайлы мәліметтер
алуға жағдай жасау. |
|
Сілтеме: |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 105-бет Үлестірмелі нұсқаулық |
|
Оқу нәтижесі |
Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі. |
|
Түйінді идеялар: |
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, бағалау парақтары. |
|
Оқыту әдістері: |
АКТ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету |
1. Диалог 2. Жеке жұмыс 4. Топтық жұмыс |
|
|
|
Дерек көздері: |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық ұғалімге арналған нұсқаулық |
|
Тапсырмалар: |
«Кері байланыс ұйымдастыру» топтық жұмыс, өзін-өзі және өзара бағалау, топтық жұмыс және қорғау, рефлексия жасау. |
|
|
||
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Тапсырмалар |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу (3 минут)
|
«Комплименттердің бұрқасыны» (бір сөйлем) тренингін ұйымдастыру. Шарға тілектер жазады. (тұтас сөйлем жазу) |
Коучинг сессияға қатысушы мұғалімдер орындарында отырып, шарға комплименттер жазады, шарларды басқаларға лақтырады. Тілектерді оқиды. |
|
|
|
Топқа бөліну (1 минут) |
Шар түстері арқылы топқа бөлу. (қызылдар, көктер, жасылдар) |
Шар түстерін таңдау арқылы үш топқа бөлініп отырады.
|
«Миға шабуыл» (7 минут) (жеке, жұптық, топтық жұмыс)
|
Бастапқы
кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық
жағдайға кері байланыс.Әріптестерімнің
коучингке эмоциялық тұрғыдан
қаншалықты
дайындығын байқау.
|
Мұғалімдер
сабақ басында және аяғында қалаған
карточкасын көрсетеді. (қызыл, көк)
Бірлескен талдау. |
Қызығушылықты ояту (2 минут) |
«Данышпан
мен адам» Ертеде бір данышпан өмір
сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір
адам оны көре алмапты. Елдің көзінше
оның да бірдеңені білмейтінін
дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар
отырған жерде әлгі адам алақанына бір
көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан
«- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы
қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп
сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе
- мыжып жіберемін, ал егер өлі десе -
онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады.
Данышпан болса, сәл ойланып тұрып
«бәрі сенің қолыңда» депті. |
Мұғалімдер тыңдайды. |
Шағын дәріс (5 минут)
|
Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері туралы қысқаша мәлімет беру. (слайд бойынша) |
Мұғалімдер түртіп алады. |
Сергіту сәті (2 минут) |
Қимыл-қозғалыс жасап билеу. |
Тақтадан көрсетілген «Көңілді күн» биіне билейді. |
|
|
|
|
||
Топтық жұмыс (8 минут) |
Мұғалімдерге сабақ панорамасы бейнежазба көрсетіледі. Осы сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер? |
Топ
ішінде ой бөлісіп
осы сабаққа кері байланысты қалай
жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ
алдында қорғайды. |
Сұрақ-жауап (3 минут) |
Мұғалімдерден
алынатын топтық кері байланыс сұрақтарын
талқылау. |
|
|
|
|
Қорытынды кезең Рефлексия (3 минут) |
Сабақ
соңындағы кері - байланыс. «Тазалық»
ойыны түрінде алу. Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) |
Қатысушы мұғалімдердің қандай ой түйді, сабаққа қалай қолданамыз пікір алмасу. |
Бағалау (1 минут) |
2 жұлдыз, 1 тілек әдісімен бағалау |
Әр топ бір-бірін бағалайды.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген