400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Оқудағы кедергілерді анықтау"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материалда мектепішілік курс өткізу барысында өткізген коучингтің жоспарын ұсынып отырмын. Мектеп тренерлары әріптестеріме көмек болар деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



7-күн

1-2 сабақтар

Тақырыбы:

1-сабақ: Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.

2-сабақ: Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.

Мақсаты:

Мұғалімдер оқуда туындауы мүмкін барлық кедергілерге талдау жасайды және оларды шешу жолдарын ұсынады.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде кедергілерді азайтудың әдістерін әзірлейді.

Түйінді идеялар:

Сынып жағдайында оқытудағы кедергілерді білу.

Оқушыларды оқытудың тиімділігін қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.

Оқушылардың оң көзқарастары мен оң күйі оқу үдерісінің сапасына белгілі бір жағдайда әсер етеді.

Сабақ барысы:

Кезеңдері:

Тренердің әрекеті

Тыңдаушылардың әрекеті

Ресурстар

1-сабақ

11.30-11.35






11.35-11.50

















11.50-12.00




12.00-12.20













12.10-12.35


  1. Топқа бөліну. «Ортақ қасиеттер» әдісі бойынша. «Гүлдер» тобы, «Машиналар» тобы, «Ұялы телефондар» тобы.


2. Ой қозғауға арналған имитациялық ойын.

«Саябақтағы орындық». Мұнда қатысушылардың біреуі саябақтағы орындыққа отырады. Басқа топ мүшелерінің міндеті: орындықта отырған адамды орнын босатып беруге көндіру. Орындықта отырған адам өзін жайлы сезінеді, оған қолайлы жағдай тумайынша орнын босатып беруге асықпайды. «Көндірушілер» өз мақсатына жету үшін әртүрлі рөлдерді қолдана алады. Мысалы, полиция, мүгедек адам, аула сыпырушы, т.б.


3. «Шағын лекция» әдісі.

Мотивация (уәж) тудыру немесе қызығушылықты ояту.

4. «Қарлы кесек» стратегиясы.

Тыңдаушыларға оқуда кездесетін кедергілердің біреуін ғана жазу ұсынылады. Қағаздарын бүктеп, бір-біріне лақтырады, сосын әрқайсысы бір қағаздан таңдап алады. Қағазда жазылған кедергінің түріне қарап, бұрыштарға ілінген нұсқау бойынша топтасады. Әр топ өздеріне берілген кедергінің түрімен ауызша таныстырады.


5. «Қос жазба күнделік» әдісі. Топ мүшелеріне кедергілердің түрлері бойынша постер жасау ұсынылады.

Тыңдаушылар таңдап алған қағазда қандай зат жазылғанына байланысты топтасады.



Тыңдаушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша тапсырманы орындайды.















Тыңдаушылар мұқият тыңдайды, қажет жерін түртіп алып отырады.


Тыңдаушылар өздеріне берілген тапсырмаларды нұсқау бойынша орындайды.










Топ мүшелері плакатқа бір жағына қажетті сөздерді, екінші жағына оларға мысалдармен түсініктеме беруге негізделген постер жасайды.

Қағаз қиындылары






















Слайд




Қағаз қиындылары












Постер, қажетті құралдар

12.35-12.45

«Бірлескен топтық жұмыс» әдісі.

Мұнда «Оқушыларға оқудағы кедергілерді жеңуге қалай көмектесу керектігі мәселелері бойынша мұғалімдерге кеңес беру стратегиясы» ресурсы бойынша постердің үшінші бөлігіне кедергілерді жою үшін қолданылатын стратегиялар туралы жазады.

Топ мүшелері ресурс бойынша берілген тапсырманы орындайды.

Ресурс

12.45-13.00

«Галереяны шарлау» әдісі.

Топ мүшелері өздерінің жұмыстарын қабырғаға іледі. Басқа топ мүшелері аралап көріп жүріп, өздерінің пікірлерін стикерге жазып іледі.

Тыңдаушылар нұсқау бойынша орындайды.

Стикерлер

13.00-13.30

Үзіліс.



2-сабақ

13.30-13.40

«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы.

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.

Тыңдаушылар нұсқау бойынша әрекеттер жасайды.


13.40-13.55

«АҚШ-та жүргізілген профессор Двэктің зерттеуі» бойынша топ ішінде талдау жүргізу.

Сұрақтар қою арқылы ресурсты талдау:

Тыңдаушылар берілген ресурс бойынша оқып, танысып, өз ойларын ортаға салады.

Слайд

13.55-14.05

Ой сергіту жаттығуы «Айна».

Бұл ойын өзін-өзі бағалаудың тиімді тәсілі. Онда тыңдаушылар айнадан өздерінің бейнесін көру арқылы өзінің бір қасиетін білдіреді.


Слайд, үлестірме материалдар

14.05-14.20

«Өзін-өзі реттеу моделінің үлгісі» ресурсын пайдаланып, оқушылардың өз бойында қандай қасиеттері дамитынына талдау жасату.


Слайд,

сызба

14.20-14.30

Бейнежазба «Креативтілікті қалай қалыптастыруға болады?»


Бейнежазба

14.30-14.50

«Тәжірибені өзгерту» таныстырылымы.

Таныстырылымды көрсету арқылы өз тәжірибелеріне өзгерісті қалай енгізуге болатынын, жолдарын талдау.

Тыңдаушылар мұқият тыңдайды, өз пікірлерін ортаға салады.

Таныстырылым

14.50-15.00

Рефлексия «Рефлексиялық нысана» әдісімен.

Тыңдаушыларға парақшалар таратылады. Әрбір нысанаға байланысты өз ойларын жазып беруі сұралады.

Өз ойларын сөйлемді толықтыру арқылы білдіреді.

Үлестірмелер


Үйге тапсырма беру.

Үлестірме материалдардың ішіндегі 110-114 беттердегі материалдарды оқып, өз тәжірибелерінде қолданып көру.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
973
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі