400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Оқушыларды оқыту кезінде қойылатын сұрақтар қандай?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг барысында мұғалімдер оқушыларды оқыту кезінде сұрақтарды қою әдістерін түсінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Оқушыларды оқыту кезінде қоятын сұрақтарымыз қандай?

Жалпы мақсат :

Коучинг барысында мұғалімдер оқушыларды оқыту кезінде сұрақтарды қою әдістерін түсінеді.

Сілтеме:

*Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

*Үлестірмелі нұсқаулық.

Оқу нәтижесі:

Сұрақтар түрлерімен танысу.

Оқыту кезіндегі сұрақтардың тиімділігін біледі.

Сұрақтарды саралауға үйренеді.

Түйінді идеялар:

Оқыту мен оқудағы сұрақ қоюдағы анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуі. Дұрыс сұрақ қоюға үйрету арқылы сабақты ұтымды өткізуге, қалыптастыруға бағыт беру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А-4 парақтары,стикер,интерактивті тақта, маркер,қалам,критериалды бағалау парақтары,аудио материал.

Дерек көздері:

АКТ, портал материалдары

Тапсырмалар:

1.Ұйымдастыру: Психологиялық көңіл күй ұйымдастыру. Паравоз әдісі. Т

2. топқа бөлу. «Ұлы тұлғалар бейнесі» арқылы.

3. Миға шабуыл әдісі. Сұраққа жауап табу.

4. Галереяға саяхат әдісі. Топтық жұмыс. Сұрақтар бойынша постер жасау.

5.Презентация. Сұрақ, сұрақ түрлері.

6. Топтық бағалау

7. Жұптық жұмыс. Суреттер не дейді?

8. Жұптық бағалау

9.Сергіту сәті

10. Кері байланыс. Аяқталмаған сөйлемдер.

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті

Жағымды атмосфералық орта орнату


Паравоз әдісін түсіндіру, жүргізу

Паравоз әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал жасайды.

Қатысушылардың суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінуіне ықпал ету

Шағын топқа бөлу «Ұлы тұлғалар бейнесін» қатысушыларға суреттерді таңдату, берілген суреттер арқылы топқа бөлу.


Қатысушылар суреттерді таңдайды, берілген суреттер арқылы топқа бөлінеді. Қағазға олардың аттарын жазып, бір-біріне жабыстырады.

- әншілер,

- актерлар


Миға шабуыл


4 сұрақ қойылады

1) Үйде бір қыз отыр. Егер қыз тұрып кеткен жағдайда, сіз оның орнына отыра алмайсыз. Қыз қай жерде отыр?

Ж: тізеде отыр. 

2) Кенгуру жолбарыстан неге қорықпайды?

Ж: себебі жолбарыс Австралияда өмір сүрмейді. 

3) Сөмкенің ішінде 5 алма бар. 5 бала алмаларды тең бөліп алды. Бірақ сөмкеде бір алма қалды.

Не үшін?

Ж: Біреу алманы сөмкесімен алды. 

4) Ең кішкентай доп спорт ойындарының қай түрінде кездеседі?

Ж: Үстел теннисі 

Сұрақтар алуан түрлі болатынын таныстырады.


Әр бір жеке топ сұрақтарға жауаптар жазады. Жауап парағын өткізеді.

Галереяға саяхат әдісі. Мұғалімдерді ойландыру үшін сұрақ қою.

1. Сұрақ деген не, қандай сұрақ түрлерін білесіздер?

2. Сабақта сұрақты не үшін қолданамыз?

Сұрақтарға жауап беруге байланысты, берілген тапсырманы орындау барысында постермен жұмыс жасату.

Әрбір топ өз топтарының ережесін құру тапсырмасын орындау барысында постер салады. Топ мүшесі постерді қорғайды.

Презентация

Сұрақ. Сұрақ түрлері бойынша нұсқау беру


Топтық бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Сандық-қолданамын.

Ет тартқыш-қайта қараймын.

Қоқыс шелек-қажет емесін алмаймын.


Берілген суреттерді ұнаған постерге жабыстыру керек.

Жұптық жұмыс.

Мәтінмен жұмыс. Бәрі сенің қолыңда. Сұрақтарды дұрыс қоюды бағыттайды.

Негіз болатын

Проблемалық

Жеке





Мәтін мазмұнына сұрақтар құрастырады.

Талдайды.

Бағалау

Бас бармақ әдісі арқылы бағалау

Талдау.

Сергіту сәті

«40 секунд ішінде» деген сергіту сәтін орындату

Тапсырма жазылған парақты алып, оқи отырып тапсырманы орындайды.

Қорытынды

Әр топтан бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы ортаға ой тастау болды. Сұрақтар, келесі коучинг тақырыбына бағыт- бағдар алу.


Кері байланыс

Кері байланыс. Аяқталмаған сөйлемдер.

Мен білдім...

Мен түсіндім....

Маған қызықты болды...

Маған қиын болды...

Топ мүшелері сөйлемдерді аяқтап жазады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.05.2018
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі