400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг: "Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда жиынтық бағалаудың ерекшеліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг сабағында бастауыш сынып оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда жиынтық бағалаудың ерекшеліктері туралы мұғалімдермен талдаулар жүргізілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары

Мектеп

«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жауаптылар

Хуанган А.

Коучинг сабағының тақырыбы

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бақылауда жиынтық бағалаудың ерекшеліктері

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауда жиынтық бағалаудың ерекшеліктерін жетік талдай отырып, бағалау жүйесінің тиімді жолын қолдану

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауда жиынтық бағалаудың ерекшеліктерін тиімді қолдану

Түйінді ой

XX ғасырдың мұғалімі ХХІ ғасырдың оқушыларын оқыту үшін ұстанымын өзгерту қажет!

Пайдаланған материалдар

Талдау сұрақтар, слайдтар, бейнероликтер

Пайдаланатын материалдар

постер және маркерлер,стикерлер, кері байланыс

Коучинг сабағының ұзақтығы 40 минут


Сабақтың кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыру

Коучердің кіріспе сөзі:


 «Менің жетістігім...» тренингі

Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт тәрбиелеу. Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз.

Коучинг тақырыбымен таныстырамын

Мұғалімдер өз жетістктері туралы ой бөліседі. Ортақ шешімге келуге , ой түюге бағытталады.

Тренингтен кейінгі сұрақтар

Сіз неге осы орынды көрсеттіңіз?

Сіз өзіңізді қаншалықты дәрежеде бағалайсыз?

Ендеше, табысты мұғалімнен білім алатын табысты , жетістігі мол оқушыларымыз көбейе берсін, дей отыра мұғалімнің үш көмекшісі арқылы топқа бөлінеміз

Ой шақыру

(10 минут)











ІІ. Негізгі бөлім


Әр ұстазға ақ қағаз беріледі. Бұл сіздің алдыңызға келген парақтай таза оқушы. Жетістікке жету үшін осы оқушының бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?

Ашық сұрақтар:

  1. Бағалау деген не?

  2. Қалыптастырушы бағалау туралы не білесіз?

  3. Жиынтық бағалау дегеніміз не?

*Сабақта бағалауды қолданудың маңызы;

*Қалыптастырушы мен жиынтық бағалауды сабақта қалай қолданасыз?

*Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жиынтық бағалау жүйесін тиімді қолдану жолдары;

- Сабақта жиі қолданатын бағалау түрлері:


1-топ. Оқушылардың жазған жазба жұмыстарын тексеріп, бағалайды;

2-топ. Оқушының мәтінді мазмұндау түрін бағалайды;

3-топ. Күнделікті дәптермен жұмысты тексеріп, бағалайды;

Өз ойларын айтады.





















Постер жасау

Алынған жұмыс түрлерін бағалаудан кейін, критерий құру арқылы қайта бағаланды

Сергіту  сәті


Мұғалімдер караокемен ән салады.

«Ұстазым менің» әні

Мұғалімдер ән салып, жақсы көңіл күй орнайды, демалады.

Топтық жұмыс

ТЖБ құрастыру

Топтарға тапсырмалар беріледі:

  «Мектептегі тәжірибе»

Қазақ тілі, математика, жаратылыстану пәндері бойынша ТЖБ тапсырмаларын құрастыру

І топ. Қазақ тілі

ІІ топ. Математика

ІІІ топ. Жаратылыстану

Мұғалімдер тапсырмаларын топпен бірлесіп, ойласып жасайды. Топ басшысы өздерінің жұмыстарын қорғайды.

Рефлексия











Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», — дейді грек оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Оқушы бізді осындай қалыпта көрсін!

Әр мұғалім бүгінгі өткен сабақ бойынша кері байланыс жасайды

Кері байланыс

«Қосу – азайту – Қызықты ұсыныс»

Не жаңалық болды? Нені түсінбеді? Өзінің ұсынысын жазады?
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26.11.2021
1763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі