400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Коучинг "Оқыту үшін бағалаудың тиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сенгирбаева Салтанат Бахтыбаевна

ОҚО, Шымкент қаласы

127 жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі



Оқыту үшін бағалаудың тиімділігі


Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.

Александер, 2001 айтуы бойынша бағалау-оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталған және де оқу сапасы туралы қорытынды үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау) . Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. / Мұғалімге арналған нұсқаулық, 55-бет/

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. 

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр, сонымен қатар сабақтың сапасын арттыру негізгі мәселеге айналды.

Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Өйткені кез келген істі жасған кезде оған критерийлер қойып, сол талаптар арқылы өзін-өзі бағалайды, «мен осы қойылған талаптарға сай жұмыс жасадым ба?, қандай дәрежеде орындадым?» – дегендей сұрақтарды өздеріне қойып, жақсы жетістікке жетуге, алға қарай ілгерілеуге қадамдар жасайды. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Яғни, бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз.

Кез-келген дәстүрлі сабақтардағы бағалау – оқушы өтілген тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтып береді немесе демонстрациялайды. Ал 21- ғасыр мектебіндегі бағалау мақсаты кең көлемді және әртүрлі болып келеді, нәтижесінде оқу сапасы артады.

Оқыту үшін бағалаудың тиімділігі деген тақырыпта коучинг өттім.

Мақсатым: Бағалау мақсатын қарастыру, оны оқу үдерісін, сабақ беру тәжірибесін жетілдіруде пайдалану жолдарын ұғыну; 
• ОүБ мен ОБ ерекшеліктерімен танысу;

«Он сөз»  әдісі бойынша сөздерден сөйлем құрастыру арқылы мұғалімдер коучингтің тақырыбын анықтады. Коучингте мұғалімдер біршама хабарлары бар екенін көрсетті.Үйренуге деген қызығушылықтары жоғары.

«Карусель» , «Екі жұлдыз бір тілек» әдіс тәсілдері арқылы топ бойынша практикалық тапсырмалар орындайды. Практикалық тапсырмалар орындау барысында бір – біріне кері байланыс беріп , бағалап отырды. Олардың тапсырманы орындап кері байланыс беру арқылы олар оқу үшін бағалаудың балалар үшін оқу үдерісінің қандай кезеңінде екені, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы мәліметке басты назар аударды. Осылайша оқу үшін бағалаудың бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеу керектігін негіздейді. Міне осыған сүйене отырып әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білді. Коучинг барысында қалыптастырушы бағалаудың тұжырымдамалық негізі ұсынылды. Бұл оқу мен оқу үдерісін түрлендіру мақсатында кері байланыс ретінде қолданды. Кері байланыс көбінесе уәж түрінде көрінеді.(МАН 69 бет)

Коучинг барысында мұғалімдер мына бес түйінді мәселені «Оқушыларға тиімді кері байланыс ұсыну», «Бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды түрлендіру», «оқу үшін бағалау оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады», «бағалаудың оқушылардың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына терең ықпал ететінін», «Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді» ұғынды. «Мен өз ойымды жеткізе алдым ба?», «Мен жаңа тақырыпты қандай деңгейді меңгердім?», «Қаншалықты белсенділік таныттым?» т.б. дағдылар Осының нәтижесінде бала жауапкершілікті сезінеді, өз білімін жетілдіру қажеттігін түсінеді, талдау жасауды, өз білімін басқалармен салыстыруды, білім алу барысында шешімдерді қабылдай білуді үйренеді, дағдыланады. Білімін жақсарту үшін бағалауды түсінеді. Оқушыларды бағаламас бұрын ол оқушы нені біледі, нені білмейтінін анықтап алу қажет. Көбінесе тапсырманы бере отырып, олардың іс-әрекетін, өзара әңгімелерін, пікірлерін, жауаптарын тыңдап, бақылап отырдым және де оқыту үшін бағалау қорытындысына сүйене отырып, баланы ары қарай дамытуды ойластырдым. Оларға білім алу үшін бағалауды үйренуі қажет екенін, ол өзінің білімін жақсартуына көмекші екеніне талдау жасалынды. Бұл ары қарай өзінің нәтижесін, білім деңгейін көтеру үшін не істеу қажеттігін түсінуіне мүмкіндік береді. Бұдан басқа қол шапалақтау немесе мадақтау арқылы да ауызша бағалау түрлерін немесе топтардың бірін- бірі бағалауы, стикерлер арқылы бағалау, саусақтар арқылы бағалау түрлерін де меңгерді.

Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Қорыта келгенде бағалау үдерісі оқушылардың өзін-өзі бағалауы арқылы оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім алуға көп көмегін тигізеді, яғни оқушылар өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсінеді. Үнемі қолдану барысында формативті бағалаудан мынадай нәтиже көре аламыз: оқушылар бірін-бірі шынайы бағалай алады, бір–біріне деген сыйластық пен сенімділік орнайды, өздерін еркін сезінетін болады, қателіктерін көре біледі және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп, өз бетінше жоюды үйренеді. Осының нәтижесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы артып, алған білімдерін өмірде еркін қолдана алатынына сенімім мол.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі