400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

коучинг "Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер - жас мамандар мектебінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары


Күні: 23.01.2019 жыл

Коуч: Искалиева зергул Ергалиевна

Тақырыбы:

«Оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер жас мамандар мектебінде»

Мақсаты:

Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Оларға әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Жаңа форматта жұмыс жасайтын мұғалімдердің әдіс – тәсілдеріне жарнама жасап , жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Күтілетін нәтиже:

Жас мамандар заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері туралы  мәліметтер алуға жағдай жасалады.
Жас мамандар  көңіл – күйіне, сабақтағы іс — әрекетке, өз-өзіне  рефлексия жасай білуге үйренеді.

Түйінді идея

Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолдана отырып, табысты оқытуға қол жеткізу.

Сілтеме

 Мұғалімге арналған нұсқаулық 49-55 бет, үлестірмелі материалдар

Ресурстар

Сабақта қолданылатын материалдар: А - 3, 4 парақтары, стикер, маркер, қалам, бағалау парақтары, бейнеролик

Коучинг барысы

Уақыты

Коучтың әрекеттері

Мұғалімдердің іс - әрекеті



5 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі. Коучингке қатысушылармен амандасу.

1.Топтау:  Суреттер арқылы топтау.

Суреттер арқылы 2 топ құрап отырады.

5минут




























  1. «Сатамын және сатып аламын» тренингі шартын түсіндіріледі.

Зейін шоғырландыру тапсырмасы

2. Миға шабуыл Суреттерді сөйлетіңіз.

(2 топқа суреттер таратылады. Сол бойынша суретте не көргенін айтады. )

А) Ұлты басқа болғанмен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұстаз оларға күннің сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді.

Ә) Ортасында қара нүктесі бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк болып келеді, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнесі, яғни берген тәрбиесі мен білімі қаншалықты дұрыс екенін, сол нәтижемен салыстыруға болады.

Б) Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда. Бірақ бір ояу кісі бар. Бұл - мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына жауапкершілікпен дайындалып отыр.

В) Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ.
«Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, өзімізден іздеу керек шығар….»

3.«Әдістер жәрмеңкесі»

«Оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді» қағазға көбірек жазу керек.

  1. 4. «Оқытудағы жаңа әдістер» бейнеролик көрсету.
    5. Слайдпен жұмыс:

«Оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалану» .

Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы, «Мен еріншектігімді сізге сатып, сіздің еңбекқорлы-ғыныңызды сатып аламын»


10 минут


6. Топтық жұмыс:«Жарнама агенттігі» ойыны
Мақсаты: ойынмен өзара әрекеттесу арқылы мұғалімдердің ұжымын нығайту.
««Оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді» 2 топ осы тақырыпта өз жұмыстарын қорғайды.

Жұмысты түрлі бағытта қорғау ұсынылады.

Мұғалімдер бір - бірімен ақылдасып, постер қорғайды.

Топ ішінде бірігіп жұмыс жасайды, диалогқа түседі, талқылайды.



5 минут


8.Рефлексия

  



Мұғалімдер пікірталасқа қатысады.

5 минут

9. Кері байланыс парағын толтыру. Бұл жерде әрбір тыңдаушы өтілген коучинг жұмысына, коучке кері байланыс жазады.



Кері байланыс парағын толтыру.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13.05.2019
825
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі