жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коучинг Өзін - өзі бағалау және өзара бағалау
Сабақ тақырыбы: |
“Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау әдістері” |
|
Мақсаты: |
Оқушыларды оқу үдерісін жақсартудағы өзін-өзі және өзара бағалаудың рөлін түсінеді. Әдіс-тәсілдерді қолдануды жоспарлай білетін болады. |
|
Оқу нәтижесі: |
Өзін-өзі және өзара бағалауда қалай бағалау керектігінің жолдарын үйренеді |
|
Негізгі идеялар: |
Оқыту үшін бағалау – оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдер қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі, оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интербелсенді тақта, бейнеролик, А4 парақтары, стикер, маркер,
|
|
Оқыту әдістері: |
өзін – өзі бағалау,бір-бірін,бағалау; постер жасау,қорғау; жеке, жұптық жұмыс, топтық жұмыс; |
|
Топқа бөлу 2 минут
Сәлемдесу. Қатысушыларға психологиялық ахуал жасау. (5мин)
«Гүл салу »әдісі арқылы 3 минут
Эмоционалды көңіл-күй рефлексиясы 5 мин
Кіріспе
«Видеоролик» (10минут)
Көбелектің суретін салу
«5 минут»
«Бейнеролик»көрсету
Топтар бір-бірін “Екі жұлдыз,бір тілек “арқылы бағалайды.
«Миға шабуыл»әдісі 3 минут
Қорытындылау Бейнежазба (3минут)
|
«Гүл таңдау» әдісі арқылы топқа бірігеді Әріптердің орналасу ретін пайдаланып топ атын шығару 1 топ Өзін - өзі бағалау 2-топ Өзара бағалау 1.Ынтымақтастық жағымды ортаны орнату. Өзіңіздің жаныңыздағы адамға бүгінгі күнге гүл ұсыну арқылы бүгінгі күнге сәттілік тілеп,бір-бірлеріңізге қуаныш сыйлағыңыз келеді, оны қалай жасар едіңіз? Іске сәт!
Топтың «Алтын ережесін» құру
Алдыларыңыздағы 3 суреттің біреуін таңдау арқылы қазіргі уақыттағы эмоционалдық көңіл-күйлеріңізге байланысыты таңдап алыңыздар. Күн -сіз жұмыс істеуге белсендісіз,белсенді жұмыс істеуге күш-жігеріңіз жеткілікті. Бұлт -сіз қазіргі уақытта сабырлылық танытып отырсыз.
Найзағай
-сіздің көңіл күйіңіз болмай, сабырсыздық
танытып отырсыз. . (Сіздер жаңа қандай
іс- әрекет жасадыңыздар?) Сабақтың
соңында осы суреттерді қайта таңдату.
Рефлексия жасау Сабақ алдындағы
сабаққа деген көңіл-күйін анықтайды
және сабақтан кейінгі көңіл-күйін
анықтайды. Өзара бағалау және өзін өзі бағалау сіздің өз жұмысыңыз және басқалардың жұмысы туралы пікір қалыптастыру дегенді білдіреді. Оқыту үшін бағалаудың бірнеше түрі бар: 1. Өзін-өзі бағалау; 2. Өзара бағалау: 3. Топтық бағалау; 4. Критериалды бағалау. «Опять двойка» (Осы видеороликке мұғалімдер өз пікірін білдіреді)
А) өз беттерімен көбелектің суретін салады (жеке жұмыс) Б) екі қатысушы бір-бірінің суретін бағалайды (жұптық жұмыс). - Сіз неге осылай бағаладыңыз? (мұғалімдердің қойған баға бойынша жауаптары). - Қандай қиыншылықтар кездесті: а) осы тапсырманы орындаған кезде? б) бір-біріңнің жұмыстарыңды бағалаған кезде? В) суретті критериялар арқылы бағалау: - Ал енді осы суреттерді мына бағалау критериялары арқылы бағалаңыздар
Критериалды бағалау: (10 ұпай – «5») (7-9 ұпай – «4») (4-6 ұпай – «3») (3 ұпай және одан төмен – «2») Көбелектің денесі 3 бөлшектен тұрады: басы – 1 ұпай кеудесі – 1 ұпай денесі – 1 ұпай 4 қанатының симметриялығы– 2 ұпай мұрты – 1 ұпай көздері – 1 ұпай бізтұмсығы – 1 ұпай 3 жұп аяғы – 1 ұпай Суреттің түп нұсқасы – 1ұпай
«Қызыл телпек»ертегісі 1 топ Өзін - өзі бағалау (Сахналық көрініс) 2-топ Өзара бағалау (Қызыл телпек ертегісіне постер құру)
1.Сіз сабағыңызда жалғыз өзіңіз бағалайсыз ба? 2.Сіздің сабағыңызда бағалау қалай жүргізіледі? 3. Оқушыны бағалаудың мақсаттары не? 4.Баға нәтижесінің сіздің іс-тәжірибеңіздің мазмұнын өзгертуге әсері қандай? 5. Сіз кері байланыс орнату мақсатында оқушыларға өз пікірін айтуға мүмкіндік бересіз бе? (Қысқа жауап) «Все в твоих руках»
Кері байланыс
|
Бір-біріне сәттілік тілейді
Сурет салады
Суретті таңдау арқылы коучингке деген көңіл күйлерін анықтайды
Түрлі-түсті қарандаштардан көбелектің суретін салады
Жеке жұмыс, жұптық жұмыс жасайды
Бірін-бірін бағалайды
Кретерий арқылы бағалау жүргізеді
|
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша
Абдураймова Шахиданың қысқа мерзімді коучинг - сессия жоспары (60 минут)
11.01.2016 |
2 апта |
5-күн |
|
Сабақ тақырыбы: |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
||
Жалпы мақсаты: |
Бағалау мақсатын және оны оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай қолдануға болатынын зерделеу. |
||
Сілтеме: |
Үлестірме материал төртінші, бесінші күн |
||
Оқу нәтижесі |
Балалардың табысты оқуы үшін пәнге деген қызығушылығын оятады, оқушылардың сенімділігін аттырады. Сапалы білім алуына жетелейді. Жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалануға қадам жасайды. |
||
Түйінді идеялар: |
|
||
Сабақта қолданылатын материалдар: |
А- 4 парақтары,стикер, интерактивтітақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары. |
||
Оқыту әдістері: |
ОүБ және оқуды бағалау АКТ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету |
1. Диалог 2. Жеке жұмыс 4. Топтық жұмыс |
|
Дерек көздері: |
Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары |
||
Тапсырмалар: |
Жапсырмалау арқылы бейнелеу, стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия |
||
Сабақ бойынша коуч пен әріптестердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу |
Коучтың іс-әрекеті |
Әріптесттің іс-әрекеті |
(3 мин) |
«Өрмекші ойыны» Мұғалімдер шеңбер жасап тұрады,оралған жіпті бір-біріне тілек айтып тұрып, лақтырады. Қағып алған адам дәл осындай жолмен келесі адамға лақтырады. Жіп алмаған адам қалмауы керек, шұбатылған жіпті артынша тағы лақтыра отырып, қайта орайды. Коуч бұл ойынның қандай мақсатқа негізделгенін айтады |
Мұғалімдер ортаға шеңбер жасап тұрып, жіпті бір-біріне лақтырады, тілек айтады. Болғаннан кейін жіпті қайта орайды. |
(3 мин)
|
1.Түсті стикер арқылы топқа бөлу 2.Топтың «Алтын ережесін» құру
|
Түсті стикерді таңдай отырып 2 топқа бөлінеді |
Ой шақыру (5 мин)
Мұғалімнің бағалаудағы рөлі, бағалау критериі туралы ұғымын кеңейту. (10 мин)
|
Ойлан - Жұптас - Бөліс стратегиясы Әр топқа ұялы телефондарын бағалауды сұраймын Критерий бойынша бағалау: 1.Телефон маркасы -1 балл 2.Функциясы көп – 1балл 3.Фотоға, камераға түсіру -1балл 4.Ғаламторға шығу-1балл 5.SMS, MMS жазу мүмкіндігі-1бал 6.Диктофон - 1балл 7.Радио тыңдау-1 балл 8.Сенсорлы-1балл |
Әр әріптес сыни тұрғыда ой қозғайды.
Әр топ ұялы телефондарын бағалауда критерий құрастырады.
|
Тапсырмалар Формативті бағалауды үйрету арқылы оқуға ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру. (10 мин)
|
«Мені түсін» оқыта үйрету ойыны. А) Берілген мәтінді оқып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөзді дәптерге жазады.Мұғалім даярлаған түйінді сөздермен салыстырады.
Ә)Берілген мәтінді бір - біріне түсіндіреді. «Бас бармақ» арқылы өзара бағалау.
|
Оқуды және ойлануды пайдалануға арналған өзін -өзі бағалау туралы кесте толтырады,топта жауаптарын талқылайды.
Мәтінді түсіндіру жұмысы бойынша өзара бағалайды. |
Топтық жұмыс (10 мин) |
Көбелектің суретін салу арқылы критериалды бағалауды түсіндіру бойынша тапсырма беру.Критерийлер коучингке қатысушылармен бірлесе жасалады. Бағалау критериі туралы түсінік қалыптастыру .
|
Көбелектің суретін салады. Әр топ бір -бірін бағалайды. |
Қорытындылау (5 мин)
|
«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» деген не? Сұрағы арқылы түсініктерін флипчартқа жазуды тапсыру |
Топта бірлесе отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша түсінгендерін флипчартқа жазады және қорғайды. |
Ақпарлама (5 мин) |
«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру. |
Таныстырылымды тыңдайды |
Рефлексия (3 мин )
|
Көңіл-күйлерін смайлик арқылы «Тілек ағашына» жапсыру
|
Көңіл-күйлеріне байланысты бейнеленген смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін жеткізу |
Кері байланыс «Алақан» тәсілі (6 мин) |
Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін ««Алақан» тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын. Бас бармақ Не ұнады? Балан үйрек Жаңа не білдім? Ортан терек Не жөнінде ойландыңыз? Шылдыр шүмек Өз қоржыныма не аламын? Кішкентай бөбек Не білгім келеді?
|
Бүгінгі коучинг- сессия бойынша ойын түйіндейді.
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген